ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Алауханов Е.О. «Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика», Оқулық – Алматы: Заң
әдебиетi, 2009. – 35-36 бб.
2. «Президент және халық» Республикалық қоғамдық – саяси газет, №30, 11 шiлде 2014 жылы, 1 бет.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы. Қазақстан Республикасының заңы.-Алматы: ЮРИСТ,
2014, 3 – б.
4. Сарыкулов К.Р. Иманбердиев С.А. Айдарбекова К.Ж. Қылмыстылықтың себептерінің криминологиялық
теориялары және оның қылмысқа әсер ету себептері Нұрлы-бейне Шымкент-2019
Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
33
ӘОЖ930.85(574)
Бижан Н.Н.
з.ғ.к., Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті,
Шымкент, Қазақстан
Дайрабаева Г.М.
п. ғ. к., аға оқытушы, Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті,
Шымкент, Қазақстан
Шеримкулова Г.Д.
з.ғ.к., аға оқытушы, Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті,
Шымкент, Қазақстан
Акчабаев Ш.
Доктор Phd, Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті,
Шымкент, Қазақстан
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕНДІК ӘКІМШІЛЕНДІРУДІ ҚҰҚЫҚТЫҚ
РЕТТЕУДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР
Түйін. Бұл ғылыми мақалада кедендік әкімшілендіруді құқықтық реттеу мәселелері туралы қарастырылған.
Тірек сөздер: заң, құқық, кеден, әкімші, одақ, экономика, реформа.
Резюме. В данной статье рассматривается правовое регулирование таможенного администрарования.
Ключевые слова: закон, право, таможня, союз, экономика, реформа.
Summary. This article discusses the legal regulation of customs administration.
Keywords: law, law, customs, Union, economy, reform.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы кеден ісінің құқықтық негіздерін «Қазақстан
Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының кодексі (бұдан әрі – Ко-
декс) [1; 2б.], осы кодекске сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ Еуразиялық
экономикалық одақтың Кеден кодексі [2; 5б.] мен Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде
қабылданған өзге де шарттар мен құқықтық актілерге негізделген.
Демократизм кеден құқысының кағидасы ретінде кеден органдарының, нысандарында айтылған
әр тұлғаның тауарларды жеткізіп беру тағы сыртқа әкету бостандығы, қайсысы кедендік ережені
таңдауын, кеден органы мен оның ресми қызметкерның амалі әлде амалсіздігіне шағындана алуынан,
алу тағы акпарат алу құқысының болуын растайды [3; 38б.].
Елімізде жүргізілген реформалар шеңберінде 2014 жылдан бастап кеден қызметі салық
қызметімен біріктіріліп, мемлекеттік кірістер органдары жүйесіне енгізілген, кедендік әкімшілендіруді
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жүзеге асырып
келеді.
Қазақстан Республикасының кеден қызметіне бүгінгі таңда бірқатар елеулі міндеттер жүктеліп,
еліміздің экономкалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үлкен рөл атқаруда.
Атап айтқанда, республика бойынша көлеңкелі экономикаға қарсы жүргізіліп жатқан іс-шаралар
кеден саласына тікелей қатысы.
Бұл ретте, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, кеден органдары Кодексінің
12-бабына сәйкес[4; 5б.], тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы
өткізілуін жеделдету мен жеңілдетуге жағдайлар жасауі функцияларын да қамтамасыз етуде.
Осыған байланысты, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, елімізде кеден саласында
салықтөлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға барынша ыңғайлы жағдай жа-
сау мақсатында, жаңа кеден кодексімен қатар кедендік және салықтық әкімшілендірудің АСТАНА-1
ақпараттық жүйесі енгізілген болатын.
33
Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020
34
Бұл, Қазақстанның әлімдік интеграциялық процестерден тыс қалмай, әлемдік жаһандану талап-
тарын орындаудың нәтижесі болып табылады.
АСТАНА-1 ақпараттық жүйесі БҰҰ Сауда мен даму бойынша бойыншща Конференцисының
(ЮНКТАД) кедендік декларациялау платформасы – ASYCUDA негізінде дайындалып, енгізілген.
Атап айтқанда, 2015 жылдың қыркүйегінде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мен БҰҰ Сау-
да мен даму бойынша бойыншща Конференцисының (ЮНКТАД) арасында тиісті ақпараттық жүйесін
енгізу бойынша тиісті шарттарға қол қойылған болатын.
Бұл бағдарламаның түпкі мақсаты, кедендік декларациялау процесін 100 пайызға автоматтанды-
ру болып табыладлы.
Алғашқыда, 01.01.2018 жылдан бастап, АСТАНА-1 ақпараттық жүйесі арқылы тек «экспорт»
кедендік рәсімімен ресімделетін тауарлар ғана тіркеліп, рәсімделген болатын. Кейіннен қалған
кедендік рәсімдер бойынша қолданыла бастады.
Декларант тауар кедендік аумаққа кіргізілгеннен бастап, толық рәсімделіп шығарылғанға дейін
барлық іс-әрекеттерді ақпараттық жүйе арқылы жүргізіп, уақыт пен қаржылай шығындарын үнемдеуге
мүмкіндік алды.
Декларант интернет желісі болған жеғдайда, кедендік рәсімдеуді офисінен шықпай ақ жасап,
аяқтай алады.
Бұл бір жағынан декларант пен кеденшінің тікелей қарым-қатынасын жойып, сыбайлас
жемқорлықтың алдын алуға бағытталған болса, екінші жағынан, бизнес рәсімдерін тездетіп, сауда ай-
налымын ұлғайтуға мүмкіндіктер береді.
Алайда, кез келген енгізілген жаңашыл идеялар мен процесстердің өзінің кейбір осал тұстары да
болары анық.
1. АСТАНА-1 ақпараттық жүйесін енгізу кеденші мен декларант арасындағы құжат айналы-
мын азайтуды көздегенімен, іс жүзінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер қағаз нұсқадағы
құжаттардың ұсынуын көздейді.
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы кедендік шекарасынан, яғни өткізу пунктінен та-
уарды өткізу барасында АСТАНА-1 ақпараттық жүйесіндегі мәліметтермен салыстыру үшін қағаз
нұсқадағы кедендік құжаттар талап етіледі.
Мысалы, Кодекстің 155-бабына сәйкес кеден органын тауарлардың Еуразиялық экономикалық
одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабардар еткен кезде тасымалдаушы халықаралық тасымалдау
көлік құралына арналған құжаттарды, көліктік (тасымалдау) құжаттарды, тасымалдаушыда бар тасы-
малданатын тауарларға арналған коммерциялық құжаттарды т.с.с. бірқатар құжаттарды табыс етуі қажет.
Осы тұста, ақпараттық жүйедегі мәліметтер мен құжаттардағы мәліметтерде айырмашылық
болған жағдайда, декларанттарда бірқатар проблемалар болып, тауарлар кідіртіліп, енгізілген
мәліметтерді түзелелеу шаралары қолданылады.
2. Сондай-ақ, Кодекстің 393 және 451-баптарына сәйкес, кедендік бақылау объектілерін, кедендік
бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды
таңдаған кезде тәуекелдерді басқару жүйесі пайдаланылады.
Сол себепті, кедендік бақылау объектісін таңдауға мүмкіндік беретін белгілердің белгісі неме-
се жиынтығы болып табылатын «тәуекел индикаторлары» кеден органдарымен қалыптастырылып,
АСТАНА-1 ақпараттық жүйесіне енгізілген.
Сондықтан, бұл жүйеде кедендік декларациялау келесідей дәліздер бойынша жүргізіледі:
1. Жасыл дәліз
2. Көк дәліз
3. Сары дәліз
4. Қызыл дәліз
Кедендік декларацияны тіркеу кезінде тәуекелдер бейіндері іске қосылмаған жағдайда,
ақпараттық жүйе кедендік декларацияны автоматты түрде «жасыл дәліз» арқылы рәсімдеп, тауар 1
минуттан кешіктірілмей шығарылады.
Ал, тәуекелдер бейіндері іске қосылған жағдайда, тәуекел түріне қарай «көк дәліз» (кедендік
құн, тауарлы коды және шыққан елі тексеруледі), «сары дәліз» (тауардың құнына қосымша тексеру
тағайындалады, кедендік төлемдер бойынша айырмашылық қамтамасыз етілмей тауар шығарылмайды),
«қызыл дәліз» (кедендік жіте қарау жүргізіліп, кедендік сараптама тағайындалады) арқылы рәсімделеді.
Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
35
Алайда, бұл процедураның да өзіндік проблемалық тұстары бар.
Атап айтқанда, кеден органлдарымен енгізілген тәуекелдер бейіндеріне байланысты салық тө-
леушілерге қатысты жүргізілетін кедендік жіте қараулар (таможенный досмотр) саны азаяр емес.
Мұндай жағдайларда, бұл кедендік жіте тексерулердің басым көпшілігі кеден органы үшін
нәтижесіз аяқталады, яғни заң бұзушылықтар анықтамлайды. Мұндай жағдайда, орталық мемлекеттік
кірістер органдары бекіткен рейтингтік көрсеткіштерді орындау, яғни тәуекелдер бейіндерінің
тиімділігін дәлелдеу үшін, тексеруші кеден қызметкері қандай-да болсын заң бұзушылықты анықтауды
мақсат тұтып, тексеру шараларын созбаландыққа салуға мәжбүр болады.
Бұл әрине, декларанттық уақытын тежейді, оны бірқатар шығындарға әкеп соғады. Себебі,
кедендік бақылау барысындағы тауарларды түсіру, арту, қайта тиеу шығындарының барлығы декла-
рант өтеуге міндетті.
Осылайша, бүгінгі таңда тәуекел бейіні расталмаған декларанттарды ақпараттық жүйесінен
алып тастау, оларға қатысты қайталап кедендік жіте тексеру жүргізбеу ережелері регламенттелмеген.
Яғни, бүгін АСТАНА- ақпаратық жүйесі арқылы кедендік рәсімдеу барысында тәуекледер бейіні іске
қосылып, әкелінген тауарларға қатысты кедендік бақылау, оның ішінде кедендік жіте тексеру (тамо-
женный досмотр) жүргізіліп, заң бұзушылық анықталмаған декларанттарға қатысты, келесі жолы да
тәуекелдер бейіні іске қосылып дәл осындай қайта тексеру шаралары жүргізілмеуіне кепілдік жоқ.
Осының бәрі бизнес өкілдерін шығындарға ұшыратып, олардың әкелген тауарларының
нарықтағы бағасының өсуіне ықпал етеді.
Бұл проблемалық мәселені шешу мақсатында, тәуекел бейіндері расталмаған кәсіпкерлерге
қатысты келесі жолы тауарлары кідіртіп, тексеру шараларын жүргізуге жол бермейтін нақты бір
құқықтық актілер мен регламенттер қабылдау қажет.
3. Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз етуде ерекше рөл атқаратын кедендік
баждардың негізін қалайтын импортталған тауарлардың кедендік құнын анықтауға бүгінгі таңда ерек-
ше мән берілуде.
Сондықтан да, тауардарды АСТАНА-1 ақпараттық жүйесі арқылы декларациялау кезінде іске
қосылатын тәуекелдер бейіндерінің басым бөлігі тауардың кедендік құнына қатысты болып табылады.
Осындай тәуекелдер бейіндері іске қосылған жағдайда, рәсімделген тауардың мәлімделген
кедендік құны төмендетілген деген күдікпен кеден органы қосымша тексерулер жүргізіп, декларанттар
өзінің мәлімдеген кедендік құнын растайтын құжаттар сұратады.
Кеден заңнамасына сәйкес импортталған және рәсімделетін тауардың кедендік құнының
айқындаудың 6 әдісі бар.
Солардың ішінде, ең негізгісі Кодекстің 66-бабына сәйкес . Әкелінетін тауарлармен жасалған
мәміле құны бойынша әдіс (1-әдіс) болып табылады.
Әдетте, декларант кедендік декларацияда тауардың құның сыртқы сауда контрактісіндегі бағаға
сәйкес мәлімдейді, яғни аталған 1-әдісті қолданады.
Алайда, кедендік рәсімдеу барысында, іске қосылған тәуекелдер бейініне сәйкес декларанттан
қажетті дәлелді құжаттар сұратылып, кеден органы өзінде бар ақпаратты қолдана отырып кедендік
төлемдерге қайта есепту жүргізеді.
Декларант өзі мәлімдеген кедендік құнды дәлелдеп, өзі есептеген кедендік төлемдер сомасын
растағанға дейін, айырмашылық сомасын арнайы депозитке төлеп, айырмашылықты қамтамасыз етіп
тауарды шартты түрде шығаруға құқылы.
Дегенімен, көп жағдайда декларанттың дәлілдеме ретінде кеден органы сұратқан құжаттарын
ұсынуына қарамастан, кеден органы 1-әдіспен анықталған кедендік құнды төмен деген уәждермен
қабылдамай, өзінде бар ақпараттар бойынша кедендік құнды көбейтіп, мемлекеттік бюджетке қосымша
төлемдер төлету мақсатында, кедендік құнға түзетілер енгізеді.
Бұл әрине, мемлекеттік бюджетті толықтыру тұрғысынан заңды іс-шара болып көрінгегінмен, тиісті
контракті бойынша өзінің іс-жүзінде сатып алған бағасы бойынша мәлімдеген кедендік құнды қабылдамай,
негізсіз артық кедендік баж төлеткізіп отырған декларант үшін негізсіз шығандар болып табылады. Ал, бұл
өз тарапынан ақырында әкелінген тауардың отандық нарықтағы бағасының өсуіне әкеп соғады.
Сондай-ақ, бір контракті бойынша бұрын әкеліп, тауардың құнын дәлелдеген декларанттарға
қатысты қайталап рәсімдеу барысында тәуекелдер бейіні іске қосылып, екінші жағдайда тауардың
құнын қабылдамау фактілері де жиі кездеседі.
Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020
36
Бұл ретте, Еуразиялық экономикалық комиссияның 27.03.2018 жылғы №42 шешімімен бекітілген
«Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнына
кедендік бақылау жүргізу ерекшеліктері туралы Ережеге» сәйкес бір контракт шеңберінде әкелінген
бірдей тауарлар бойынша кедендік құн дәлелденсе, келесі партияда әкелінген тауарлардың кедендік
құнын жалған мәлімдеу белгілері болмауы қажет.
Алайда, бұған қарамастан АСТАНА-1 ақпараттық жүйесінде іске қосылған тәуекелдер бейіндері
қайталап іске қосылуын тоқтатпайды және екінші тексеру нәтижесінде мәлемделген кедендік құн
қабылданбай, аталған Еуразиялық экономикалық комиссияның бекіткен ережесіне қайшы іс-әрекеттер
кедендік әкімшілендіру тәжірибесі кездесуде.
Сондай-ақ, қолданыстағы тәуекелдер бейіні мен АСТАНА-1 ақпараттық жүйесі кедендік құнды
«сары» және «қызыл» дәліз шеңберінде түзету барысында кеден органы өз тарапынан қолданған
ақпарат көздерін көрсетпейді. Сондықтан, декларанттар аталған ақпарат көздерімен танысып, олармен
келіспеу үшін өз уәждерін келтіру мүмкіндіктері, конституциялық құқықтары шектеулі.
Осы мәселе бойынша, бұқаралық ақпарат жүйесіндегі мәліметтерге сәйкес ресупбликалық
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар тарапы-
нан көптеген шағымдар мен өтініштер түсуде. Сот даулары да аз емес.
Өздерінің мәлімдейтін мәміле бағасымен кедендік рәсімдеу жүргізетін кеден органын іздеу
мақсатында жекелеген кәсіпкерлер тауарларын Қырғыз Республикасы мен Ресей Фелерациясына ба-
рып рәсімдеуде және төлемдерді сол елдің бюджетіне түсіруде.
Бұл проблемалық мәселені шешу жолдарының бірі – ол бүгінгі таңда кеден органдары-
мен тәуекелдер бейіндерін қолдану механизмін өзгертіп, бизнеске кедергілер келтіретін себептерді
жою қажет. Өйткені, тәуекелдер бейінін қолдану – ол кез-келген декларанттың бизнесіне әкімшілік
кедергілер келтіруге мүмкіндік беретін бірден-бір тиімді механизм болып табылады.
Сондай-ақ, декларанттар тарапынан наразылықтар тудырмау мақсатында, кеден органы
қолданатын ақпараттарды тиісті құқықтық актімен регламенттей отырып, ресми түрде жариялау қажет.
Бизнес өкілі Қазақстанға тауар әкелместен бұрын, кеден органдарында ондай тауар қандай
бағамен рәсімделгенін білетін болса, ол одан төмен бағада әкеле отырып, алдын ала тексеру шарала-
рына дайын болады және барынша дәлелді құжаттарды жинақтап келетін болады.
Бүгінгі таңда, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер органдарының ресми сайтындағы бағалық ақпараттар
жеткіліксіз.
Себебі, кеден органы кедендік құнды түзету барысында қолданатын «резервтік» 6-әдіс барысын-
да негіздеме ретінде алынған тауарлар мен бағаланатын тауарлар бірдей коммерциялық және жеткізу
шарттармен әкелінуі қажет.
Мысалы, көтерме бағамен әкелінген 100 тонна жеміс-жидек пен жәй бағамен әкелінген 1 тонна
жеміс-жидектін бағалары әр түрлі болуы мүмкін.
Салыстырылатын тауарлардың рәсімделген мерзімдерінің арасы 90 күннен аспауы тиіс.
Осылайша, мәлімделген кедендік құнның дұрыс еместігін дәлелдейтін нақты ақпараттар
декларанттарға беймәлім болғандықтан, олар тарапынан көптеген нарызылықтар туындауда.
Осылайша, бүгінгі таңда кедендік құнды түзету мен кедендік жіте тексеру (таможенный до-
смотр) барысындағы мәселелер заңнамалық деңгейде өз шешімін тауып, бизнеске әкімшілік
кедергілерді болдырмауы қажет.
4. АСТАНА-1 ақпараттық жүйесін енгізу нәтижесінде тәуекелдер бейіні іске қосылмған
жағдайда декларанттарға уақыт үнемдеу мен кеден қызметкерімен кездеспеу сияқты жеңілдіктер
қарастырылғанымен, бұл процесс кеден қызметі үшін де бірқатар мәселелер туындатуда.
Егер кедендік рәсімдеу барысында тәуекел бейіндері іске қосылмаса, яғни декларант неме-
се тауарға қатысты тәуекел индикаторлары белгіленбесе, онда оның мәлімдеген ақпаратын тауар
шығарылғанға дейін кеден органы тексере алмайды. Бұл жағдайда, ақпараттық жүйе тауарды «жасыл
дәліз» арқылы рәсімдесе, тауарлар автоматты түрле шығарылады.
Бұл әрине, жосықсыз кәсіпкерлер үшін заңбұзушылыққа қолайлы жағдай болып табылады.
Қолданыстағы тәжірибеге сәйкес, «жасыл дәліз» арқылы рәсімделген тауарларға қатысты кедендік
бақылау тек тауар шығарылғаннан кейінгі кедендік тексеру (камералдық және көшпелі) түрінде ғана
жүргізіледі. Ал, 2020 жылдан бастап, Қазақстан Республикасының Президенты Қ.Тоқаевтың бастамасы-
мен кәсіпкерлік субъектілерін кез-келген тексеруге мораторий жарияланғаның ескеретін болсақ, «жасыл
дәліз» арқылы кедендік рәсімдеуден өткен тауарларға кедендік тексеру жүргізу мүмкіндігі шектеледі.
Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
37
Осы тұрғыда, кәсіпкерлер тарапынан түрлі заң бұзушылықтар орын алу қаупі бар.
Атап айтқанда, тауардың сыныптама коды мен кедендік құнына қатысты кедендік рәсімдеу ба-
рысында тауар шығарылғанға дейін бақылау шараларын жүргізу үшін АСТАНА-1 ақпараттық жүйесін
тәуекелдер бейіні іске қосылу қажет.
Дегенімен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 14.02.2018 жылғы №188 бұйрығымен
бекітілген «Кедендік жете тексеруді және қарап-тексеруді жүргізу қағидаларына» сәйкес, кедендік жете
тексеруді (қарап тексеру) жүргізу үшін жалғыз тәуекел бейінінің іске қосылуы негіз болып табылмайды.
Кедендік жете тексеру үшін жөнелтуші кеден органы ИТК (инспекциялық тексеру кешені)
қолдануымен жүргізген кедендік бақылаудың нәтиже бойынша басып шығарылған рентген
суреттерінің оң жақ бетіне қойылған «ИТК бақылауы күдікті» деген мөртаңбасының болуы, және/
немесе мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелеріне кедендік жете тексеруді жүргізуді
қажет ететін мәліметтердің болуы, Еуразиялық экономикалық одағының (бұдан әрі – ЕАЭО) не-
месе кедендік мақсаттарда ақпаратпен алмасу туралы халықаралық келісімдер бар шетелдердің,
Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарынан ықтималды
тәуекел (бағдарлар) туралы ақпараттардың болуы, Кодекспен қарастырылған, уәкілетті лауазымды
тұлғаға белгілі болған, ЕАЭО және Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасы талаптарының
сақталмауы белгілерінің болуы негіз бола алады.
Сондықтан, кедендік бақылау барысында тәуекел бейіндеріне негізделмей, кедендік бақылаудың
өзге де нысандарын жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлу қажет. Ол үшін қызметкерлердің біліктілігін
арттырып, өткізу пункттеріндегі кедендік бақылаудың техникалық құралдарын жаңартып, тиімді
жұмыс істеуін қамтамасыз ету керек.
5. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан
Республикасының кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) жасалған құқықтық талдау барысында, кеден орга-
нына «дискрециялық» өкілеттіктер беретін бірқатар нормалар байқалады.
Мысалы, Кодекстің 45-бабының 2-тармағында кеден органы тауарды сыныптау туралы алдын
ала шешім қабылдау туралы өтінішке қоса берілген, қазақ немесе орыс тілі болып табылмайтын тілде
жасалған құжаттарда қамтылған мәліметтердің аудармасын талап етуге құқылы, делінген.
Ал, Кодекстің 146-бабының 7-тармағында кеден органы қазақ немесе орыс тілі болып табылмай-
тын тілде жасалған кедендік операцияларды жасау үшін қажетті құжаттарда қамтылған мәліметтердің
аудармасын талап етуге құқылы, делінген.
Кодекстің 396-бабының 2-тармағында әкелінетін тауарлардың кедендік құнына бақылауды
жүргізу кезінде кеден органы декларанттан тауарлардың бағасын қалыптастыруға әсер ететін фактор-
лар туралы, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларға
қатысы бар өзге де мән-жайлар туралы жазбаша нысанда түсінік сұратуға құқылы, делінген.
Ал, Кодекстің 426-бабының 1-тармағына сәйкес, кеден органдары кедендік бақылау жүргізу
кезінде декларанттан, тасымалдаушыдан, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын
тұлғалардан және өзге тұлғалардан кедендік бақылауды жүргізу үшін қажетті құжаттарды және (не-
месе) мәліметтерді сұратуға құқылы.
Бұл ретте, аталған құқықтарды кеден органы нақты қандай жағдайда жүзеге асыра алатыны Ко-
дексте реттелмеген. Сондықтан, аталған өкілдіктер кеден қызметкерлерімен өз мүдделерінде пайдала-
нып, кәсіпкерлерге әкімшілік кедергі келтіру қаупі бар.
Сондықтан, аталған заң нормаларын жүзеге асыратын жағдайларды нақтылап бекіту үшін,
орталық Мемлекеттік кірістер комитетімен Кодекске тиісті толықтырулар енгізу үшін уәкілетті органға
ұсыныстар қалыптастырып жіберуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |