Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» сейтпанов п. К., Каpтабаев а. Т., Алпысбаев а. А



Pdf көрінісі
бет65/240
Дата09.10.2022
өлшемі6,14 Mb.
#41994
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   240
Байланысты:
Металл кесу

Тесіктерді хонингтеу.
Хонингтеудің (хонинг-процесс) мәні алты (кейде одан да көп) абразивті 
жылжымалы брусоктары бар, ілгерілемелі қозғалыс жасайтын арнайы 
айналмалы «головкамен» (хон) алдын-ала алынған, ажарланған немесе 
кеңейтіліп жонылған тесіктерді механикалық түрде жетілдіру болып 
табылады. Абразивті брусоктарды радиалды бағытта жылжыту механикалық, 
гидравликалық немесе пневматикалық құрылғылармен жүзеге асырылады. 
Хонингтеуге арналған станоктар гидравликалық беріліспен бір және 
көп шпиндельді (6 шпиндельге дейін) болып келеді. Іштей ажарлауға 
қарағанда хонингтеудің келесі артықшылықтары бар: 
- іштей ажарлау станоктарында жұмыс істеу кезінде орын алатын 
құралды сығу саңылауына байланысты тесік бетінің цилиндрлілігін 
қамтамасыз ету; 
- іштей ажарлау станоктарында жиі байқалатын тербелістердің 
болмауы; 
- гидравликалық беріліспен қол жеткізілетін хонингтік «головка» 
жүрісінің жайлылығы. 
Хонингтеуге әдіп (0,05-0,10 мм) 1-2 минуттың ішінде алынуы мүмкін. 
Тесіктерді тегістеу.
Тесіктерді тегістеу процесі олардың ішкі бетіндегі кедір-бұдырды 
алып тастағаннан кейін шойыннан немесе мыстан жасалған «притирлар» 
көмегімен таза өңдеу операциясы. Бұл операция кезінде «притирлер» 
тесіктердің қабырғаларына серіппелер көмегімен қысым жасайды. Тегістеу 
екі бағытта кезек-кезек өңделетін тесіктің өсі бойымен бір уақытта қозғала 
отырып, жарты айналымға айналдыру арқылы жүзеге асырылады. Жұмыс 
істеу кезінде «притирге» керосинді тамшылатып отырады.. Тегістеу - бұл 
бетті әрлеудің өнімділігі төмен әдісі, өйткені ол өте баяу орындалады, 
сондықтан тегістеу операциясы машина жасауда сирек қолданылады.
Тесіктерді металл жаңқасын алмай өңдеу.Тесіктерді өңдеудің бұл 
түрі оларды тегістегіш прошивкалар (дорналар) мен шарлардың көмегімен 
калибрлеуге, сондай-ақ тесіктердің тырысын жазуға негізделген. Тегістегіш 
прошивкаларда кесетін тістер болмайды, олар кеспейді, металлды 
тығыздайды және осылайша тесікті калибрлейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет