3
ӘОЖ 621.01 (075.32)
КБЖ 34.4я722
С31
Рецензенттер:
Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы білім беру басқармасының «Павлодар
машина жасау колледжі» ШЖҚ КМК «Металлургия және машина жасау» бейіні
бойынша ОӘБ,
«Тұран-Профи» кәсіби академиясы» мекемесі
«Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен
ұсынылған
С31
«Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)» мамандығы,
«Техник-механик» біліктілігі: оқу құралы / П.К. Сейтпанов, А. А.
Картабаев, А.А. Алпысбаев / Нұр-Сұлтан: «Talap» коммерциялық емес
акционерлік қоғамы, 2020 ж. – 294 б.
ISBN 978-601-350-113-0
Оқу құралы «1014000 - Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)»
мамандығы бойынша «Техник-механик» біліктілігінің кәсіби модульдері бойынша
теориялық дайындық курсы болып табылады.
Бұл оқу құралы машина жасау кәсіпорындарының техник-механигін өзінің
кәсіби міндеттерін орындауға дайындауға қатысты теориялық және практикалық
мәселелердің кең ауқымын қамтиды.
Кәсіптік модульдерді меңгеру нәтижесінде білім алушыларда: өндірісті
технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету және станоктарда саймандарды
орнату; майлау-салқындату материалдары мен сұйықтықтарды қолдану; жабдыққа
жоспарлы түрде алдын-ала жөндеу жүргізу; машина жасау өндірісінің негізгі
жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және ұтымды қолдану бойынша
құзыреттер қалыптасатын болады.
Оқу құралы студенттерге де, оқытушыларға да өндірісте техник-механиктерді
оқыту және даярлау үшін теориялық, зертханалық-практикалық сабақтарды
ұйымдастыруда пайдалы болады.
Достарыңызбен бөлісу: