орталық шығыс базасы деп, ал басқа екеуі
коллектор және эмиттер деп
аталады. Мультиметрдің жұмыс тәртібін ауыстырғышты диод белгісіне
немесе 2 000 Ом кедергісіне қоямыз. Қызыл түсті сүңгіні жүйелі түрде
транзистордың шығыстарына қоямыз және қара түсті сүңңгіні тигізген
кезде басқа екі шығыстарына шамамен бірдей кедергі (300-ден 800-Ом-ға
дейінгі) болатындай қалыпты іздейміз. Егер, мұндай комбинацияны таба
алсақ, онда қызыл түсті сүңгі жанасқан шығысы –
бұл база болып
табылады. Басқа екі шығыстың ішінен эмиттер, неғұрлымүлкен кедергіні
көрсетіп тұрғаны. Тиісінше, коллектор неғұрлым төмен кедергі көрсетеді.
Осылайша, біз транзистордың
n
—
p
—
n
–шығысын анықтадық.
Егер, ұсынылған алгоритм бойынша жүргізілген өлшеулер дұрыс
болмаса,
онда бұл
p
—
n
—
p-транзистор дегенді білдіреді. Онда
шығысына қара түсті сүңгіні тізбекті түрде қоямыз, ал қызыл түсті
сүңгінің көмегімен екі басқа шығу орындарындағы кедергі шамамен
бірдей болатын қалыпты іздейміз.
Дала транзисторын тексеру. Дала транзисторлары статикалық электр
тоғына өте сезімтал, сондықтан оларды алдын-ала жерге тұйықтауды
қамтамасыз етіп алып тексеру ұсынылады.
Өзіңізден жинақталған
статикалық электр зарядтарын алып тастау үшін, қолыңызға жерге
тұйықтаушы антистатикалық білезік тағуыңыз қажет. Сонымен қатар,
дала транзисторларын, әсіресе шағын қуаттылықтағы транзисторларды
сақтаған кезде, олардың шығыстарының
өзара тұйықталулары қажет
екендігін естен шығармаңыз.
ДТ тексеру барысында әдетте қарапайым омметр пайдаланылады.
Жарамды дала транзисторында, оның шығыстары арасында өте үлкен
кедергі болуы қажет, оны шартты түрде «шексіз» деп атайық. Заманауи
қуатты
дала транзисторларында, ағар мен көз арасында енгізілген диод
болады, сондықтан ағар-көз арнасы тексеру барысында әдеттегі диод
тәрізді кері әсер береді. Қателесуге жол бермеу үшін, мұндай диодтың бар
екендігін естен шығармау қажет. Диодтың бар екендігіне көз жеткізу өте
жеңіл. Тестердің сүңгілерінің
орындарын ауыстару қажет, және ол ағар
мен көз арасында «шексіз» кедергіні көрсетуі қажет. Егер, бұл орын
алмаса, онда транзистор тесілген болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: