Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» сейтпанов п. К., Каpтабаев а. Т., Алпысбаев а. А



Pdf көрінісі
бет122/240
Дата09.10.2022
өлшемі6,14 Mb.
#41994
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   240
Байланысты:
Металл кесу

 
Практикалық жұмыс 1. 
Дайындаманы токарлық станокта механикалық өңдеу кезінде майлау-
салқындату сұйықтығын қолдану.
Жұмыстың мақсаты: майлау-салқындату сұйықтығын дұрыс 
таңдауды және қолдануды үйрену. 
Жұмысты орындау тəртібі 
1. Токарлық винт-кескіш станоктың бір моделін таңдаңыз.
2. Станокты еексеріңіз, май құйғыштарды, пресс-май құйғыштарды, 
лубрикаторларды, т. б. тиісті майлармен толтырыңыз.
 
3. Дайындаманы станокқа «центрлер» көмегімен орнатыңыз. 
4. Дайындаманың сыртқы цилиндрлік бетін жонуға МСС таңдаңыз. 
5. МСС қолданбай дайындаманың сыртқы цилиндрлік бетін жону 
операциясын орындаңыз. 
6. Осы операцияны МСС қолданып орындаңыз. 
7. Өңделген беттердің күйін салыстырыңыз.
8. Орындалған жұмыс туралы қорытынды жасаңыз. 
Практикалық жұмыс 2.
Іске қосу-баптау жұмыстарын орындау кезінде металл кесетін 
станоктың элементтерін майлармен толтыру.
Жұмыстың мақсаты: Металл кескіш станоктың элементтерін 
майлармен толтыру бойынша тәжірибе жүзінде дағдылану. 
Жұмысты орындау тəртібі 
1. Токарлық винт-кескіш станоктың бір моделін таңдаңыз.
2. Станокты іске қосу-баптау жұмыстарына қатысыңыз.
 
3. Май түрлерін таңдауға және май құйғышты, пресс-май құйғышты, 
лубрикаторды, т.б. маймен толтыруға қатысыңыз.
4. Орындалған жұмыстар туралы қорытынды беру. 
Бақылау сұрақтары: 
 
1. Іске қосу-баптау жұмыстарын орындау кезінде металл кесетін 
станоктың қандай элементтері майлармен толтырылуы тиіс?
2. Техникалық диагностика мен техникалық диагнозды сипаттаңыз. 
3. Машина жасауда металл өңдеу үшін қолданылатын майлау-
салқындату сұйықтықтарының түрлері. 
4. Майлы МСС сипаттаңыз.
5. Су араласқан МСС сипаттаңыз. 
6. Минералды МСС сипаттаңыз. 
7. Синтетикалық және жартылай синтетикалық МСС сипаттаңыз. 
8. МСС эмульсияларын сипаттаңыз .
9. Станоктарда МСС қолдану ережелері. 
10. МСС алмастыру мезгілі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет