Ш. Мажитаева, А.Ы. Сейтім, Н.Б. Жанузаков
10
Вестник Карагандинского университета
1) стильдік қызметіне қарай көпшілік қолды сөздер:
су, қозы-лақ, аспан, тіл т.б
.;
2) поэтикалық кестелі сөздер:
көңіл, сезім, қажыр-қайрат, күлкі т.б.;
3) қарапайым сөздер;
4) диалектизмдер:
леген, насыбай [2; 116].
А. Сейдімбек кейіпкер тілін, кейіпкер мінезін еркін жеткізу мақсатында, əрбір диалог барысында
қаратпа сөздерді қыстырып отырды. Оған мысал:
–
Сыздеке, қыраныңыз құтты болсын!
– Ей, Мұса, Кекшіліңнің қызығын көп көрдің ғой сен.
– Мұсеке, адам қартайғанда бір бала дейді ғой т.б. [3].
Жалпы жазушының халық тіл байлығын жетік меңгергенін байқатуда, көркем шығармаларда
типтік образ жасауда, жеке кейіпкердің тілдік ерекшелігін аңғартуда жоғарыда аталған мəселелердің
маңызы зор. Көркем шығарманың мазмұны ондағы кейіпкерлердің іс-əрекетін айшықты сөзбен
бейнелеп, суреттеп көрсету арқылы түсініледі.
Фразеологизмдер – көркем шығарма тілінде образды бейнелі реңк беру, эмоционалды-
экспрессивті бояуын арттыру мақсатында қолданылатын тілдік бірліктер. «Ақын-жазушылар өз
туындыларын жазу үстінде жаңа грамматикалық форма іздеп отырмасы анық, өзіне таныс стилін,
қолтаңбасын қай сөйлем мүшесін жиі қолдануын, сөз байланыстарының қандай тəсіліне жиі
жүгінетіндігінен гөрі, бірден көзге ұрып тұратын жəне жиі пайдаланатын формалардан іздегені жөн».
Осы дайын материалды əр қаламгер əр мақсатта қолданып, шығармаларын əрлендіре түседі. «Тұрақты
тіркестер – əдеби тілдің ілгері даму барысында қалам қайраткерлерінің əрекеті арқылы жанданған əсем
кестелер. Олар – сөз зергерлерінің ой-түйінін ықшамдап аңғартатын жинақтылықтың үлгісін көрсететін
көркемдік құрал. Тұрақты тіркестерді қай жазушы болса да өз шығармасында қажетіне қарай
қолданады», – деп ғалым М.С.Серғалиев айтқандай, — бұл зерттеу жұмысымызда көркем прозадағы
фразеологизмдерді авторлар өз туындыларында халық тілінің бай қазынасынан көркем сөздің алуан
түрлі өрнектерін мақсатты ойларына лайықтап алып отырғандығын байқаймыз [2; 121].
Фразеологизмдерді А.Сейдімбеков «Аққыз» повесінде мағынаны əсерлеу, суреттеу, көркемдеу
қызметінде шебер, ұтымды, өнімді пайдаланған.
Бəрінің де артында ат бүйірін соқпастай етіп
жасаған арқалығы келте қоржын.
Əкесі Сүтемген осыдан үш жыл бұрын дүние салғанда дөңгелек
дəулетінің иелігі – соңынан ерген жалғыз тұяғы Наймантайға тиген.
Жүрегінде жылт еткен
Достарыңызбен бөлісу: