Ќазаќстан Республикасы білім жјне єылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет7/26
Дата10.10.2022
өлшемі0,79 Mb.
#42092
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
Байланысты:
f1a134f14c508836ee1cae626d73e90d

Әдебиеттер1,2,5, 7, 11, 13, 15. 
№3 дәріс тақырыбы: Қазақ аударматану ілімінің тарихынан 
Дәріс тезисі: Отандық ғылымдағы аударма мәселелері, яғни 
аударма заңдылықтары туралы алғашқы топшылаулар «Түркістан 
уалаятының газеті», «Дала уалаятының газеті» басылымдарының 
жарық көруімен байланысты өріс алды. Аударма мәселесі 
жайында алғашқы арнайы пікірлер, үлкен теориялық деңгейде 
болмаса да, сыни дәрежеде 1914 жылы «Айқап» журналында 
жарияланған И.Лихановтың қазақ өмірінен жазған “Манап” 
драмасының аудармасы жөнінде айтылды. Аталған аударманың 
сипаты жөнінде С.Сейфуллин мен М.Дулатов пікір айтып, басты 
кемшіліктерін 
байыптады. 
«Мақаладан 
байқалатындай, 
аудармашы, ең алдымен, қандай шығарманы аудару керек, ол 
келесі ұрпаққа қандай рухани пайда әкеледі? Осыны айқындап 
алу керек. Яғни, аудармада қоғамдық қызмет, қоғамдық мақсат 
болу керек. Екінші, «орысшасын өзгертпей тәржіма қылу» 
аударманы «тірі жанға түсініксіз» етеді. Үшінші, еркін кетіп 
«мағынасы алыс хата тәржіма етуге» болмайды. Төртінші және ең 
бастысы, «аударма» орыс, қазақтан бірдей соққы жемеу керек
яғни, екі тілдің де тазалығын, мән – мағына, бояуын сақтай білу 
керек» (Ж.Жақыпов) деген мәселелер байыпталды.
1920 
жылдары 
аударма 
мәселесі 
Ж.Аймауытов, 
Е.Алдаңғаров, Б.Кенжебаев мақалаларында қамтылды. Оларда 
аударманың толыққандылығы, Пушкин поэмаларының қазақ 
тіліндегі аудармалары, Абайдың аудармашылық шеберлігі сөз 
болды. «Отызыншы жылдардың орта шеніне дейін көркем 
аударма туралы айтылған пікірлер белгілі бір шеңбер шегінен 
шыға алмады, көбі, жай тілек тұрғысынан аспады» (Ө.Айтбаев). 
1930 жылдары М.Әуезовтің «Пушкинді қазақша аудару 
тәжірибелері туралы», «Ревизордың» аудармасы туралы»,
«Пушкин аудармасы қазақ әдебиетіне не берді?», «Евгений 
Онегиннің қазақшасы туралы», «Қазақ сахнасындағы аударма 


13 
пьесалар» 
мақалаларында 
түпнұсқа, 
аудармадағы 
тіл 
құнарлылығы, стильдік ерекшеліктерге қатысты құнды әдеби-
теориялық тұжырымдар жасалды. «М.Әуезов ұсынған дәлелді 
принциптер аударма заңдылықтарын бұдан былай үңіле тексеруге 
қозғау салды. М.Әуезов бұдан кейін де әр жылдары аударма 
мәселелеріне үн қосып отырды. Осы жылдары әдебиетші 
М.Қаратаев 
А.С.Пушкин 
шығармаларының 
қазақ 
тіліне 
аударылуы турасында пікірлер айтты» (Ж.Жақыпов). 1930 
жылдары Қ.Жұбанов, С.Аманжолов сынды тілші-ғалымдар 
көркем аударма мәселелеріне байланысты еңбектерімен көрінді. 
Алайда 
аударманың 
теориялық 
және 
лингвистикалық 
сипаттарына қатысты зерттеушілік ой-пікір сталинизм қасіретінен 
тұсауланып қалды. Аудармаға ғылыми тұрғыдан мән беріліп, 
теориялық құнды пікірлер айтудың жанданған кезеңі 1950 
жылдар. Оған «жылымық» жылдардың рухани серпілісі оң ықпал 
етті. «Бұл кезеңдегі жарияланған М.Әуезовтің, М.Қаратаевтың, 
С.Талжановтың, 
Ә.Сатыбалдиевтің, 
С.Нұрышевтің, 
К.Шәріповтің, М.Жанғалиннің, З.Ахметовтің, Е.Ландауды, 
К.Кереева-Канафиеваның 
т.б. 
ғылыми 
жарияланымдары 
Қазақстанда аударманың ғылым ретінде қалыптасуына айырықша 
әсер етті, аударма мәселелерін жолға қойды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет