Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Мектепке дейінгі педагогиканың тарихи-педагогикалық



Pdf көрінісі
бет7/128
Дата09.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#42019
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   128
Байланысты:
мектепке дейінгі педагогика

Мектепке дейінгі педагогиканың тарихи-педагогикалық 
негіздерінің түп-тамыры тереңде жатыр. Халықтық педагогика мен 
әртүрлі елдер мен әртүрлі дәуірдегі философтар мен педагогтардың
прогрессивтік идеялары мектепке дейінгі педагогиканың ғылым 
ретіндегі дамуының бастауы болды. Тарихтан негіз алған мектепке 
дейінгі кезеңде балаларды оқыту мен тәрбиелеудің гуманистік иде-
ялары, балалардың құқығын қорғау жайындағы ойлар, дара дамыту, 
тұлғаны сыйлау, мектепке дейінгі жастағы әрбір баланың әлеуетін да-
мыту қажеттілігі мектепке дейінгі білім берудің заманауи теориясының 
негізіне жатқызылды.


11
Бұрынғы кеңес одағында мектепке дейінгі педагогика бойынша 
зерттеулердің жеткілікті түрде кең сипат алуы мектепке дейінгі тәрбие 
берудің қоғамдық жүйесінің құрылуымен байланысты көрсетіледі. 
Мектепке дейінгі тәрбиелеуді дамытуда Н. К. Крупская, Е. И. Тихеева, 
А. С. Макаренко, Е. А. Флерина, Л. К. Шлегер, А. В. Суровцева, В. 
И. Логинова, П. Г. Саморукова үлкен рөл атқарды. Қазақстанда Н. 
Құлжанованың қызметін атап көрсетуге болады. 
Нәзипа Құлжанованың шығармашылығының ең жемісті 
салаларының бірі - тәрбие тақырыбындағы еңбектері. Бұл мәселелерді 
ол баспасөз беттерінде көтеріп қойған жоқ, тіпті мұғалімдер мен 
тәрбиешілер үшін оқу-әдістемелік құралдар-жеке кітаптар да шығарды. 
1923 жылы Орынборда шығарған «Мектепке дейінгі тәрбие», 1927 
жылы Қызылордада жарық көрген «Ана мен бала» атты кітаптары 
біздің кезімізде де сұранысқа ие. 
Әлемдік педагогикада тұңғыш рет баланы ертеден бастап 
тәрбиелеудің ғылыми негізделген жүйесі жасалды. Оны жасағандар: 
М. Щелованов, Н. Л. Фигурин, Н. М. Аксарина, Е. И. Радина. Мектепке 
дейінгі жаста баланы физикалық тәрбиелеу мәселелерімен Е. А. 
Аркин, А. И. Быкова, Е. Г. Леви-Гориневская, және т.б. шұғылданды. 
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің теориясы мен 
практикасында Е. И. Тихееваның, Ф. Н. Блехердің, А. П. Усованың, 
А. М. Леушинаның, А. И. Сорокинаның, В. И. Логинованың, П. Г. 
Саморукованы және т.б. еңбектерінің маңызы зор. Тәрбие теориясына 
ғалымдар А. В. Суровцева, Ф. С. Левин-Щирина, Р. И. Жуковская, Т. А. 
Маркова және т.б. көп үлес қосты.
1960 жылы әлемде бірінші КСРО ПҒА-ның мектепке дейінгі тәрбие 
ғылыми зерттеу институты ашылды, 1981 жылға дейін оның директоры
А. В. Запорожец болды. Бұл институттың базасында мектепке дейінгі 
білім берудің әртүрлі бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізілді. 
Кіші жастағы балаларды тәрбиелеу лабораториясына Е. И. Радина 
басшылық етті, 1970 жылдан бастап – А. М. Фонарев басқарды. Дене 
тәрбиесін беру лабораториясына М. И. Кистяковская жетекшілік етті. 
Эстетикалық тәрбие және көркем шығармашылық лабораториясының 
меңгерушісі Н. А. Ветлугина болды. Ақыл-ой тәрбиесі мәселелері А. П. 
Усованың, Н. Н. Поддьяковтың, Ф. А. Сохиннің, А. М. Леушинаның, В. 
И. Логинованың, П. Г. Саморукованың жетекшіліктерімен жүргізілді. 
Адамгершілік тәрбиесі лабораториясына В. Г. Нечаева басшылық 
жасады. Мектепке дайындау Т. В. Тарунтаеваның, Т. И. Бабаеваның 
жетекшілігімен жүргізілді. Зерттеу нәтижелері жарияланып отырды, 


12
балабақшалардың жұмыс практикасына, педагог кадрларды даярлау 
практикасына енгізіліп отырды. 
Негізделген теориядан қазіргі заманғы ғылым бастау алды. 
Мектепке дейінгі педагогиканың жаңа бағыттары дамып келеді, мек-
тепке дейінгі білім берудің жаңа теориясы мен технологиясы жасал-
ды. Ең бастысы, қолда бар тәжірибені талдап, оның жетістіктері мен 
кемшіліктерін сараптап, оны дамыту және осының негізінде ғылыми-
зерттеу жұмыстарын жүргізу. Жаңа зерттеулердің қажеттілігі заман 
талабының, қоғамдық өмірдің өзгеруімен, адамның үздіксіз білім алу 
мақсаттарының модификациясымен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет