М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Химия және фармацевтикалық инженерия кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: "Технологиялық жабдықтарды майлау. Жағармайды таңдау."
Орындаған: Азимбаева У.У.
Тобы: ХТ-20-9к1
Тексерген: Қиықбаев Б.А.
Жоспар:
1. Майлау материалдарының жіктелуі
2. Сұйық жағармайлар
3. Майлардың қасиеттерді
4. Жағармайды таңдау, жеткізу және шығынын есептеу тәсілдері
Майлау материалдарының жіктелуі
Жағармай — машина қозғалтқыш және механизмдердің түрлі бөліктерінің арасындағы үйкелісті кеміту үшін қолданылатын майлар. Жағармайдың өндірістік қасиеттері (беріктігі, тұтқырлығы, ыстыққа төзімділігі, т.б.), негізінен, олардың химиялық құрамы мен құрылысына байланысты. Олардың құрамы өте күрделі, кейбіреулері парафиндерге немесе нафтендерге бай, кейбір түрінің ароматты қасиеті басым, т.б. Қазір қолданылатын жағармайлар түгел дерлік мұнай тектес.
Алыну әдістеріне қарай дистиллят және қалдық майлар болып бөлінеді. Тұтқырлығы төмен немесе орташа дистиллят жағармайлар мазутты вакуумде айдау арқылы алынады, ал қалдық майлар — мұнайды айдағанда бөлінетін, тұтқырлығы жоғары қалдық. Қазіргі кезде синтетикалық жолмен де өндіріледі, ол үшін тиісті қанбаған көмірсутек полимерлерін, күрделі эфирлерді, т.б. пайдаланады.
Шығу тегіне қарай майлау материалдары келесі топтарға бөлінеді:
минералды, мұнай, көмір және басқа материалдардан алынады;
өсімдік, мақта, күнбағыс, пальма және т.б. өсімдіктерден алынады;
жануар майы, шошқа, тюлень, кит, балық және т.б. алынады;
синтетикалық, химиялық синтез жолымен алынады.
Физикалық қасиеті бойынша майлау материалдары:
жағармайлар (сұйық);
қоюланған майлар;
қатты майлағыш материалдарға (графит, тальк) бөлінеді;
газ тәріздес майлағыштар.
Жағармайларға 10-15°С температурада аққыштық қасиетін сақтайтын майлағыш материалдар жатады;
қоюланған майлағыштарға осы температурада жақпамай (мазь) сияқты күйге ауысатын материалдар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |