42 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012
С. Өтебеков,
магистр-оқытушы, А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Т‰ркістан қаласы, Қазақстан,
e-mail: Usb_1407
СӨЙЛЕМ ЖӘНЕ ОНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ Т.САЙРАМБАЕВТЫҢ
ҚАҒИДАЛАРЫ ЖАЙЫНДА
Жалпы сөйлем бір сөзден тұрса да, өзара
байланысты бірнеше сөзден құралса да, ол
дауыс ырғағы жағынан тұтастанып, айнала-
сындағы басқа сөйлемдерден пауза арқылы
оқшауланумен қатар,
олармен мағыналық қа-
тынасқа еніп, ұласып, ұштасып жатады. Олар-
ға (сөйлемге) тән белгілер, оның грамматика-
лық сипаттайтын, айқындайтын синтаксистік
категориялар – коммуникативтік пен модаль-
дік және предикаттық белгілер. Бұл катего-
риялардың әрқайсысының өздеріне тән ішкі
мағыналық және сыртқы материалдық көрсет-
кіштері бар [1:6], яғни,
сөйлем предикатив-
тілік деп аталатын грамматикалық мағынамен,
коммуникативтілік деп аталатын қызметімен
және бастауыш-баяндауыштық деп аталатын
құрылымдық ‰лгісімен сипатталады да, осы
жағынан келгенде, ол (сөйлем) әр т‰рлі айты-
лыстардан (высказывания) ажыратылады [2:198].
Сөйлемнің бұл айтылған ‰ш т‰рлі белгісі,
категориясы – бір-біріне байланыссыз, бөлек-
бөлек жатқан д‰ниелер емес, өзара бірлікте,
бір сөйлем ішінде кейде қабаттасып та ж‰ре-
тін белгілер. Коммуникативтік пен модальдық
категориялар сөйлем сайын кездеседі. Бұл
екеуінсіз сөйлем жоқ. Ал предикаттық кате-
гория жоғарыда келтірілген –
Тәйт әрі! Мәс-
саған! Әй-әй-әй! Дегендер
тәріздес сөйлем-
дерде болмайды, яғни сөйлем сайын болуы
шарт емес. Бұл айтылғандар – құрмалас сөй-
лемдерге де тән белгілер [3:7]. Ғалым М.Бала-
қаев сөйлемнің осындай қасиеттерін негізге
ала отырып «предикаттық қатынас негізінде
біршама аяқталған ойды білдіретін тиянақты
сөздер тізбегін сөйлем дейміз»[3:16], - деп
анықтама берген болатын.
Ал ғалым Т.Сайрамбаев жоғары да айты-
лып кеткен көптеген
еңбектердегі ережелерді
саралай келе өзінің «Сөйлемнің тұрлаулы м‰-
шелері» атты ауқымды еңбегінде сөйлемдер-
дің негізгі белгілерінің бірі предикативтілікке
байланысты қарайды да: «...сөйлемнің негізгі
белгісі ретінде предикативтілік, модальділік
және интонация ‰шеуін де бірдей жатқызу
орынды деп санаймыз. Оларды бір-бірімен тең
немесе біріне-бірі басыңқылық қызметте жұм-
салды дейтін пікір олардың ішкі ерекшелік-
терін ескермеуден туса керек»[3:5] деп т‰йеді.
1970 жылы шыққан «Қазіргі орыс әдеби
тілінің грамматикасында» берілген «предика-
тивтілік категориясы әрбір сөйлемдерге қаты-
сады және
оның грамматикалық мағынасы
болып табылады»[4:536-541] дейтін пікірді
қолдайтын ғалым «сөйлемде де, оның негізін
құрайтын элемент – бастауыш пен баян-
дауыш. Осы екеуінің негізінде ғана оның мо-
дальділік қасиеті айқындалса керек. Сондық-
тан да, ең алдымен, сөйлемге тән қасиет ол –
предикативтілік» дейді.
Жалпы, сөйлемдерді салыстыра келіп пре-
дикативтіліктің қасиетін анықтау барысында:
«жалпы, сөйлем бір бас м‰шелі, екі бас м‰-
шелі немесе м‰шеленбейтін сөйлемдерден
құралса, предикативтіліктің ең жоғары т‰рі екі
бас м‰шелі сөйлемдерде нақты, ал
бір бас
м‰шелі сөйлемдерде жартылай, ал м‰шелен-
бейтін сөйлемдерде болмайды да. Міне, бұған
қарағанда предикативтілік тек бастауыш пен
баяндауыш арасындағы таза грамматикалық
құбылыс» дейді [3:6]. Демек, сөйлемнің пре-
дикативті негізі осы тұрлаулы м‰шелер ар-
қылы ажыратылады. Ол жақ, шақ категория-
ларын предикативтіліктің қасиетіне, ал сөй-
лемнің бойындағы модальділіктің
негізгі көр-
сеткіштері рай категориясы, модаль сөздер,
сол сияқты демеуліктер мен интонация екен-
дігін айтады. Сөйлем синтаксисін зерттеген
тарландардың бірі ф.ғ.д., профессоры Р.Әмір
өзінің «Жай сөйлем синтаксисі» атты ең-
бегінде де бұған байланысты
Баяндауыш м‰-
шеге балама ретінде жұмсалатын предика-
тивтік констукциялар, Пысықтауыш м‰ше-
лердің стильдік т‰рлері және олардың жұм-
салуы атты тараушаларында осы мәселелерге
баса назар аударған болатын. Ол да «Қазақ
тілінде предикативтік іс-әрекетті бастауыш-
баяндауыш құрамындағы тіркес арқылы біл-
діру амалы бар. Бұл ‰шін қимылды сипат-
тайтын етістік сөздер субстантивтік формаға
келіп бастауыштық позицияны алады да,