149
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 1(147). 2014
кемдік санасында қалыптасқан өзін қоршаған
шындыққа, уақытқа деген қатынасын, түсінігін
анықтауға болады. Суреткердің осындай тұлға-
лық тұжырымдамасы мен дүниені бейнелеуінің
өзіндік «тілдік əлемін» ашып беру сөз құді-
ретінің, тілдің рухани əлеуметтік əлеуеті ар-
қылы ғана іске аспақ [6].
Жоғарыда айтылғандардың дəлелі ретінде,
тұрмыстық лексика топтамасына жататын киім-
кешек лексикасы. Əсіресе, тақырыпты лексика-
ның əлемдік бейнені суреттей алатын арнайы
бір ақпарат беретін бірлік деп алғандықтан,
алынған ақпараттар арқылы халық санасына,
əдет-ғұрпы, өткен өмірі мен бүгінгісіне шығу
жəне аталмыш лексикалық тақырыптағы жай
сөздер ретінде қарамай, адаммен, халықпен
байланыста қарау бүгінгі таңдағы лингвомəде-
ниеттанудың, когнитивті лингвистиканың 21
ғасыр зерттеуінің мазмұндылығына үстемдік
танытқандығын айқындайды.
Ұлттық киім бай тарихи мəдени мұра, оны
зерттеу бізді өткен ғасырлардағы əдет ғұрып,
салт дəстүр, халықтың хал ахуалынан кең кө-
лемде жан жақты хабардар етеді. Қазақ халқы-
ның киімі басқа ұлттардан өзгеше өзіндік қа-
сиетке толы. Мұның басты себебі, қазақ халқы-
ның табиғат төсінде өсіп, еркін ғұмып кешуі-
мен байланысты. Қазақтың ұлттық киімдері
негізінен ертедегі көшпенділер киімдерін еске
түсіреді. Қазір өзіміз киіп жүрген бірқатар киім
үлгілері сақ дəуірінен бастау алады.
Киімдердің етек жеңіне рəміздік ұғымды
тұспалдайтын ою өрнек элеметтерін салу, үкі
тағу, жын перілерден, пəле жаладан, ауру сыр-
қаудан қорғайды, магиялық күш əсер етеді
деген сенімнен туған. Кейіннен үкіні тақия,
сəукеленің төбелеріне, домбыраға, бесікке қада-
ған. Үкінің қара қасқасын ерлер, балақ жүнінің
ұлпасын əйелдер қолданған. Үкі құсын қазақ
қасиетті деп білген. Ежелгі бақсылар, батыр-
лар, сал серілер де үкі тағып жүрген.
Пайдалану, тұтыну ерекшеліктеріне байла-
нысты киім күнделікті, сəндік киімдерге, жыл
мезгілдеріне қатысты қыстық, маусым аралық
жəне жаздық киімдер деп бөлінеді.
Жас жəне жыныс ерекшелігіне қарай: сəби
киімі (ит көйлек, тақия), бала киімі (кепеш, мала-
қай, құлақшын, жейде, дамбал, шалбар, етік,
бешпент, шапан), бозбала киімі (тақия, етік,
жейде, шалбар), бойжеткен киімі (желбіршекті
көйлек, тақия, кəзекей), қалыңдық киімі (сəу-
келе, желек), келіншек, бəйбіше киімі (кқйлек,
кимешек, жаулық, қамзол, кебіс, мəсі, көкі-
рекше), күйеу, жас жігіт, ақсақал киімдері (ша-
пан, ішік, бешпент, сырма шалбар, ақ жейде,
дамбал, саптама етік, кебіс, мəсі) деп түрлерге
бөлінеді [7].
Қазақтың ұлттық киімдері əрі алуан, əрі
олар халықтың көшпелі тұрмысына лайықты
жасалған. Оның негізгі материалдары төрт
түлік малдың өнімдері - тері мен жүнінен, одан
басқа киізден жасалды. Сырт киімдерге тері
мен жүн пайдаланылса, жеңіл киімдер үшін
қажетті материалдар сол мал өнімдеріне, малға
айырбасталып, сатылып алынған. Ежелгі қазақ
салтына тəн мал терісінен істелген сырт киім-
дерге тон (оның қаптама, камзолша деген екі
түрі бар) ішік, жарғақ, шекпен,
шапан жатады.
Қамтама-қысқы боранда малшылар киетін тон
түрі. Махамбеттің «Қаптай соққан боранда,
қаптама киген тоңар ма?!» дейтіні осы. Камзол-
ша - етегі тізеден жоғары келетін қысқа тон.
Тон орнына қасқырдың, түлкінің, қарсақтың,
күзеннің т.б. аңның терісінен сыртын матамен
тыстап тіккен киімді
"ішік" дейді. Бұл сияқты
аңның қымбат терісінен жасалған ішіктерді
құдаларға сыйға тарту дəстүрі болған. Кедей
адамдар ішікті қоян, саршұнақ терісінен де
жасап киетін. Бірақ, олардың сапасы нашар
болып келгендіктен, өздерін "бір жылға қоян
терісі де шыдайды" деген сөздермен жұбатқан.
Құлынның терісінен астарсыз тігілген тоңды
Достарыңызбен бөлісу: