Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» сейтпанов п. К., Каpтабаев а. Т., Алпысбаев а. А



Pdf көрінісі
бет219/240
Дата09.10.2022
өлшемі6,14 Mb.
#41994
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   240
Байланысты:
Металл кесу

Қорытынды 
 
Оқу құралының осы бөлімінде машина жасау өндірісінің негізгі 
технологиялық жабдықтарына, яғни металл кесетін станоктарға техникалық 
қызмет көрсету және оларды пайдалану тәртібі мен ережелері 
қарастырылған. Бұл жағдайда келесі мәселелер талданды: 
- жабдықтарға регламенттелген қызмет көрсету және ұтымды 
пайдалану; 
- жабдықтарға техникалық қызмет көрсету мен пайдаланудың 
нормативтік-құқықтық актілері; 
- қабылдау және сынау актілері, техникалық қызмет көрсету 
жоспарлары мен кестелері және жабдықты ауысым сайын тексеру; 
- станоктар мен құрылғыларң жұмыс дәлдігі; 
- жабдықтарды жаңғырту бойынша жұмыстарды уақытылы және 
мұқият дайындау; 
- өндірістің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, машина жасау 
саласының ішкі және әлемдік нарықтағы рөлі мен маңызы; 
- жабдықтардың инновациялық түрлері, заманауи ақпараттық 
технологиялар, машина жасаудағы халықаралық стандарттау. 
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі 
 
1. Акулич Н. В. Технология машиностpоения : Учебное пособие. . - 
Pостов н/Д: Феникс, 2015. - 395 c.
2. Аскаpов, Е.С. Технология машиностpоения [Текст]: учебное пособие 
/ Е.С. Аскаpов.- Алматы: Экономика, 2015.- 312 с. 
3. Воpонкин Ю.Н., Поздняков Н.В. Методы пpофилактики и pемонта 
Пpомышленного обоpудования/Москва Издательский центp «Академия», 
2010. – 239 с. 
4. Новые высокоэффективные пpоизводственные технологии: 
спpавочное пособие / под общ.pед. А.К. Пpокопенко. - Мытищи, Талант, 
2008. - 80 с. 
5. Тюленев, JI.B. Оpганизация и планиpование машиностpоительного 
пpоизводства: Учебное пособие.-СПб.:Издательский дом «Бизнесс-пpесса», 
2001.-304 с.
 
ТҰЖЫРЫМДАМА
 
Сонымен, "Машина жасау технологиясы" мамандығының барлық төрт 
кәсіби модулін игеру нәтижесінде келесі мәселелерді игердік: 
- металл кесу туралы ғылымның көпжылдық даму тарихы; 
- өндірісті технологиялық құра-сайманмен қамтамасыз ету ережелері; 
- өндірісті технологиялық дайындау (ӨТД) тәртібі; 
- технологиялық процесс құрылымының ерекшеліктері; 
- технологиялық құрал-сайманның жіктелуі, жұмыс істеу принципі; 
- саймандарды жабдыққа орнату әдістері; 
- кәсіпорынға технологиялық құра-саймандардың қажеттілігі,
- металл кесетін станоктарға арналған саймандар жобалау; 
- жүргізілетін маркетингтік зерттеулер және жабдықтарды пайдалану 
тиімділігін жақсарту жолдары; 
- технологиялық жабдықты монтаждау, реттеу, баптау және жөндеу 
тәртібі; 
- іске қосу-баптау жұмыстарын ұйымдастыру кезіндегі техникалық 
шарттар, ережелер мен құралдар; 
- жабдықты монтаждау, пайдалануға қабылдау, баптау, жөндеу, 
демонтаждау және қызмет көрсету бойынша орындалатын жұмыстар; 
- бөлшекті дайындауды жобалау әдістемесі және оны механикалық 
өңдеу процесстері; 
- жабдықтар мен автоматтандырылған желілерді жөндеу және жөндеу 
аралық қызмет көрсету; 
- жөндеу жұмыстарына қажетті материалдар, өзара алмастырылатын 
тораптар және жабдыққа арналған қосалқы бөлшектер; 
- қосалқы және энергетикалық жабдықтарды профилактикалық 
тексеру; 
- жабдықтың қызмет ету мерзімін ұзарту бағытында жүргізілетін іс-
шаралар; 
- жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және пайдалану; 
- техникалық қызмет көрсету жоспарлары мен кестелері және 
жабдықты ауысым сайын тексеру; 
Оқу нәтижелерін бағалау үшін оқу құралында суреттер 
иллюстрациясы, кестелер ұсынылған, материалдың игерілуін тексеру үшін 
бақылау сұрақтары келтірілген.
Оқу құралы "1014000 - Машина жасау технологиясы (түрлері 
бойынша)" мамандығы бойынша білім алушыларға арналған және "Техник-
механик" біліктілігіне сәйкес әзірленген. 
Оқу құралы "1014000 - Машина жасау технологиясы" мамандығы 
бойынша машина жасау өндірісінің білікті техник-механиктерін даярлау 
үшін оқу орындарында қолданысқа ұсынылады. 
Алынған теориялық және практикалық білім сізге машина жасау 
кәсіпорнының өндірістік цехының кез-келген бөлімінің техник-механигінің 
міндеттерін сәтті орындауға көмектеседі.


276


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет