19
ХХ ғасырдың 60-70 жылдарында педагогика генетика, кибернетика,
информатика сияқты ғылымдармен өзара ықпалдастықты күшейтті.
Соның нәтижесінде педагогикалық теория диагностика және дарынды
балаларды тәрбиелеу бағдарламаларымен, математикалық логика,
компьютерлік
технология, бағдарландырылған оқыту идеяларымен
және әдістерімен және т.с.с.-мен толықтырылды.
Сүйтіп, қоғамның заманауи даму кезеңінде оқыту, тәрбиелеу, білім
беру
проблемаларын шешуде жалғыз педагогиканың күші тиісті нәтиже
бере алмайды, оларға ғылымаралық көзқарас қажет болады.
Педагогика өзінің қалыптасу және даму жолында (XVII ғасырдан
бастап) әртүрлі санаттағы (жасына қарай, тәрбиелеу бағытына қарай,
кәсіби бағытына қарай және т.с.с.) адамдарды тәрбиелеу туралы ғылым
жүйесіне айналды. Педагогикалық ғылымдар жүйесі салыстырма-
лы түрде бұрын педагогиканың саласы болып келген,
кейінде одан
бірте-бірте бөлінген өзіндік ғылымдардың бірлігін көрсетеді. Ондай
ғылымдар жеткілікті. Педагогикалық ғылымдар жүйесінің іргетасы
- жалпы педагогика. Педагогика ғылымдарының қазіргізаманғы
жүйесіне педагогика тарихы, жалпы, мектепке дейінгі, мектеп педаго-
гикасы, жоғары оқу орны педагогикасы, андрогогика (үлкендерге білім
беру туралы ғылым), әртүрлі пәндерді оқыту әдістемелері, әлеуметтік,
арнайы педагогика жас ерекшелік педагогикасының бөлімі, оның
алғашқы салалары болып табылады. Педагогика ғылым ретінде адам
туралы ғылымдармен тікелей байланысты (2-сызба).
2-сызба
Достарыңызбен бөлісу: