Keywords: law, crime, standard, personality, act, standard, law.
Мақалада Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқық және Қылмыстық процестік
заңнамаларындағы жасырын тергеу әрекеттерін санкциялауды әлемдік стандарттарға сәйкестендіру
мәселелері қарастырылған.
Криминогендік жағдайлардың өршуімен, қылмыстылықтың кейінгі техникалық жағдаймен, за-
манауи тұрғыда қамсыздандырылуымен қоғамдық қатынастар айналымыда қарқынды дамуда. Бұл
тұрғыда қоғам, субъектілер қатынастарының реттелуін қаматамасыз ететін нормативті құқықтық
актілерді саралау, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, жаңа заңнамаларды қабылдау мен
оларды тиімді қолдану жаңаша көзқарасты, болашақ қоғамдық үрдістері болжай білуді, оңтайланған
басқару мен жақсы қорытынды беретін қарқынды даму жүйесіндегі құқықтық реформаларды талап
етеді. Себебі тұлғалардың конституциялық құқықтарын бұзатын, құқықтарын жүзеге асыруа елеуі
болатын кедергілер көрсеткіштері анағұрлым көбейіп кеткен болатын. Оған дәлел ретінде кейінгі
онжылдың ішінде қайта тергеуге жіберілген қылмыстық істердің саны бес мыңнан асып жығылды.
Кейінгі жылдардағы экономикалық қызмет саласындағы құқық бұзушылықтардағы
мультиагенттік технологияларының қарыштап дамуы, қылмыстылықпен күресті жаңаша тұрғыда
ұсыну керектігімен, және оның мәселелерін шешуде қылмыстық процес субъектілерінің арасындағы
мәліметтерді шұғыл түрде талдаумен ерекшеленді.
Қылмыстылықпен күресте жүзеге асырылатын жүйенің мақсат талаптарының орындалуы-
уына, құқықтық нормативтік актілерге саралау жүргізіліп, процесс субъектілері құқықтарының
негізгі артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау, олардың өкілеттіліктерін қайта белгілеумен
айқындалды.
62
Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
63
Аталған еңбекте процестің негізгі субъектілері болып табылатын қылмыстық қудалау органы
мен сот жүйесі қызметкерлерінің өкілеттіліктеріндегі санкциялау құзіреттілігін соңғысына беру моделі
арқылы, сот әділдігінде ақиқатқа жету үрдісі қарастырылған.
Сонымен қатар, еңбекте санкциялаудың қылмыстық қудалау органдарындағы моделінің
қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңнамаларындағы қағидаттар мен талаптарға қайшы келе отырып,
әділдіктегі қара қылды қақ жаруға кедергі болатынын айқындайды.
Қазақстан Республикасының Президенті ұлт Лидері 2001 жылы судъялардың 3-ші съездінде
қылмыстық процестегі бұлтартпау шарасындағы қамауға алу құзіреттілігін судъяларға беру туралы
мәселені көтерген болатын. Көршілес Ресей Федерациясында жиырма жылға жуық, ал АҚШ жалпы Анг-
ло-саксон жүйесіндегі сот процесіндегі аталған судялардың өкілеттіліктері әуел бастан қолға алынған
болатын. Шетелдік тәжірбидегі бұл модельді саралай келе сол кезден бастап, отандық заңгерлердің
терең, ауқымды талқысында бүгінгі күнге дейін ұласуда. Алайда, оның сол кезде-ақ қолданысқа етене
енбегеніне келесі деректерге тоқтала кетсек.
Қазіргі таңдағы ең беделді, әрі күрделі құрылымды халықаралық ұйымдардың арасындағы 1945
жылы құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымының саяси салмағы басым. Қазақстан Республикасы үшін
БҰҰ-мен бірлесіп әрекет етуі – еліміздің сыртқы саяси қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі бо-
лып табылады. Еліміз бұл ұйымға 1992 жылыдың 2-наурызында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас
Ассамблеясының 46 сессиясындағы №46/224 резолюциясы қабылдануының нәтижесінде мүше болып
кірген [1; 10б.].
Сол кезеңнен бастап, республкамыздың Ата заңының [2; 5б.]. және ҚР «Нормативтік құқықтық
актілер туралы» заңының талаптарына сай ұлттық нормативтік құқықтық актілерді халықаралық
шарттарға сәйкестендіру шаралары жүзеге асырылып келеді[3; 7б.]. Әлемдік стандарттағы халықаралық
шарттардың талабын орындамау, яғни оларға ұлттық заңнамалардың қайшы келуі, соңғысының
заңсыз және оны қоғамдық қатынастарда қолдануға рұқсат етілмейтіндігімен ерекшеленеді. Бұл, ҚР
Қылмыстық процестік кодекстің 2-бабы 3-бөлімінде «Қазақстан Республикасы ратификациялаған
халықаралық шарттар осы кодекс алдында басымдыққа ие және, халықаралық шартта оны қолдану
үшін заң шығару талап етілетіндігі туындайтын жағдайларды қоспағанда, тікелей қолданылады»-
деп көрсетілуімен айқындалып отыр [4; 7б]. Аталған басымдылық ҚР Қылмыстық кодексінің 1-бабы
3-бөлімінде де белгіленген [5; 11б]. ҚР Президентінің 2014 жылы 17 қарашадағы №732 «Қазақстан
Республикасының әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру жөніндегі» Жарлығын жүзеге
асыру мен еліміздің әлемдік аренада өз беделдік тұғырын айқындауда халықаралық шарттардың талап-
тарын орындау да орасан зор роль атқарады [6; 10б]. Ұлттық заңнамаларды әлемдік стандарттарға дер
кезінде сәйкестендірмеу, қоғамдық қатынастардың реттелмеуінің себептері болып табылады. Бұған
мысал ретінде, қылмыстық іс бойынша айыпталушының бас шарасын алу санкциясын прокурордан
алып сотқа өткізу сұрақтары 17 жыл бойы қарастырылып келген. Осы уақыт аралығында терегеп-тек-
серуден және соттан бой таласалап, республикамыздан тысқары жерлерде жүрген күдіктілер, айыпта-
луышлар мен сотталушыларды Қазақстанға қайтару сұрақтарын шешуде үлкен даудамайлар туындап
отырған. Себебі, әлемдік стандарттарға сай санкциялау сұрақтары судъяның құзыреттілігіне берілген.
Осылардың негізінде 2009 жылы 30 тамызда қылмыстық іс жүргізу заңнамасындағы бұлтартпау ша-
ралары бойынша санкциялау құзыреттілігі прокурордан алынып судъяға берілген болатын. Ресей
мемлекетіндегі ғалымдардың кейбірі прокуратура органы қызметкерлерінің құқықтарына тіпті дербес
сала ретінде қарауға да теріс пікірлер білдірген. Солардың бірі, «Кеңестік қылмыстық процесс кур-
сы» (1968 – 1979 ж.ж.) деген екі томдық еңбегін жазған кезінде М.С. Строгович іс жүзінде ымырала-
су жолына қылмыстық және азаматтық істер бойынша жүзеге асырылуын айқындайтын құқықтық
нормалар жиынтығын білдіретін сот құқығын қалыптастыру идеясын қолдай келе, «прокурорлық
қадағалау құқығының» дербес сала ретінде негізсіз екені туралы пікірі қуаттайды. Атап айтқанда, В.С.
Тадевосянның айқындамасын әділ сынай отырып, ол «прокурорлық – қадағалау құқығын» дербес сала
етіп бөлу үшін негіздер жоқ екені туралы пікірдің даусыздығын дәлелдейтін айқын айғақтар жүйесін
келтіреді. Одан әрі ол пікірталас қызуымен былай деп жазады: «Егер осындай көзқарас ұстанатын
болсақ, құқық жүйесінде «милиция құқығы», «медицина құқығы» сияқты және басқа құқық салала-
рын тануға тура келер еді» [7; 6б.].
Заңның міндеттемелеріндегі көзқарастарға Тычевтің пікірінше: «...өз айқындамасының
негізділігін дәлелдеуге міндеттемейді... заң шығарушы тараптарға өз мүдделерін қорғау ісінде тең
Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020
64
құқықтар бере алады. Бірақ, ол тараптарға заң алдындағы жауаптылықтан қорқып айтыста қайткенде
де жеңіп шығу, айтыста екінші жақтың емес, бірінші жақтың айтқаны ақ екенін дәлелдеу міндеттін
жүктей алмайды және жүктемейді де» [8; 10б.]. Демек, заң тараптарға, яғни мемлекеттік айыптау-
шы мен қорғаушыға тең құқық береді. Ал, прокурордың санкциялау құқықғына ие болуы, бұл
тең құқықлыққа кері әсерін тигізу қауіпі бар. Аталған құқықықтың сот құзіреттілігінде болу – сот
процесінде тең құқылықты және әділ соттылықты қамтамасыз етеді.
Бәсекелестікті қамтамасыз етудің бірде бір құралы ретінде тараптардың құзіреттілігін алып,
соттың қызметіне беру ретінде келесі ғалымның пікірін келтіреміз: «Айыптау мен қорғауды дер-
бес функциялар ретінде бөлектеу, оларды сот қызметінен бөліп шығару – бәсекелестік процесінің
түпқазығы» [9; 12б.].
Елімізде сот жүйесіндегі әділеттілік орнатуда судьялар тәуелсіздігін күшейту жөнінде көптеген
нақты заңдар қабылданды. Атап айтқанда, 2000 жылы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасының «Сот
жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заң [10; 11б.], 2000 жылғы 1 қыркүйекте
Қазақстан Республикасындағы «Сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту шаралары туралы» Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлығы, 2000 жылғы 12 қазанда «Сот әкімшілігінің жаңа жүйесінің
қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
қабылданды. 2001 жылы 1 маусымда «Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот Кеңесі туралы» Қазақстан
Республикасының заңы, 2007 жылы елімізде жүзеге асырылған Конституциялық реформаларға
сәйкес Соттар және сот төрелігі туралы Конституцияның бірнеше баптарына елеулі өзгерістер мен
толықтырулар енгізіліп, сот жүйесін жетілдіруге жол ашатын маңызды шаралар қабылданды.
Бұл мәліметтер жалпы қылмыс санының 2006жылмен салыстырғанда 2011жылы 1,67 есеге, ал
2012жылы 1,74 есеге өсіп отырғанын көрсетеді. Оның ішінде ең көп жасалынатын қылмыстар санатына
жататын орта дәрежедегісі 2006 жылмен салыстырғанда 2012 жылдың тоғыз айының өзінде 2,1 есеге
күрт өскен. Ал әр жылы, жалпы қылмыстар санының сотқа жолданғандары жөніндегі мәліметтер бар
жоғы 50% ғана құраған, 2012 жылы ол мәлімет 46%. 2006 жылғы әйелдер арасындағы қылмыстарды
2011 жылмен салыстырғанда 3 есеге, ал бұл жылдардағы кәмелетке толмағандар арасындағы
қылмыстардың көрсеткіші 2,4 есеге өскенін мәлімдейді.
2007 жылғы қылмыстылықтың алдын алудағы қылмыстық қудалау органдарының іс шарала-
ры 2011 жылмен салыстырғанда 2 есеге, ал 2009 жылмен салыстырғанда 3 есеге аз. Демек, аталған
кемшіліктерді аталған орган қызметкерлері өз қаперлерінен шығарылып алғандығымен дәлеледенсе
керек.
Ал, ҚР Бас прокуратурасының келесі статистикалық мәліметтеріне сүйенсек Оңтүстік Қазақстан
облысында 2011жылдың 4 айы мен 2012жылдың сол мерзімі аралығындағы қайталанып қылмыс жаса-
лу 132,3%-ға өскен, ал ол Сарыағаш қаласында 233,3%-ға, Шымкен қаласы Абай ауданында 221,3%-
ға, Әл Фараби ауданында 1187,5%-ға өскен. Қылмыстардан келтірілген залал соммасы 2012жылы
363041,52 мың теңге (2011ж 334356,3мың тенге) яғни 8,6%-ға өсіп, 2012ж. 29414,65мың тенгеге (2011ж.
25547,0 теңге) соммасында мүлікке шектеу қойғанымен, келтірілген залалдың 2012ж. 109608,1мың
теңге (2011ж. 152890,1 мың теңге 28,3%-ға аз) орны толтырылғын, яғни тек 30,2%-ы ғана.
2012 жылдың 4 айында Оңтүстік Қазақстан облысында барлығы 2564 тұлға қылмыс жасаған, оның
1309-ы сотқа жолданып, қылмыстық жауапкершілікке тартылған, (яғни 51%-ы) оның 2193 тұлғасы
жұмыссыз (85%-ы). Жалпы қылмыс жасаған тұлғалардың 185-і қайта қылмыс жасағандар (7,2%-ы)
оның ішінде кәмелетке толмағандары 4-уі, 1-уі аса қауіпті қайталану (особо опасны рецидивист), 1-уі
түзеу жұмыстары кезеңінде жасаған, 15-і шартты түрде сотталғандар. 2564 қылмыс жасаған тұлғаның
29-ы мемлекеттік қызметкерлер, оның 19-ы құқық қорғау органы мен сот жүйесінің қызметкерлері,
1-уі депутаттыққа үміткерлермен, 2-уі әкімдермен жасалған. 12 тұлға сотпен медициналық тұрғыда
мәжбүрлеу шаралары қолданылған.
Бұл мәліметтер әлі де болса еліміздегі криминогендік жағдайдың өршіп тұрғанын және
де жоғарыда айтылып кеткен санкциялаудың өз құзіреттілігіне құқықтық тұрғыдан дұрыс баға
берілмегендігі мен оның әділ соттқа өз көлеңкесін түсіретіндігін дәлелдейді. Қылмыстардың ал-
дын алу мен қылмыскерлерді құрықтау құқыққорғау органдарының еншісінде. Бұл орайда про-
куратура органдарының алар орны ерекше. В.В. Клочковтың пікірінше: «Прокуратура органдары
функцияларының маңызын, мемлекет пен құқықтың айқындаған бағыт, мақсаттарымен байланыстағы
функцияларымен түсіну қажет». Аталған функциялар арасындағы байланысты Сократтың пікірімен
Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
65
түсіндіріп көрсек. Сократ: «Ең бастысы – жақсы заңдардың қалыптылығы мен заңды сыйлайтын аза-
маттар, сонымен қатар білетіндерің басқаруы» – деп көрсеткен. Жоғарыда келтірілген статистикалық
мәліметтер ғалымның «заңды сыйламайтын азаматтарға» қатысты болып отыр.
Дегенмен, қазіргі таңның проблемаларын шешуде құқыққорғау органдарының, оның ішінде
прокуратура органдары қызметкерлерінің толығымен талаптарға сай келе бермейтіні мәлім. Бұған
елбасымыздың 2012 жылы сәуір айындағы Жарғысына сәйкес құқық қорғау органдарында жүргізілген
кезектен тыс аттестациясының қорытындысы дәлел. Аттестацияны өткізгенге дейін жоғары тұлғалы
республика және облыстар деңгейіндегі 28 басшының (оның ішінде прокуратура органдары
қызметкерлері де бар) өз формаларын шеше отырып, карераларын тоқтатуы кездесіп отыр. Жалпы
құқыққорғау органдарының аттестациялауға қатысқан 100 000 қызметкерінің 12 500 өтпей қалған.
Бұл ғұлама ғалымның «заңды білетіндерің басқаруы» деген пікіріне қазіргі таңдағы қоғаммен берілген
баға деп түсінуге болады.
Ендігі жерде, Сократтың «жақсы заңдардың қалыптылығына» қатысты заңнамаларға тоқтала
кетсек.
ҚР ҚП кодекстің 232-бабының 3-бөліміне сай адамды немесе орынды жасырын аудио және (не-
месе) бейнебақылау жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау прокурордың өкілеттілігіне берілген
заңның, «жақсы» және «қалыптылығына» келмейтінін түсіндіріп көрелік.
Себебі, ҚР Қылмыстық процестік кодекстің 193-бабы 1-бөліміне сай прокурор, сотқа дейінгі
тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық қудалауды жүзеге асыра отырып,
қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды тіркейді және оны өзінің іс жүргізуіне қабылдайды
және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырады деп көрсетілген. Сонымен қатар, ҚР ҚПК-тің
193-бабы 12-бөліміне сәйкес айрықша жағдайларда тергеп-тексерудің объективті және жеткілікті бо-
луын қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық қудалау органының жазбаша өтінішхаты бойынша не
Достарыңызбен бөлісу: |