10
күн тәртібін құру негізінде жатады. Динамикалық стереотип – білік,
дағды, тәртіп әдеттерін қалыптастыру негізі, ол жаттығудың оқыту
мен тәрбиелеудің әдісі ретіндегі тиімділігін көрсетеді. Тәрбиелеудегі
даралау әдісіне қойылатын талаптар жоғары жүйке әрекетінің түрлері
жайындағы ілімнен, жеке адамның түрлі анатомиялық-физиологиялық
ерекшеліктерінен тұрады.
Онтогенезде сигнал беруші екі жүйенің дамуы туралы теория-
лар баланың тілінің, ақыл-ойының, физикалық, эстетикалық және
тәрбиелеудің басқа да бағыттарының дамуының психологиялық-
педагогикалық негізін анықтайтын табиғи-ғылыми базасы болады.
Солардың негізінде оқытудың әдістері мен құралдарына ұсыныстар
жасалады.
Мектепке дейінгі педагогиканың
психологиялық негіздерін мы-
налар құрайды:
•
Л. С. Выготскийдің адамның тәртібі мен психикасын дамытудың
мәдени-тарихи теориясы, ол жасаған жас ерекшелік кезеңдері,
«сензитивтік кезеңдер», «жақын арадағы даму аймағы», «дамыта
оқыту» теориясы;
•
А. Н. Леонтьевтің әрекет бала дамуының шарттары, құралы
және даму көзі екендігі туралы ілімі;
•
П. Я. Гальпериннің ойлау әрекетін сатылап қалыптастыру тео-
риясы, Н. Н. Поддьяковтың еңбектері, Л. А. Венгердің мектепке дейінгі
кезеңде баланың интеллектуалды даму ерекшеліктері туралы еңбектері;
•
А. В. Запорожецтің мектепке дейінгі балалық шақта бала
дамуының «амплификациясы» теориясы;
•
Д. Б. Элькониннің бала ойынының психологиясы және
психикалық даму кезеңдері туралы теориясы;
•
В. Т. Кудрявцевтің мектепке дейінгі балалық шақтың әлеуметтік-
мәдени феномені туралы тұжырымдамасы және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: