Issn 2518-198х индексі 74623 Индекс 74623 Қ ар ағ анд ы уни вер си тетiнiң ÕÀÁÀÐØÛÑÛ



Pdf көрінісі
бет10/46
Дата12.10.2022
өлшемі5,53 Mb.
#42591
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46
Байланысты:
аааа сейдімбек

Қол шатырлы қыз: Сұрқай жүзі, суық қысы, сұмдық адамдары, қаралы күні жоқ мына елде. 
(«Бір атым насыбай»). 
І. Кеңесбаевтың «Фразеологиялық сөздігінде» бұл тіркестердің мағынасы былайша ашылады: 
Қаралы күн – марқұмды азалау уақыты, жоқтау мезеті. 
Зауалды күн – жауап берер сəт. 
3. Қарғау-сілеу тұрақты тіркестері: желкең қиылғыр, көсегең көргермесін, қара жамылғыр т.б.
Қаламгер шығармаларында қарғыс мəнді фразеологизм кейіпкер тілінде қолданылып отыр.
– Кешіріңіз, асығыс айтылған өз пікірімді өзіме қайтарыңыз, – деді қыз: қара жамылғыр деп 
сөгуіңіз орынды емес («Боран»). 
Қара жамылу тұрақты тіркесі жақыны қайтыс болғанда айтылатын сөз тіркесі.
4. Іс-əрекетке байланысты фразеологизмдер: қабағын керді, сəлем берді. 
Алғашында қабағын керіп, меңірейіп, көзін ашып тұрып қалды. Қабағын керу – «маңғаздану», 
«ойнау» деген мақсатта жұмсалған. 
Келтірілген мысалдардағы қарғыс мəнді фразеологизмдер кейіпкер тілінде қолданылып, 
қаһарманның сол сəттегі көңіл-күйін, ашу-ызасын, сезім иірімдерін көрсетеді. Фразеологизмдер 
кейіпкер сезімін, көңіл-күйін, хал-жағдайын ерекше əсермен жеткізеді. Бір сөйлемдік контексте бес-
алты тұрақты тіркестердің басын құрап, тұжырымды түйін түю – қаламгердің халық тілін терең 
меңгеріп, оны орынды қолдана білу шеберлігі жоғары [2; 63]. 
А.Сейдімбек шығармаларындағы бұл тұрақты тіркестер шығарма тілінің көркемдігі арттырып, 
кейіпкер бейнесін нақтылау, əлеуметтік ортаны суреттеу, шығармадағы бір кейіпкерді басқа 
кейіпкерден даралап көрсету мақсаттарында қолданғаны анықталды. Фразеологизмдер кейіпкер 
тілінде тілдік стилистикалық құрал ретінде көрінсе, автордың қолдануы арқылы жағдайдың жан-
жақтылығы нақтыланып, образдылығы сан құбылып, суреттілгі сезім мен бағалау айқын ұштасып 
көрінеді. Фразеологизмдер тек мағынасына қарап қана шартты түрде сөз таптарына 
топтастырылатыны белгілі. Мысалы: «ұялу» – бетінен оты шығу, өлмегенге қара жер, өлген жері 
осы, кір келтіру, беті күю, жер шұқу, жүзі шыдамау, құлағының ұшына дейін қызару т.б. бір сөз 
табына топтастыра алмаймыз. Мағыналас фразеологизмдер Ақселеу Сейдімбек шығармаларында 
қатар-қатар орналаспаса да, олардың көбісі түгелдей айтылмай, ықшамдалып жұмсалған. 
Р.Сыздықова «белгілі бір қаламгердің жалпы тілдік қазынасын жəне көркемдік байлығын 
зерттеуде оның фразеологиясын тану ерекше орын алады» деген пікір айтқан болатын. Ақселеу 
шығармаларындағы аяғына тұсау байлады, бес саусақтай білді, жар дегенде жалғыз, қапы 
жібермеді, барымталыққа барды, қадам басты, зар болды, қабақ шытты, жынын қағып алды, 
белді қынай буынды, белін жазды, жеп қоя жаздады, көңілі жарқын, жым болды, құдай сүйер 
қылығы жоқ, жайы салды, дес бермеді сынды тұрақты тіркестер автор сөздерінің мол қолданысын 
көрсетіп тұр. 


Ш. Мажитаева, А.Ы. Сейтім, Н.Б. Жанузаков 
12 
Вестник Карагандинского университета 
Ақселеу Сейдімбек шығармаларында авторлық өзгеріске түскен тұрақты тіркестерде кездеседі. 
Жəне олардың əрқайсысы өзіне тəн стильдік жүгін арқалап тұр. Ақселеу фразеологизмдерді 
трансформациялап қолдануда үдете, бояуын қалыңдата беру тəсілі ерекше көзге түседі. Кейде автор 
қалыпты фразеологизмдердің құрамына жеке бір анықтауыш сөз қосады. Жəне ол жаңаша мəн-
мағына үстейді. Ақселеу Сейдімбек өз шығармаларында окказионал фразеологизмдерді аз қолданған. 
Олардың қалыптасқан мəтін түріне негізделген фразеологизмдер. Окказионал фразеологизмдердің 
түрлері бір ғана құрылымдық-семантикалық инвариант шеңберінде пайда болады.
Жекелеген нақты фразеологизмдердің ерекшелігі, фразеологиялық 
модель (қос сөздер, 
салыстырмалы конструкция) окказионалды фразеологизмдер жасайтын лексикалық материалдармен 
толықтырылады. Окказионал фразеологизмдер, əдетте, авторлық фразеологизмдермен түсіндіріледі. 
Бір көркем шығарманың негізінде көрінетін окказионал фразеологизмдер əдеби тілге енуге талпыныс 
жасамайды.
Ақселеу шығармаларындағы фразеологизмдерді үш топқа бөліп қарастыруымызға болады: 
1) есімді фразеологизмдер; 
2) етісті фразеологизмдер; 
3) əр түрлі сөз табынан болған фразеологизмдер [4; 87]. 
Сонымен, А. Сейдімбек романындағы фразеологизмдердің лексика-грамматикалық жіктелісін 
төмендегідей саралайық: 
Есімді фразеологизмдер: 
берен мылтық 
зар заман; кəрі жілік; байғұс; нақақ жала; сый-сыпат; теке сақал; май боран; май шелпек; 
масыл; ащы шындық; суық көр; кəрлен кесе; талақ т.б. 
Мысалы, Тура айтқанды сүйетін, өзі де қайратқа, қимылға бой ұрған, ерекше адам еді, 
байғұс («Аққыз»). 
Есімді фразеологизмдер аты айтып тұрғандай зат есімнен болады.
Етісті фразеологизмдердің ерекшелігі модель құрамының, негізінен, зат есім-етістік болып 
келетіні бəрімізге аян. 
Əр түрлі сөз табынан болған фразеологизмдер құрылымы жағынан күрделі болып келеді. 
Жазушы шығармаларындағы фразеологизмдердің екі, үш, төрт, бес көп компонентті құрылымдық-
типологиялық жіктелісі ерекше қолданыста жасалған [4; 113]. 
Ақселеу 
Сейдімбек 
шығармаларындағы 
фразеологизмдердің 
лексика-грамматикалық 
ерекшеліктері фразеологизмдердің құрамындағы компоненттеріне тікелей байланысты. Ақселеу 
шығармаларындағы узуалдық қолданыс ыңғайындағы жұмсалатын, бірінші тəсілдегі халықтық 
фразеологизмдер нағыз мəнерлегіштік, бейнелілік қасиетте жұмсалады.
Əдебиеттер тізімі 
1 Мажитаева Ш. ХХ ғасыр басындағы қазақ əдеби тілі / Ш. Мажитаева. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2004. — 234 б. 
2 Сыбанбаева А. Метафораның тілдік болмысы жəне концептуалды метафоралар / А. Сыбанбаева. — Алматы: Санат, 
2002. — 231 б. 
3 Сейдімбек А. Аққыз / А. Сейдімбек. — Алматы: Атамұра, 2002. — 456 б. 
4 Исаев С. Қазақ əдеби тілінің тарихы / С.Исаев. — Алматы: Ана тілі, 1996. — 322 б. 
Ш. Мажитаева, А.Ы. Сейтім, Н.Б. Жанузаков 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет