Ќазаќстан Республикасы білім жјне єылым министрлігі


Дәрістер кешені (дәріс тезисі)



Pdf көрінісі
бет5/26
Дата10.10.2022
өлшемі0,79 Mb.
#42092
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
f1a134f14c508836ee1cae626d73e90d

 
8. Дәрістер кешені (дәріс тезисі) 
№1 дәріс тақырыбы: Әдеби аударма негіздері және 
теориясы. 
Дәріс тезисі: Әдеби аударма адамзат өркениетінің рухани 
ықпалдастық арнасындағы мәдениеттер тоғысуының әлемдік 
және ұлттық сипаттағы болмыс-бітімін тануға мүмкіндік беретін 
қуатты күш. «Аударма, көркем аударма - әдеби шығарманың бір 
тілден екінші тілге аударылған нұсақасы, көркем әдеби 
шығармашылықтың 
бір 
саласы» 
(Қазақ 
әдебиеті. 
Энциклопедиялық анықтамалық. А, 2005). «Аудару іс - әрекетінің 
өмір сүруі ұлт тарихының көне қойнауымен астарлас. Ал, іс - 
әрекет шыққан соң, заңдылықтарын білу өмір талабы. Сондықтан 
аударма заңдылықтары туралы алғашқы ойлар халық көкейінде
аударушылардың немесе соған қатысы бар адамдардың ауызша 
пікірінде болса керек. Аударманың толыққандығы туралы. 


10 
Аудармада тілдік құралдарды қолдану жолдары. Аударманың 
(бара-барлығы) толыққандығы туралы ұғым. Бұл мәселеге 
қатысты шет елдік және отандық ғалымдар пікірі. Аударма және 
түпнұсқа. Аударылымпаздық ұстанымы. Ұстанымның мазмұнсыз 
не болмаса мазмұнды қасақана көмескілендіретін тәжірибелерге, 
ақылға сыймайтын дүниелерге, мазмұн мен пішіні ыдыраңқы 
шығармаларға қолданылмауы. Аударманың толыққандығы. 
Аударманың негізгі ұғымы. «Бара-барлықты» (адекватность) 
даму күйінде алып қайта қарап отыру қажеттігі. Аудармадағы 
«формализм». Түпнұсқа мән-мағынасы мен стилінің аудармадағы 
дұрыстығы. Аударма теориясына арналған еңбектердегі «дәлдік» 
ұғымы. Аудармада тілдік құралдарды қолдану жолдары. 
Лексикалық 
бірлікті 
ауарудың 
негізгі 
заңдылықтары. 
Аудармадағы лексикалық вариант туралы ұғым. Баламасыз 
лексика және жалған баламалар. Аудармадағы ұлттық реалия 
мәселесі. Қазақ тіл білімінде аудармаға байланысты реалия 
сөздерді тақырыптық топтарға бөліп қарастырған зерттеуші 
Р.Сәрсенбаев тұжырымдары. Орыс ғалымы А.Федоров пікірі. 
Жалқы есімдерді, лақап аттарды аудару және оларды 
фонетикалық жағынан қалыпқа келтіру. Фразеологизмдерді, 
мақал-мәтелдерді аудару жолдары мен тәсілдері. Аудармадағы 
грамматикалық мәселелер. Аудармадағы трансформациялық 
үдерістер. Аудармада бара-барлыққа жетудегі аудармашының әр 
қилы тіларалық өзгертулер жасай білу талаптары. Мұндай 
өзгертулердің аударматануда трансформациялар деп аталуы. 
Оның шартты түрде төрт принципке (орын алмастыру 
(перестоновки), ауыстыру (замены), қосу (добавление), түсіріп 
тастау (опущение) негізделуі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет