Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС). Өкпенің тіршілік сыйымдылығы дегеніміз дем алу,
қосымша және қордағы ауалардың қосындысы. Адам қалыпты жағдайда дем алғанда өкпеге 300-500 мл
ауа кіреді. Мұны дем алу ауасы дейді. Қалыпты жағдайда жай ғана дем алған соң, демді шығармай
күшеніп тұрып, тағы да 1,5-2 л ауаны сіміруге болады. Мұны қосымша ауа дейді. Қалыпты дем
шығарудан кейін дем алмай тұрып тағы да күшеніп дем шығарып 1-1,5 л ауаны шығаруға болады. Мұны
қордағы ауа дейді.
Балалар мен жасөспірімдердің ӨТС-ы Бала Жасы 6 7 10 12 15 17 Ер бала
1200
1400
1630
1975
2600
3520
Қыз бала
1100
1200
1460
1905
2530
2760
Ересек адам 1 минөтте өкпесінен 6-7 л ауаны өткізеді. Алмасатын ауаның мөлшері адамның
салмағына, бойына байланысты.
Тыныс алудың нервтік және гуморальдық реттелуі. Төменгі дәрежелі тыныс алу орталығы
сопақша мида орналасқан. Ол дем алу мен дем шығаруға жауапты екі бөлімнен тұрады.
Тыныс алу орталығындағы жүйке жасушаларының қозуы қандағы көмірқышқыл газының
концентрациясына байланысты (гуморальды фактор). Көмірқышқыл газының тыныс орталығына әсері
екі түрлі жолмен іске асады: а) нейрондарды қоректендіретін қанның құрамының тікелей әсері; б)
рефлекторлы жолмен көмірқышқыл газының арнайы хеморецепторларға әсері.
Бұлардан басқа рефлекторлы түрде болатын тыныс алу мүшелерінің қызметінің реттелуінің де
маңызы үлкен. Айталық, дем алғанда өкпе керіледі де, оның қабырғасындағы және қабырға аралық
бұлшық еттер мен диафрагмада орналасқан барорецепторлар тітіркенеді. Оларда пайда болған
импульстар орталыққа тепкіш жол арқылы сопақша миға барып, оның нейрондарының қызметін тежейді
де, дем алу тоқтап, дем шығару басталады. Өкпенің керіліп созылуы тоқтасымен тыныс алу орталығына
баратын импульстер тоқтап, нейрондардың қозғыштығы артады да қайтадан дем алу басталады.