Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» сейтпанов п. К., Каpтабаев а. Т., Алпысбаев а. А


 Технологиялық жабдықтарды жөндеу және жөндеу аралық



Pdf көрінісі
бет140/240
Дата09.10.2022
өлшемі6,14 Mb.
#41994
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   240
Байланысты:
Металл кесу

4.1.1 Технологиялық жабдықтарды жөндеу және жөндеу аралық 
қызмет көрсету  
 
Металл кесетін станоктарды жөндеу технологиясының әдістері жалпы 
машина жасау технологиясында қолданылатын әдістерден ерекшеленбейді, 
бірақ олардың өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары бар [2]. 
Жаңа технологиялық машиналарды жасау кезінде барлық бөлшектер 
мен тораптарға сызбалар мен техникалық жағдайлар жасалады. Технологтың 


183
Тозған бөлшектерді ауыстыру, реттеу және жөндеу үшін жабдықтар 
мен автоматтандырылған желілерді уақтылы тоқтату оларды ұтымды 
пайдалануды қамтамасыз етеді.
Жабдықтар мен автоматтандырылған желілердің істен шығуын 
болдырмау үшін олардың техникалық жай-күйі туралы жүйелі түрде ақпарат 
болуы қажет. Машиналар мен автоматтандырылған желілерді жоспар 
бойынша жөндеу техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарының 
ырғағын дұрыс ұйымдастыруға ықпал етеді. Бұл - бүкіл өндіріс жұмысының 
тиімділігінің негізі.
4.1 Технологиялық жабдықтард жоспар бойынша жөндеу 
Технологиялық жабдықтарды жөндеу жұмыстарын жоспарлау және 
ұйымдастыру 
әрбір 
кәсіпорынның 
жөндеу 
шаруашылығының 
функционалдық міндеттері болып табылады [7]. 
Жөндеу шаруашылығының міндеті - жоспарланған тапсырмаларды 
орындау кезінде берілген дәлдік пен пайдалану сипаттамалары бар 
жабдықтың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету. 
Жабдықты жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге жұмсалатын 
бір жылдық шығындар жабдықты сатып алу құнының 10-25% - ын құрайды. 
Жабдықты жөндеу өнімнің өзіндік құнының 6-8% құрайды.
Жөндеу шаруашылығын және техникалық қызмет көрсетуді 
ұйымдастыру жабдықты жоспарлы алдын-ала жөндеу жүйесіне (ЖАЖ) 
негізделеді. 
4.1-суретте кәсіпорынның жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру 
құрылымы көрсетілген.
Кәсіпорынның жөндеу қызметінің негізгі функциялары: 
1) Жабдықты паспорттау және аттестаттау; 
2) Жабдықты жөндеудің технологиялық процесстерін әзірлеу; 
3) Жабдықты жоспарлы алдын-ала жөндеу (ЖАЖ); 
4) Жабдықтарды жаңғырту. 
Жөндеу жұмыстарын басқару - бұл кәсіпорынның ресурстарын 
басқару. Бұл жағдайда кәсіпорынның "Негізгі құралдар" деп аталатын 
ресурстарын (құрамы 4.2-суретте көрсетілген) қарастыру қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет