Қорытынды Оқу құралының осы бөлімінде машина жасау өндірісінің негізгі
технологиялық жабдықтарына, яғни металл кесетін станоктарға техникалық
қызмет көрсету және оларды пайдалану тәртібі мен ережелері
қарастырылған. Бұл жағдайда келесі мәселелер талданды:
- жабдықтарға регламенттелген қызмет көрсету және ұтымды
пайдалану;
- жабдықтарға техникалық қызмет көрсету мен пайдаланудың
нормативтік-құқықтық актілері;
- қабылдау және сынау актілері, техникалық қызмет көрсету
жоспарлары мен кестелері және жабдықты ауысым сайын тексеру;
- станоктар мен құрылғыларң жұмыс дәлдігі;
- жабдықтарды жаңғырту бойынша жұмыстарды уақытылы және
мұқият дайындау;
- өндірістің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, машина жасау
саласының ішкі және әлемдік нарықтағы рөлі мен маңызы;
- жабдықтардың инновациялық түрлері, заманауи ақпараттық
технологиялар, машина жасаудағы халықаралық стандарттау.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі 1. Акулич Н. В. Технология машиностpоения : Учебное пособие. . -
Pостов н/Д: Феникс, 2015. - 395 c.
2. Аскаpов, Е.С. Технология машиностpоения [Текст]: учебное пособие
/ Е.С. Аскаpов.- Алматы: Экономика, 2015.- 312 с.
3. Воpонкин Ю.Н., Поздняков Н.В. Методы пpофилактики и pемонта
Пpомышленного обоpудования/Москва Издательский центp «Академия»,
2010. – 239 с.
4. Новые высокоэффективные пpоизводственные технологии:
спpавочное пособие / под общ.pед. А.К. Пpокопенко. - Мытищи, Талант,
2008. - 80 с.
5. Тюленев, JI.B. Оpганизация и планиpование машиностpоительного
пpоизводства: Учебное пособие.-СПб.:Издательский дом «Бизнесс-пpесса»,
2001.-304 с.
ТҰЖЫРЫМДАМА Сонымен, "Машина жасау технологиясы" мамандығының барлық төрт
кәсіби модулін игеру нәтижесінде келесі мәселелерді игердік:
- металл кесу туралы ғылымның көпжылдық даму тарихы;
- өндірісті технологиялық құра-сайманмен қамтамасыз ету ережелері;
- өндірісті технологиялық дайындау (ӨТД) тәртібі;
- технологиялық процесс құрылымының ерекшеліктері;
- технологиялық құрал-сайманның жіктелуі, жұмыс істеу принципі;
- саймандарды жабдыққа орнату әдістері;
- кәсіпорынға технологиялық құра-саймандардың қажеттілігі,
- металл кесетін станоктарға арналған саймандар жобалау;
- жүргізілетін маркетингтік зерттеулер және жабдықтарды пайдалану
тиімділігін жақсарту жолдары;
- технологиялық жабдықты монтаждау, реттеу, баптау және жөндеу
тәртібі;
- іске қосу-баптау жұмыстарын ұйымдастыру кезіндегі техникалық
шарттар, ережелер мен құралдар;
- жабдықты монтаждау, пайдалануға қабылдау, баптау, жөндеу,
демонтаждау және қызмет көрсету бойынша орындалатын жұмыстар;
- бөлшекті дайындауды жобалау әдістемесі және оны механикалық
өңдеу процесстері;
- жабдықтар мен автоматтандырылған желілерді жөндеу және жөндеу
аралық қызмет көрсету;
- жөндеу жұмыстарына қажетті материалдар, өзара алмастырылатын
тораптар және жабдыққа арналған қосалқы бөлшектер;
- қосалқы және энергетикалық жабдықтарды профилактикалық
тексеру;
- жабдықтың қызмет ету мерзімін ұзарту бағытында жүргізілетін іс-
шаралар;
- жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және пайдалану;
- техникалық қызмет көрсету жоспарлары мен кестелері және
жабдықты ауысым сайын тексеру;
Оқу нәтижелерін бағалау үшін оқу құралында суреттер
иллюстрациясы, кестелер ұсынылған, материалдың игерілуін тексеру үшін
бақылау сұрақтары келтірілген.
Оқу құралы "1014000 - Машина жасау технологиясы (түрлері
бойынша)" мамандығы бойынша білім алушыларға арналған және "Техник-
механик" біліктілігіне сәйкес әзірленген.
Оқу құралы "1014000 - Машина жасау технологиясы" мамандығы
бойынша машина жасау өндірісінің білікті техник-механиктерін даярлау
үшін оқу орындарында қолданысқа ұсынылады.
Алынған теориялық және практикалық білім сізге машина жасау
кәсіпорнының өндірістік цехының кез-келген бөлімінің техник-механигінің
міндеттерін сәтті орындауға көмектеседі.