Ключевые слова: закон, право, общество, криминофамилистика, объект,субъект.
Summary. In the article, the authors consider the actual problems of the role of the Prosecutor in the
prevention of criminophamilistic crimes.
Keywords: law, law, society, criminofamilistics, object, subject.
Жастар – әлеуметтік өткелдің жағдайы мен құралы және инновациялық күштің маңызды фак-
торы болып табылады. Қазіргі таң жастарының әр түрлі параметрлері, ертеңгі күннің экономикалық
белсенді жағдайы, оның демографиялық, медициналы-биологиялық сипаттамасы, әлеуметтенудің
деңгейі, білім деңгейі, кәсіби дайындықтары, саяси және азаматтық дамуы сияқты еңбек потенциал-
дарымен анықталады. Демек, болашақ қоғамның маңызды мақсаттарын параметрлеу мен оңалту ке-
лешек жастар буынының сапасын жақсартумен тығыз байланыста. Сондықтан, криминофамилистика
қылмыстарының себеп, шарттары мен оның мәселелерін шешуде пәнаралық білімнің жаңа «Ювеноло-
гия» саласын ашудың мәжбүрлігі туындады.
Ювенология, жасөспірім буынының қалыптасуы биологиялық пен әлеуметтік диалектикалық
байланысы туралы кешенді пәнаралық біліммен қалыптасады.
Физикалық пен психологиялық денсаулық мәселелері әлеуметтену, білім, кәсіби дайындық,
патриоттық рухта тәрбиелеу сияқты өсіп келе жатқан буынның маңызды проблемаларының бірі.
Әсіресе ұлттың салауатты генофоны сұрақтары бойынша әлеуметтік мәселелерді шешуде жоғары
санаттағы мамандардың барлық уақыттағы қажеттілігі жәйден жәй емес.
Ювенология – бұл психоэмоционалды және әлеуметтік-психологиялық аспектілерге сай ойлау
қабілеті дамыған жанды организм ретінде тұлға болуына, әлеуметтену арқылы қоғам мүшесі болып
қалыптасуы, жанды тұлғаның қалыптасуы мен өсуі туралы кешенді білім.
Ювенология жастарды онтогенезде талдайды, яғни жастарды қоғамның әлеуметтік-демо гра-
фиялық ерекше тобы және жас адамның биоәлеуметтік қалыптасу мен өсу механизімін зерттейді.
Қазіргі таңда заңтану ғылымында кәмелетке толмағандармен қатысуындағы қарым-қатынастарды
реттейтін ерекше пән болып табылатын жаңа құқықтық саланы бөліп шығару туралы ұсыныстар жиі-
жиі орын алады.
67
Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020
68
Балалардың құқықтарын қорғаудың орындалу механизімі ювеналды әділет, яғни кәмелетке
толмағандарға қатысты арнайы әділет жүйесі болып табылады. Оның мақсаты – жай ғана кәмелетке
толмаған тұлғалардың құқық бұзушылықтары туралы істерді қарау емес, балалардың құқығын қорғау.
Балалардың мүддесін қоғауды орындаудағы маңызды сұрақтардың бірі, заң шеңберінен
ауытқыған балаларды қараусыз қалдырудың алдын алуға, балалар құқықтарының орындалуына
бағытталған және қабылданған нақты іс-шаралар болып табылатыны.
Бұл механизмді ювеналды әділет не кәмелетке толмағандарға қатысты әділ сот деп атауға болады.
Ювеналды әділет – бұл қауіпті ортадан және оның қауіпті әрекеттерінен қорғайтын, кәмелетке толмаған
тұлғаларға жауапты тұлға немесе мемлекет өзін оларға қамқоршы ретінде болып табылатындығы тура-
лы негізінде жатқан докринасы бар кәмелетке толмағандарға қатысты ерекше әділ сот жүйесі.
Бұл көзқарас келесідей екі идеяларды жүзеге асырылады.
Біріншіден, жасөспірімдер дамып, қалыптасу жағдайына байланысты өз іс-әрекеттерін анық
сезіне алмайды және оларға толық жауап бере алмайды.
Екіншіден, жасөспірімдер болашақта құқық бұзушылықтарға бой алдырмайтын жағдайларға
қайта тәрбиелеуге болатын жаста болып табылады.
Демек, ювеналды әділетте құқық бұзушының маңызы құқық бұзушылықтан жоғары болып та-
былады.
Ювеналды әділеттің (судьялар мен әлеуметтік қызмет мекемелерінің) институтционалдануы
келесідей бірнеше мәселелердің шешу жолдарын табуға негіз болып табылады:
– керексіз тенденциялардан шектелу мен кәмелетке толмағандардың дамуына дұрыс әсер ету;
– барлық деңгейдегі өзін-өзі басқару органдарынан бастап орталық атқару органдарын
басқарушылықта тиімді әсер етуге;
– жасөспірімнің тұлға ретінде қалыптасуына кешенді түрде әсер ету;
– құқықтық мәжбүрлеу шараларын қолданбастан әлеуметтік бағдарламаларды қолдану және
мінез құлқындағы нашар кәмелетке толмаған тұлғалардың болатын құбылыстарын жобалау;
– басты байлық адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы болып табылатын стратегиялық
әлеуметтік-құқықтық және педагогикалық мақсаттарға жету.
Дегенмен, республикамыздағы ювеналды әділет қалыптасу кезеңін өткізуде. Сондықтан, оның
бағдарламаларын жасау мен жеке элементтерін дайындауға аса маңызды назар аудару қажет. Бұл ша-
раны жүзеге асыруда қылмыстық іс-әрекеттерге бой алдырған тұлғаның жеке басын да ескерген жөн.
Кеңестік кезеңдегі криминологиялық талдама адамның жеке басын қылмыс жасауға бейімділігі
бар, бойында қылмыскерліктің ішкі себептері болып табылатын физиологиялық және психологиялық
қасиеттер бар тұлға деп емес, қоғамның мүшесі, адамдар арасында өмір сүретін, табиғатқа, қоғамға және
адамдарға ықпал ететін және олар тарапынан кері әсерге ұшырайтын тұлға деп қарастырды [1; 78-б.]
70-жылдардың ІІ жартысында жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша алсақ,
қылмыскер қоғамға қауіпті, заңда тыйым салынған іс-әрекетті жасағаны үшін кінәлі адам деп таныл-
ды. Сонымен қатар бұл адамның әлеуметтік болмысын білдіретін аса таралған және кең ұғым, оның
келбетін, байланыстарын, ішкі өнегелік және рухани әлемін сипаттайтын күрделі құбылыс. Қылмыскер
тұлғасы қылмыс жасау кезінде толық бой көтереді [2; 111-б.].
Кеңестік криминологияда «қылмыскер тұлғасы» ұғымының мәніне қатысты пікірталас орын
алды [3; 66-б.].
Ендігі жерде криминофамилистика қылмыстарының субъектісі ретінде
жастарды, кәмелетке толмаған тұлғалар туралы сөз қозғасақ.
Ұлттық заңнамаларымызға кәмелетке толмаған тұлғаларға қатысты өзгерістер мен толықтырулар
енгізілгенімен сот төрелігі әлі де болса жаңартуды қажет етеді. Себебін жалпы юрисдикцияға
бағытталған прокурордың және қорғаушылардың (адвокаттардың) қызметтерімен түсіндіруге болады.
Істі қарайтын мамандандырылған судьялар болғанымен сот тергеп тексерулерді жүргізетін қылмыстық
қудалау органы немесе кәмелетке толмаған тұлғалардың конституциялық құқықтарын қорғау
барысындағы қорғаушылардың кәсібилігі ювеналды әділдігі талаптарына сай келмеген жағдайларда,
әділеттілік атауының толық орын алуына күмәнмен қарауға негіз болып табылады.
Балалар құқығы Конвенциясының 40-бабында қылмыстық заңнаманы бұзғаны үшін айып
тағылып отырғанымен, оның кінәсі заң бойынша дәлелденбейінше ол кінәлі деп саналмайтыны тура-
лы кепілдік берілген.
Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
69
Алайда, Қазақстан Республикасы «Балалардың құқықтары туралы» заңының 48-бабында олар-
ды жауапкершілікке тарту ерекшеліктерінде қандайда бір кепілдік туралы сөз қозғалмаған, жай ғана
заңнамаларға сілтемелер жасалған.
1990 жылғы Гаван Конгресі ұсынысымен қабылданған кәмелетке толмаған тұлғалардың
құқықтарын қорғауға қатысты Ережелер, Біріккен Ұлттар Ұйымы Ассамблеясының резолюциясына
сай аталған тұлғаларды түзеу мекемелерінде қамауды ең соңғы іс-шара және ең аз уақыт мерзімдері
ретінде қолдану белгіленген.
Аталған ереже ҚР Қылмыстық кодексі 6-бөлімінің 83-бабында кәмелетке толмағандарды
жауаптылықтан және жазадан босату институттарында көзделген. Яғни, қылмыстық теріс қылық не-
месе онша ауыр емес қылмыс жасаған не ауырлығы орташа қылмысты алғаш рет жасаған кәмелетке
толмаған адамды, егер оны қылмыстық жауаптылыққа тартпай-ақ түзетуге болатын болса, сот аталған
тұлғаны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін. Сонымен қатар, осы жағдайларда тұлғаны жа-
задан да босатылуы мүмкін [4].
Дегенмен, аталған институтты қолдануда өзгерістер мен толықтырулар қажеттігі туындауда.
Көрсетіліп отырған баптың 1-бөлігіндегі институтты қолдану барысында сот кәмелетке толмаған
тұлғаға тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін деп көрсетілген. Алайда,
кәмелетке толмағандардың іс-әрекеттеріне қадағалау жасау мен тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шара-
ларын қолдануды міндеттеу қажет. Бұл пікірмен Ресей ғалымы В.С. Егеровта келіседі .
Кәмелетке толмаған тұлғаларға қатысты ҚР ҚК-де жауапкершіліктен және жазадан босату ин-
ститутын, егер шын өкінуіне байланысты, қажетті қорғану шегінен асқан кезде, жәбірленушімен тату-
ласуына байланысты, жағдайдың өзгеруіне байланысты және ескіру мерзіміне байланысты қылмыстық
жауаптылықтардан босату болмаған жағдайларда қолданылатынын Х.Д. Аликперов өз еңбегінде атап
өткен болатын.
Аталған пікірмен ескі 1997 жылғы ҚР Қылмыстық кодексінің талаптары бойынша келісуге
болғанмен, жаңа қолданыстағы Қылмыстық кодекстің 83-бабы бойынша келісуге болмайды деп
есептейміз. Себебі, бұл баптың 3-бөлігінде қазаға ұшыратумен байланысты емес ауыр қылмысты
алғаш рет жасаған кәмелетке толмаған адамды сот ҚР ҚК-нің 68-баптың 2-бөлігінде көзделген яғни,
татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.
Жауаптылықтан босату институтының бұл түрі көзделген болса, қалған шын өкінуіне байла-
нысты, қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде, процестік келісімнің талаптары орындалған кезде,
кепілгерлік белгіленуіне байланысты, жағдайдың өзгеруіне байланысты және ескіру мерзімінің өтуіне
байланысты қылмыстық жауаптылықтардан босату түрлерін кәмелетке толмаған тұлғаларға қатысты
қолдану керек. Заңшығарушының татуласуына байланысты ғана жауапкершіліктен босатуды ғана
көрсетуі институттың аталған басқа түрлерін яғни, яғни ҚР ҚК-нің 65, 66, 67, 69, 70, 71-баптары бой-
ынша қолдануға шектеу қояды.
Х.Д. Алекперовтың: «ҚР Қылмыстық кодексінің 65-бабы шын өкінуіне байланысты, 67-бабы
жәбірленушімен татуласуына байланысты, 68-бабы жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық
жауаптылықтардан босатуға негіз болмаған жағдайда ғана сот аталған тұлғаларды қылмыстық
жаза мен жауапкершіліктен босатып тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары қолданылуы керек»-
деген пікірімен де келісе алмаймыз. Кәмелетке толмаған тұлғалар қоғамдағы қарым-қатынастарды
толық игеріе алмайтынын, өз іс-әрекеттеріне толық жауап бере алмайтынын, жауапкершіліктері
төмен деңгейлігін ескере отырып, оларға тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын міндетті түрде
қолданылуы керек деп есептейміз.
Бұл институтты қолдану мен оған дайындық кезеңдерінде арнайы мамандандырылған тер-
геу шілермен, анықтаушылыармен прокурорлармен, қорғаушылармен және судьялармен қатар
әлеуметтік қызмет орындарының алатын орыны ерекше. Ювеналды сотөндірісімен қатар бастапқы
профилактикалық тиімді жүйесі қамтамасыз етіліп отыруы керек. Қазіргі кезде кәмелетке толмағандар
комиссиясы өзінің құрамына түрлі ведомствалардың мамандарын енгізген.
Алайда олардың біріңғай басқару орталығы жоқ. Бұл өз кезегінде олардың қызметтерінің
тиімділігінің төмендігіне себеп болуда. Балалардың девиантты мінез-құлықтарын, оларға қауіп төнеген
кездерін тез арада анықтап, оларды тексеруге алу керек. Мысалы, отбасындағы ата-аналардың спирт
ішімдіктеріне тәуелділігі анықталған кез. Өкінішке орай мұндай талаптар өз уақытында орындала
бермейді. Демек, Ювеналды әділет мекемесінің дұрыс қызмет атқарылуы үшін аталған мәселелермен
Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020
70
айналысатын мекемелердің формалары мен әлеуметтік қызмет органдарының жұмыстарын өзгерту
қажеттігі туындауда.
Әділет ювенологиясы жүйесіне:
– ювеналды судьялар институты;
– ювеналды прокуратура;
– ювеналды қылмыстық қудалау органдары;
– ювеналды қорғаушылар;
– балалар құқығы бойынша өкілетті агенттік;
– әлеуметтік мекемелер инфраструктурасы мен әлеуметтік қызметкерлер институты кіруі керек.
Кәмелетке толмағандарға жаңа қоғамға бейімдеуге бағытталған оңалту мен әлеуметтік-
психологиялық бағдарламасы қолданылатын, қылмыстық жазаға тартумен қатысты емес, тәрбиелік
әсері бар шараларына негізделген кең таралған формадағы құқықты мен қылмыстық жазаға төтенше
жағдайларда ғана тарту шаралары қолданғаны абзал.
Сонымен, Әділет ювенологиясы:
– кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың профилактикасын;
– кәмелетке толмағандарға қатысты кез келген құқықтық шешім қабылдағанда әділдікті;
– азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерді шешу барысында, құқық бұзушылыққа бой
алдырған кәмелетке толмағандар мен жастардың өмір сүру деңгейі мен тәрбиелік жағдайларына сай
олардың құқықтары мен заңды мүдделерін;
– балаларды әлеуметтендіруде өмірдің жақсы жағдайларын қамтамасыз етуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |