Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева


дейді. Сырткы киімнің бір түрі - күпі



Pdf көрінісі
бет125/193
Дата10.10.2022
өлшемі4,5 Mb.
#42207
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   193
"жарғақ" дейді. Сырткы киімнің бір түрі - күпі. 
Ол қойдың не түйенің жабағы жүнінен жасал-
ған. Жылылығы тері тоннан кем емес. Жеңіл 
сыртқы киім немесе жүннен тоқылған шекпен. 
Түйе жүнінен тоқылған шекпенді дəулетті 
адамдар ғана киген. Шамасы келмегендер оны 
қой жүнінен тоқып киген. Қысты күні малшы-
лар (əсіресе жылқышылар) шекпеннің сырты-
нан тон қабаттап киетін болған. Қазақ жерінде 
шапандар əр түрлі тігілген: сырмалы шапан
қаптал шапан, қыз-келіншектерге арналған қи-
малы шапан, т.б. Ал, сəнді шапандарды түрлі 
түсті масаты матадан тігіп, оларға түйме орны-
на асыл тастар орнатылған күміс қапсырма 
(ілгектер) тағылған. Сыйлы қонақка шапан жабу 
тəрізді казақтың ертеден қалыптасқан дəстүрі 
күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Қазақтың 
аяқ киімдсрі - байпақ, етік, кебіс, мəсі [8]. 
Мəсі - аяқ киімнің бір түрі. Оның етіктен 
айырмасы өкшесі болмайды, сыртынан кебіс 
киеді. Қысты күні малшылар етіктің ішінен 
қозы жүнінен басылған байпақ (ұйық) киген. 
Етіктің табанына киізден ұлтарақ салған. Кебіс 
- мəсінің сыртынан киюге арналған, былғары-
дан тігілген қонымсыз аяқ киім. Бұрын кебісті 
галош орнына киген.
Қазақ халқының ұлттық киім-кешек лексикасының лингвомəдени аспектісі... 


150
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. 
№ 1(147). 2014 
Қазақтың ұлттық бас киімдері - тақия, сəу-
келе, орамал, кимешек, бөрік, тумақ, малақай. 
Бөрік, тұмақ, малақай - қара бұйра жүнді елті-
ріден (қозынікі), түлкі мен құндыз, жанат тері-
лерінен, сілеусін терісінің пұшпағынан, бұл-
ғын, кəмшат терісінен істеледі. Тақия -ұлттық 
өрнегіне, тігілу мəнеріне қарай əр алуан үлгіде 
дөңгелек пішінді жеңіл бас киім. Тақияны бір 
түсті матадан (сəтен, шұға, барқыт т.б.) көлемін 
аласа, төрт сай немесе дөңгелек үшкіл төбелі 
етіп тігеді. Қыздар тақиясын жібек жіптермен 
əсем кестелеп, моншақ, асыл тастармен безен-
діреді. Сондай-ақ тақияға үкі қадаған. 
Сəукеле - қызды ұзатқанда киетін бас киім. 
Қыз сəукелені күйеуінің еліне киіп барады деп 
тіктірген. Сəукеле - арнайы ақ киізден немесе 
арасына қыл салынып сырыған матадан жаса-
лып, сырты қымбат матамен (барқыт, атлас, 
мəуіті, шұға) қапталып, шетіне құндыз, кəмшат 
терісінен айналдыра тігіледі. Сəукеленің ар-
найы күміспен жасалған төбелдірігі (үш қарыс 
шамасы), оның маңдайшасына, екі жағына тізіл-
ген маржаннан салпыншақ бет жақтау жəне арт 
құлағы (белге дейін) болады.
Ал үстіне киілген жеңіл сырт киімі - бешпет 
пен шалбар. Олар қызыл түсті былғарыдан тігіл-
ген. Бешпет - екі жеңі ұзын, қысқа етекті, ойық 
жағалы, оның өн бойына үш жапырақты өсім-
діктер тəріздес əшекейлер көмкерілген. Жағасы, 
етегі, екі өңірі барыстың айбарлы тұмсығы бей-
неленген төрт бұрышты ірі-ірі алтын əшекейлер 
жапсырылған. Бешпеттің бүкіл бойы үш мыңға 
жуық алтынмен əшекейленген. Шалбар - аузы 
кең, əрі ышқыры бітеу, былғарыдан тыстап ті-
гілген сырт киім. Шалбардың балағы етік қоны-
шының ішіне салынып, оның екі жаны тұтастай 
ұсақ алтын əшекейлермен көркемдеген. Беш- 
петтің сыртынан буынған кісе белдік иленген 
қайыстан астарланып, шет-шеті тарамыспен 
оюланып тігіледі. Белдіктің өн бойы кесек 
алтынмен тұтас қапталып, əшекейленген [8,45].
Ұлттық киім - кешек - қазақ халқының тұр-
мыс-тіршілігін, тарихи даму эволюциясындағы 
түрлі кезеңдер мұраттары мен тұтынуларын 
көрсететін ең басты тарихи атрибуттардың бірі. 
Өз халқының тұрмысын, киім кию үлгісін, қол-
өнерін бағалап, тани білмеген адам - басқа ха-
лықты да тани алмайды, бағалауға қабілетсіз. 
Олай болса, қазіргі күнгі ұлттық сана-сезім есейіп, 
өз əдет-ғұрпымыз, салт-санамызды түгендеп, қай-
тарып алуға кіріскен сəтте тарихтан хабардар 
болу, оған түсініктен қарау, жақсысын алып, 
жаманынан жирену - ұлттық борышымыз, ата 
дəстүрі алдындағы парызымыз болуы шарт. 
Қорыта айтқанда, киім-кешек атаулары əлем
тілдерінің басым көпшілігінің лексикасының
ең көне қабатын құрап, көптеген атаулардың, 
таңбалардың тілде қалыптасуына негіз болған
бірліктер санатына жатады. Əрине, тіл-тілдегі
киім кешек атауларының тұрмыстық лексика-
да қолданылу деңгейі, кездесу жиілігі əр түрлі. 
Əрине, мəдениетті, рухани көріністерді бей-
нелейтін тіл, өнер, миф, өнер, дін жəне т. б. 
негізде құрылатын семиотикалық жүйе. Бірақ 
көшпенді мəдениетінде, қазақ мəдениетінде 
мəдениеттің таңбалық негіз, рəміздік жүйедегі 
ұлттың психологиясы, сакрализациясы негізі-
нен тіл арқылы сипатталады. Сондықтан мəде-
ниеттің коммуникативтік, мұрагерлік табиғаты-
на сəйкес оның ашық жүйе ретінде сақталуы, 
кейінгі ұрпаққа жетуі, жаңғыруы, танымы иге-
рілуі, жетілуі тіл арқылы іске асатынын қазіргі 
тіл білімінің антропоөзектік бағыттағы зерттеу-
лерінде қарастыру – аса тиімді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет