ҚазҰУ хабаршысы. Психология және социология сериясы № 1 (36) 60
Қоғамның экономикалық, əлеуметтік, саяси, мəдени сфераларына əсер ететін қоғамдағы
кез-келген терең өзгерістер, осы өзгермелі жағдайлардың орын алуы мен ондағы адамның
орны, осыған сəйкес объективті қысым тудырады жəне осы жаңа жағдайларға адамның жеке
құндылықтарының өзгеруіне алып келеді. Мұндай ситуация қазіргі таңдағы өркениетті
нарықты қатынастардың пайда болуымен күрделене түсті. Бұл жағдай қоғамның жəне
адамның мұндай қатынастарды бағалауымен, түсінуімен байланысты болады.
Қорыта келе, құндылықтық бағдарлар қоғам өзгерістерімен шарттас болғандықтан
қоғамдық жүйенің өзгеруі əлеуметтік саладағы өзгерістер жұртшылықтың санасында
құндылықтық бағдарлардың жаңа жүйедегі орнығуына айтарлықтай ықпал етуде. Қазіргі
таңдағы тұлғаның қалыптасуындағы, əсіресе жаңа буын қалыптасуындағы құндылықтық
бағдарлар өрісінің бейтарап тұрғандығын көрсетсек болады. Бұрынғы құндылықтардан кол
үзген, ал жаңа қүндылықтарды əлі де қабылдай қоймаған біздегі қазіргі буын шын мəніндегі
бейтарап өрісте тұр. Сондықтан да, біздер тұлғаның бойында құндылықтық бағдарлар
дамуына, қалыптасуына үлкен əсер етіп, мəн беруіміз қажет.
Сонымен,
нарықтық-экономикалық
жағдайындағы
тұлғаның
құндылықтарға
бағдарлануы өмір барысында өзгеріп, толықтырылып, жаңа түрге еніп отырады. Ол
тұлғаның құндылықтық бағдарлардың əр түрлері əр жасқа байланысты сол жас ерекшелігіне
сай бірінші орынға шығып отырады. Нарықтық-экономикалық жағдайындағы тұлғаның
құндылықтарға бағдарлануының дамуы əр түрлі, бірақ өзара байланысты процестермен
катар дамып отырады. Жалпы нарықтық-экономикалық жағдайындағы тұлғаның
құндылықтарға бағдарлануының қалыптасып, дамуы оның жалпы болмысының, ерік
сапаларының да дамуын білдіреді.
_______________________
1. Кон И.С. Психология юношеского возраста – М.: Просвещение, 1979. – 176 с.
2. Нестеров В.Т., Иванько Л.И. Личностный потенциал работника: проблема формирования и
развития. – М.: Наука, 1987. – 227 с.
3. Пиаже Ж. Избранные психологические труды. - М.,1994. – 680 с.
4. Ломов Б.Ф. Личность как продукт и субъект общественных отношений-М.: Наука, 1989.
– 603 с.
5. Милославова И.А. Понятие и структура социальной адаптации. – Л.: Наука, 1974.- 641 с.
6. Леонтьев А.Н. Потребности, мотивы, эмоции.– М.: Изд-во МГУ, 1971. – 147 с.
***
В статье рассматривается влияние рыночных отношений на особенности ценностных ориентаций
личности. Дается целостное объяснение понятию «ценности личности» в контексте рыночных отношений.
***
The article examines the impact of market relations on the particular values of personality. An explanation of the
term "the personality values” in the context of market relations is given.