3. Бұранда кесу. Сыртқы бұранданы әртүрлі аспаптармен жасауға болады: кескіштер,
гребенкалар, плашкалар, өздігінен ашылатын бұранда кескіш головкалар,
дискілі және топтық фрезалар, ажарлау «кругтары», тығыздау роликтері. Ішкі
бұранданы кесу үшін кескіштер, метчиктер, ашылатын метчиктер, топтық
фрезалар, тегістегіш роликтер қолданылады.
Бұрандаларды кескіштер мен жəне гребенклар көмегімен кесу. Үшбұрышты бұранданы әдетте бұрандалы, яғни қажетті бұрышпен (60
0
-
метрикалық бұранда үшін, 55
0
- для дюймдік бұранда үшін) қайралған
кескіштермен токарлық винт-кескіш станоктарда кеседі.
Бұранда кесуде гребенкаларды қолдану кесу уақытын қысқартады,
нәтижесінде бұранда кесу өнімділігін арттырады.
Бұранданы фрезерлеу. Өндірісте сыртқы және ішкі бұрандаларды
фрезерлеу арқылы да кескді. Ол екі жолмен жүзеге асырылады: дискілі
фрезамен және топтық фрезамен.
Бірінші әдіс – дискілі фрезамен кесу - үлкен қадамды және үлкен
профильді бұрандаларды кесуде қолданылады. Дискілі фрезамен кесу әдетте
бір өтумен, ірі бұрандаларды кескенде - екі-үш өтумен орындалады.
Ішкі бұранданы метчиктермен кесу.Ішкі бұранданы көбінесе
метчиктермен кеседі. Метчиктер қолдық және машиналық болады. Қолдық
метчиктер әдетте екі немесе үш данадан тұратын жиынтық ретінде
қолданылады. Машиналық метчиктер негізінен бұрғылау станоктарында
жұмыс істеу үшін қолданылады. Машиналық метчиктер бүтін, түзу,
отырғызылатын пышақтармен және гайкаларға арналған болып бөлінеді.
Бұранданы тегістеу. Бұранданы тегістеу металлды кесу емес, оны
қысыммен өңдеуге жатады. Бұл әдіспен материалдың талшықтары
кесілмейді, бұранда тегістегіш плашкалар мен роликтердің шығыңқы
жерлерін металлға басып енгізу арқылы өңделетін бетті деформациялайды.
Осы әдіспен алынған бұранданың беті тегіс, таза және тығыздалған болады.
Мысал ретінде біз «өс» бөлшегін жасаудың технологиялық процесін
жобалауды қарастырамыз.