Бақылау сұрақтары:
1. Ғылыми стильдің шағын түрлерін атаңыз.
2. Ғылыми стиль мәдениеті дегенді түсіндіріңіз.
3. Ғылыми стильдің морфологиялық және синтаксистік
ерекшеліктеріне не жатады?
4.
Ғылыми
стильде
терминдердің
қолданылу
ерекшеліктерін көрсетіңіз.
ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ СТИЛЬ
1. Публицистикалық стиль, оның қолданыс аймағы мен
қызметі
2. Публицистикалық
стильдің
белгілері,
оның
қалыптасуына ауызекі сөйлеу және көркем әдебиет
стильдерінің әсері
3. Публицистикалық стильдің жанрлық көптүрлілігі,
тілдік белгілері Осы стильдегі шешендік шеберлік, оған
қойылатын талаптар
Публицистикалық
стиль
–
(бұқаралық
ақпарат
құралдарының
тілі)
функциональды
стильдердің
бірі.
Публицистикалық стиль қоғамдық өмірдің алуан саласында,
саяси, мәдени-экономикалық, қарым-қатынастарды көрсетуге
қызмет етеді. Публицистикалық стильдің екінші бір ерекшелігі –
ұлттық әдеби тілдің толығуына зор ықпал етеді, әрі әдеби тілдің
лексикалық, грамматикалық жүйелеріндегі даму ерекшеліктерін
көрсете алады.
Публицистикалық стиль – газет, журнал, радио, теледидар,
документальді фильм, публицистикалық стильдің тақырыптық
диапазоны өте кең: саясат, идеология, философия, экономика,
мәдениет, күнделікті тұрмыс-тіршіліктің проблемаларды, қазіргі
уақыттың кезектегі міндеттері, ағымдағы саясат мәселелері,
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
70
әлемдегі,
қоғамдағы
жаңалықтар
мен
өзгерістер
(публицистиканы “қазіргі кезең жылнамалары” деп бекер
айтпайды).
Публицистикалық стильдің негізгі мақсаты – өмірдегі
оқиғалар мен фактілерді бағалау, философиялы-дүниетанымды
көзқарас тұрғысынан пайымдау мен түйін жасау болып
табылады.
Публицистикалық стиль тілдің екі қызметін атқарады, бірі –
хабар беру, екіншісі – ықпал ету. Публицистика латын тілінен
аударғанда "көпшілік, әлеумет" деген мағына береді.
Публицистикалық стиль – қоғамдық-саяси, үгіт-насихаттық
әдебиетте, бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылатын
әдеби
тілдің
функционалдық
стильдерінің
бірі.
Публицистикалық стиль дегеніміз – көпшілікке арналған
қоғамдық-саяси, әлеуметтік, экономикалық тақырыптарға
арналған газет-журнал беттеріндегі журналистика жанрларында
(очерк, бас мақала, мақала, ақпарат хабар, халықаралық шолу,
деректі
әңгіме
және
т.б.)
жазылған
жарияланымдар.
Публицистикалық стильдегі жарияланымдардың мазмұны
қоғам, адам өмірінің түрлі жағдайларын үгіттеу-насихаттау
сипатында болып, тілдегі әсерлі, сезімдік және бейнелі сөздерді
қолдану басым болады да, баяндалған мәселелер нақты фактілер
мен құжаттарға негізделеді. Публицистикалық стильдің алғашқы
белгілері оны ресми стильге жақындатса, соңғы белгісі оның
ғылыми стильге жақын екенін көрсетеді.
Публицистикалық стильге қойылатын талап – қандай
тақырыпқа жазылса да, логикалық жағынан дәлелді, көңілге
қонымды болу. Ол – тілдік құралдарды қолдана білуден
байқалады. Публицистика өзінің тақырыбына сай сөздер мен сөз
тіркестерін
сұрыптап
қолданады,
қажетті
синтаксистік
құрылысты пайдалану арқылы мәтін жасалады.
Публицистикалық стиль басқа стильдерден бейнелілігімен,
баяндаудың
шешендігімен,
жағымды
және
жағымсыз
мағынадағы мәнерлілігімен ерекшелінеді. Публицистикалық
стильде көркем сөз тәсілдерінің барлығы, сондай-ақ тұрақты сөз
тіркестері, мақал мен мәтелдер, афоризмдер және тілдің
көркемдегіш
тәсілдері,
әсіресе
риторикалық
сұраулар,
стилистикалық сөз қайталаулар да мол қолданылады.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
71
Публицистикалық стильдің ауызша түрі – шешендік сөз
өнері. "Өнер алды – қызыл тіл" деп білген қазақ халқының би-
шешендер мен ақындарының шығармашылығында шешендік
өнердің үлгілері жетерлік.
Қазақ әдеби тілінде қоғамдық-публицистикалық стильдің
тууы мерзімді баспасөздің пайда болуымен тікелей байланысты.
Қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығаштары – "Түркістан
уәләятының газеті" /1870-1888/ мен «Дала уәләятының газетің
/1888-1902/. Бұларға қоса "Торғай газеті", "Ауыл шаруашылық
листогі" және облыстық ведомостылар /мысалы, "Торғай
облыстық ведомостылары"/ сияқты патша үкіметінің жергілікті
әкімшіліктерінің ресми органдарында да қазақша материалдар
/көпшілігі ресми құжаттардың аудармалары/ басылып тұрған.
Қазақ публицистикасы араб графикасымен жарық көрді.
Публицистикалық стиль – қазақ әдеби тіліндегі проза жанрының
алғашқы үлгілерінің бірі.
Публицистикалық стиль – қазақ әдеби тілі функционалдық
стильдерінің қатарында тереңірек зерттелген салаларының бірі.
Бұл саланың тарихы, қалыптасуы, жалпы алғанда, диахронды
жай-күйі
туралы
еңбектер
(Қ.Жұбанов,
М.Балақаев,
Б.Әбілқасымов,
С.Исаев,
І.Кеңесбаев,
Е.Жанпейісов,
Х.Бекхожин, Н.Қарашева, Ш.Мажитаева, Б.Момынова), әдеби
нормалар мен тіл мәдениетіне қатысы, әдеби тілдің лексикалық
құрамының толығуына ықпалы, тілдік құрамы (Р.Сыздық,
Ә.Қайдаров, Р.Барлыбаев, Ө.Айтбаев, Б.Шалабай, А.Алдашева,
С.Әлісжанов)
туралы,
сондай-ақ
жаңа
кезеңдегі
публицистикалық стиль жанрларын прагматика, экспрессивті
синтаксис, функционалдық стилистика, салыстырмалы тіл білімі
(З.Ахметжанова, Ф.Жақсыбаева, Д.Әлкебаева және т.б.)
аспектілерінде қарастырған еңбектер бар.
Академик
Р.Сыздықтың
пікірі
бойынша,
қазақ
публицистикалық стилі (газет-журналдар тілі) 1960 жылдардың
орта тұсының өзінде-ақ қазақ әдеби тілінің лексикалық,
грамматикалық құрамының өзгеруі мен толығуына елеулі әсер
еткен және осы факторларды танытатын, сонымен қатар басқа
стильдік тармақтардың тіліне де елеулі әсер ететін, жалпы
алғанда, қалың жұрттың сөйлеуі мен жазуына ықпал жасайтын
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
72
айрықша беделді доминант стильдік тармақ ретінде қалыптасты
[19, 9].
Зерттеулердегі тұжырымдарға сүйенсек, публицистикалық
стильдің басты міндеттеріне: а) ақпаратты жеткізу функциясы;
ә) әсер ету функциясы жатады.
Белгілі ғалым А.Алдашева қазіргі баспасөз тілінің
жанрлық-стильдік ерекшеліктерін сөз еткенде: «Бір стильдік
элементтердің екінші стильге ауысуын, әсер етуін ғылымда
стиларалық диффузия деп атайтыны белгілі. Қазақ баспасөзінде
осындай стиларалық диффузия құбылысы байқалып отыр. Бұлай
болуының бірнеше себептері бар:
Біріншісі – қазіргі баспасөзде ақпараттық қызметтен гөрі
экспрессивтік ықпал ету қызметінің рөлі басым, күштірек. Бұл
жағдайда өз кезегінде қазіргі қоғам дамуындағы саяси-
әлеуметтік бетбұрыс ықпалы бар. Нарықтық қоғамның басты
ерекшелігі – бәсекелестікті дамыту, осы фактордың баспасөзге
қатысы бар. Басқаша айтқанда, бұқаралық ақпарат құралдары
оқырманның, тыңдаушының белгілі бір әсерін туғызу, сол
арқылы бұқаралық ақпарат құралдарына мүдделілігін (интерес)
арттыру үшін ақпарат берумен қатар, қалайда ықпал ету, өзіне
тарту қызметіне көңіл бөлуде.
Екіншіден, баспасөздің жанрлық-стильдік ерекшеліктерінің
өзгеруіне ұлттық ой-санасы әсер етуде. Үшінші себебі –
баспасөз журналистерінің тілінде еркіндік пайда болуы дейді [7,
53].
Көрнекті
ғалым
Б.Момынова
былай
дейді:
«Публицистикалық стильге келсек, оны жеке стиль ретінде тану
қажеттілігі өзіндік функциясынан, қызметінен туындайды.
Публицистиканың ең басты қызметі – хабар, ақпарат жеткізу,
тарату, үгіт-насихат жүргізу. Осы орайда ол тек таза ресми не
көркем тілмен сөйлесе, мақсатына толық жете алмайтыны
ақиқат. Оқырманды еліктіру, үгіттеу, бір мақсат, бір бағытқа
жұмылдыруда экспрессия элементтері пайдаланылса, кейде
ғылыми тілмен арнайы лексикамен сөйлеу қажеттілігі
туындайды. Сондықтан санамаланған қасиеттің бәрі де өз
бойынан
табылатын
публицистикалық
стильді
жеке
функционалдық стиль ретінде тану қажет» [36, 52].
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
73
ХХ
ғасырдың
70-жылдарынан
бастап
зерттелген
публицистикалық стиль проблемасында ақпаратты жеткізу
функциясы бірінше орынға қойылады. Бұл сол кезеңге тән заңды
сипат деп есептейміз. Өйткені сол кезеңдерде мерзімді баспасөз
тілі саяси идеологияның пәрменді құралы болды да, барлық
тілдік құралдар ақпаратты стандартты түрде жеткізуге
бағытталды. Әсер ету функциясы да жүріп отырды, бірақ екінші
қатарда болды, тіпті кейбір ғалымдар әсер ету функциясын
есепке
алмады.
Қазіргі
кезеңде
қоғамдық-әлеуметтік
өзгерістерге
байланысты
мерзімді
баспасөз
тілінің
(публицистикалық стиль үлгілерінің) функцияларының дәрежесі
өзгерді: алдыңғы қатарға әсер ету функциясы шықты немесе
ақпарат беру және әсер ету функциялары тең қатарда.
Қазақ мерзімді баспасөзінің тілі мен стилі стандартты
болды. Р.Барлыбаевтың көрсетуінше, ХХ ғасырдың 60-
жылдарындағы қазақ газеттері тілінің негізгі құрамы қоғамдық-
саяси лексика болып табылады [37, 12]. Демек, көрсетілген
дәуірде қоғамдық-саяси лексика газет тілінің негізі болып
саналғанын көреміз.
Қазіргі кезеңдегі қазақ баспасөзінде жағымды бағалауыш,
жағымсыз бағалауыш, модаль бағалауыш лексика қоғамдық-
саяси лексикаға қарағанда басым болып келеді. Ғалым
Б.Момынованың
пікірінше,
қазіргі
баспасөзде
«элита
лексикасы», «көсемсөздер лексикасы» деген қабаттар бар.
Баспасөз тілінде осындай жаңа лексикалық қабаттың болуы біз
жоғарыда атап көрсеткен әсер ету функциясы дәрежесінің
жоғарылай түскендігіне байланысты [36, 19].
Қазақ
лингвистикасында
бүгінгі
таңда
газеттік
публицистикалық стильдің және оның жанрларының жүйелі
тілдік құрылымын (лексикасы мен синтаксистік құрылымды)
қазіргі заманғы қоғамдық саяси өзгерістерге, тілге ықпал етіп
отырған экстралингвистикалық факторларға сәйкес тыңнан
зерттеу қажет. Өйткені қазіргі кезеңде қазақ тіліндегі газеттердің
мақсаттары мен міндеттері өзгерді, оқырман ақпарат алудан гөрі
(өйткені ол ақпаратты бұрыннан біледі) осы ақпарат туралы
газеттің пікірін, дәлелдемелерін білгісі келеді. Осы талапқа
сәйкес, қазіргі кездегі қазақ газеттерінің тілінде жағымды
бағалауыш
лексика,
жағымсыз
бағалауыш
лексика
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
74
(Г.Солганиктің терминдерімен айтқанда), ауызекі сөйлеу тілі,
көркем әдебиет тілі элементтері қиюластыра қолданылады.
Қазіргі қазақ газеттерінің тілінде ойды қарқынды жеткізу,
ойды ықшам жеткізу, ақпараттың ақиқат екендігін дәлелдеу,
сипаттама беру сияқты белгілер бар. Кейбір газет-журнал
үлгілерінде ауызекі сөйлеу тіліне қарай бет бұру (стилизация
под разговорную речь) бағыты да байқалады.
Осы тұрғыдан қарағанда, қазіргі қазақ газеттерінің тілі
ғылыми-көпшілік стильдің тілімен ұштасады. Сондықтан
ғылыми-көпшілік мазмұндағы мәтіндерде ақпаратты дәлелдеу,
оқырманға қарқынды түрде жеткізу үшін публицистикалық
стильдің элементтері де кеңінен қолданылады.
Ғылыми-көпшілік стильде публицистикалық стильге тән
тілдік құралдар мен композициялық құрылымдар белгілі бір
жиілікте жұмсалады. Осындай құралдардың қолданылуы
жағынан ғылыми-көпшілік стиль публицистикалық стильге
жақын, тіпті кей жағдайда ол публицистикалық стильдің бір
тармағы ретінде қабылдануы да мүмкін, бірақ, шын мәнінде,
публицистикалық стиль мен ғылыми-көпшілік стиль өз алдына
жеке дербес стильдік тармақтар. Оған дәлел: публицистикалық
стильдің тілі арқылы белгілі бір ғылыми фактіні ақиқатқа
негізделген теорияларды дәлелдеу талап етілмейді; ал керісінше,
ғылыми-көпшілік стильде қолданылатын тілдік құралдар
ғылыми-техникалық
прогреске
қатысты
фактілер
мен
материалдарды дәлелдеуге бағындырылады. Публицистикалық
стиль материалдары оқырманды сендіруге тырысады, ал
ғылыми-көпшілік стильдің тілдік құралдары белгілі бір
құбылыс, ұғым, туралы ғылыми түсінікті (ол анықталған немесе
алдағы уақытта анықталатын болуы мүмкін) таратып беруді
мақсат етеді.
Зерттеушілер публицистикалық стильді бірнеше шағын
стильдерге (подстиль) бөледі: 1) үгіттік публицистикалық шағын
стиль; 2) саяси-идеологиялық публицистикалық шағын стиль;
3) саяси-бұқаралық публицистикалық шағын стиль.
Публицистикалық шығармалар сол тілде сөйлейтін
адамдардың жас ерекшеліктеріне, білім дәрежесіне, наным-
сенімдеріне қарамастан, сол қоғам мүшелерінің барлығына
ортақ болып келеді.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
75
Публицистикалық
стильдің
жанрларға
бөлінуіне
байланысты
лексика-грамматикалық
құрылымында
айырмашылықтар болады. Деректеме, хабарлама жанрында
жазылған деректемелер, интервью, рецензиялар, аналитикалық
жанрларға мақала, көркем-публицистикалық жанрға очерк,
фелетон, репортаж, эссе жатады.
Публицистикалық стильде қазақтың ұлттық әдеби тілінің
өзіндік орны бар деп саналады. Стилистикалық құрылысында
ұлттық әдеби тілдің дамуына, баю, толығу үрдісінде ол кейде
көркем әдебиет стилінен де озық тұрады. Көптеген жаңа сөз, сөз
тіркестерінің қолданысқа түсіп, әдеби тілден берік орын алуы,
публицистикалық стильдің ұлттық әдеби тілдің дамуына кері
ықпал ететін тілдік элементтер бар екені де зерттеушілер
тарапынан айтылып жүр. Бұл публицистикалық стильдің
стильдік нормасына кері әсерін тигізеді.
Стильдің бұл түрі қоғамдық саясат негізінде жазылған
шығармаларға байланысты. Екінші сөзбен айтқанда, қоғам өмірі
үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады.
Үшінші түрі – саяси үгіт, партиялық документтер, меншікті
публицистика, яғни памфлеттер немесе біреуге қарсы жазылған
өткір мақала, очерктер. Онда қоғамдық-саяси мәселе ауызша,
жазбаша түрде қарастырылады. Сонда жоғарыда аталған очерк,
газет,
журналдардан
басқа
радио,
телехабарлар
да
публицистикалық стильге жатады.
Публицистикалық стильді арнайы зерттеген О.Бүркітовтің
көрсетуінше, публицистикалық шығармалар тілінің мынандай
негізгі ерекшеліктері болады: 1) берілген материалдың
деректілігі мен ресми деректермен сәйкестігі; 2) берілген
материалдың қалың көпшілікке түсініктілігі; 3) берілген
материалдың оқырманға әсерлілігі. Публицистикалық стильдің
хабарлау және ықпал ету қызметтері басқа функционалдық
стиль түрлерінде де кездесіп отырады. Мысалы, ықпал ету
функциясы публицистикалық стильге де, көркем әдебиет стиліне
де тән. Бұл тұрғыдан мұндай белгілер оларды әрі біріктіреді, әрі
оқшаулайды. Біріктіретін белгі жазушы да, журналист те өзінің
шығармалары арқылы оқырман санасына әсер етуге ұмтылады.
Ал оқшаулайтын белгі – туындыгердің оқиғаға өз көзқарасы.
Туындыгер публицистің көзқарасы ашық, бірден беріледі де,
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
76
жазушы көзқарасы көркем шығарманың композициялық
құрылысынан кейін пайда болады. Яғни публицистикалық
стильде ашық субъективтілік басым келеді. Мұның өзі
журналист пен оқырман арасында үнемі байланыс орнауына
негіз жасайды. Бұл байланыс әсер етудің негізгі жолы болып
саналады [38, 15].
Хабарды жеткізуде де публицистикалық стиль көркем
әдебиет стиліне ұқсамайды. Көркем шығармадағы оқиға
қаламгердің шығармашылық әлемінен сұрыпталып өтсе,
публицистикалық шығармаларда деректер документальды
беріледі.
Қалың
бұқарамен
байланысты
болғандықтан,
публицистикалық
стиль
ауызша
сөз
стиліне
жақын.
Публицистикалық стиль – белгілі бір нысаны, орны, функциясы,
мазмұны, құрылымы мен пішіні бар, белгілі бір жанрлар жүйесі
және қоғам мүшелеріне әсер ету тәсілдері бар тұтас
шығарманың түрі.
Публицистикалық стиль – әдеби тілдің функционалдық
стильдерінің ішіндегі ең күрделісі. Оның күрделілігі шағын
стильдердің көптігінде және жанрларының әртектілігінде.
Публицистикалық стиль газет стилі, лозунг стилі, радио тілі,
теледидар тілі, сөйлеуші шешен стилі, публицистикалық әдебиет
тілі сияқты шағын стильдерге бөлінеді. Алайда осы шағын
стильдер арасындағы ең негізгісі, публицистикалық стильдің
барлық ерекшеліктері мен белгілерін өз бойына сақтайтыны –
газет стилі. Кейде публицистикалық стильді газет-публицистика
стилі деп беру де газет тілінің жоғарыдағы белгілеріне
байланысты. Сондықтан публицистикалық стильдің өзіндік
ерекшеліктері мен белгілерін, интонациялық құрылымын
анықтауда
баспасөз
материалдарын
пайдаландық.
Публицистикалық стильге тән басты ерекшеліктер: берілген
материалдың өзектілігі және ресми деректермен сәйкестігі;
берілген материалдың қалың көпшілікке түсініктілігі; берілген
материалдың оқырманға әсерлілігі.
Публицистикалық стильде авторлық баяндаудың үш түрі
кездеседі: оқиғаның І жақтың жекеше түрінде баяндалуы; І
жақтың көпше түрінде баяндалуы және автордың ІІ жақтан
баяндауы. Осы баяндаудың әрқайсысы публицистикалық
стильде үлкен стилистикалық қызмет атқарып, оның жанрлық
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
77
ерекшеліктеріне сәйкес қолданылады. Публицистикалық стиль
әдеби тілдің нормалық жүйесіне қатысы жағынан да
ерекшеленеді. Бұл стильде әдеби нормадан ауытқу жиі
кездеседі. Стильдің әдеби тілдің нормасына қарым-қатынасы екі
жақты: 1. Стиль қалың бұқара тілінің нормалануына әсерін
тигізеді; 2. Бұл стиль арқылы әдеби тілімізде жаңа
стилистикалық нормалар қалыптасады.
Публицистикалық стиль әдеби тілдің функционалдық
стильдерімен тығыз қарым-қатынаста келеді. Әдеби тілдің
функционалдық стильдерінің тығыз байланысты болуы олардың
саралануының кейіннен пайда болған құбылыс екендігін
растайды. Бұл байланыс бір функционалдық стильге тән амал-
тәсілдердің
екінші
бір
стильде
қолданылуынан,
бір
функционалдық стильдің екіншісіне әсер етуінен, соның
нәтижесінде әдеби тілдің функционалдық стильдер жүйесінің
дамуынан байқалады. Бір стильге тән тілдік ерекшеліктердің
екінші стильге ауысып, өнімді қолданылуы стиларалық
диффузия деп аталады.
Соңғы кездегі көркем әдебиет стиліне публицистикалық
стильдің дәстүрін қолданып жазылған шығармалардың бар
екендігі анықталып отыр. Бұл құблысты Р.Сыздықова
публицистизм құбылысы деп таниды. Публицистикалық стильде
бірізділік күшті болады, терминдерді, сөз тіркестерін жұмсауда,
сөйлемдерді құрастыруда әдеби тілге және өзіне тән дәстүрлі
қалыптасқан нормаларды қатал сақтайды; баспасөз беттерінде
метафоралық қолданыстар болады.
Публицистикалық стиль қазақ тілі мәдениеті мен
лингвостилистикасының ең бір үлкен бөлшегіне қызмет етеді.
Ол қоғамдық ортаға стилистикалық бағалау категориясы арқылы
белгілі сөз бен сөйлемдердің жиынтығын құрайды. Газет
тіліндегі
стилистикалық
категориялар
ұстанымы
публицистикалық стильдің сөздік қорының лексикасын
құрайды. Бұрынғы сөздік қордан шыққан сөздер немесе,
керісінше, публицистикалық стильдің негізгі сөздігі болған
сөздер қайта айналысқа түсіп, өзінің стильдік бояу, стильдік
мағына, стильдік мәнін де өзгертеді.
Зерттеушілер
публицистикалық
стильде
сауатты,
мәдениетті сөйлей алмаудың өзіндік себептері жоқ емес дегенді
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
78
айтады: біріншіден, қазақ тілінде көпшілік ортасында және
ресми ортада сөйлеудің қажетті болмауынан, екіншіден,
орфоэпиялық нормаларды сақтамаудан, ойдың логикалық
желісін сақтамаудан, үшіншіден, ұлттық ойлау жүйесін жоғалту
үстінде екенін де жасыруға болмайды, төртіншіден, сөздерді бір-
бірімен үйлестіріп, сөйлемдерді дұрыс құрамау сияқты толып
жатқан кемшіліктердің болатынын ашып айту қажеттілігі
туындап отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |