Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020
66
санкциялауды жатқызуға болады. Сол себепті, әр қылмыстық іс бойынша әділ үкім шығаратын және
ол үшін жауапты тұлға судья болғандықтан, прокурор қылмыстық процеске тергеп-тексеруші тұлғасы
ретінде қатысуында жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау өкілеттілігінің де сотқа өткені абзал.
Бұл модельдің сот құзіреттілігіне өтуі, ҚР Президентінің судъялардың бесінші съезіндегі: «Соттар
қызметінің тиімділігі олардың шығарған шешімдерінің әділеттілігі мен жедел және толық орында-
луы – кез-келген мемлекеттің демократиялық дамуының негізгі көрсеткіші. Соттардың шешімдеріне
қарап, қоғамның мемлекетке деген көзқарасы қалыптасады, заңның үстемдігін қамтамасыз ету және
азаматтардың мүдделерін қорғау қабілеттілігі бағаланады» – деген пікірі жүзеге асырылмақ.
Қылмыстық процеске қатысушы тараптардың жарыспалылық пен тең құқықлық қағидатын
жүзеге асырудың тағы да бір жолы республикамыздағы қоғамдық қатынастарды реттеуде «Жеке детек-
тив туралы» заңның кейінге қалдырмастан қабылау қажеттігі туындауда. Аталған заңның қабылдануы
әділеттіліктің туын желбіретіп қана қоймай, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарының ашылуына да
(оның ішінде құқыққорғау органдарынан зейнетке шыққан кәсіби мамандарына да, жұмыссыз жүрген
заңгер мамандығын игерген жастарға да ж.т.б қатысты), мемлекетке салықтардың төленуіне де оң
әсерін тигізбек.
Достарыңызбен бөлісу: