54
- даярланған программаның «ашықтық» деңгейін анықтау, яғни оны
пайдаланушылар оқу қҧралының белгілі бір функционалдық блогын
оқу жҥйесінің соңғы талаптарына сәйкес ӛзгерте алатындай мҥмкіндігі
болуы керек. Мысалы, оқу қҧралының тексеру блогына жаңа есептер
қосу немесе оқу ҥрдісін басқару бӛлігін жетілдіру тағы сол сияқтылар.
Компьютерлік оқу қҧралын жасаудың ақырғы кезеңі оны программаға
айналдыру, яғни машина тілінде кодтау ісі болып табылады. Осындай
қолданбалы программалық жабдықтамалар жасау кӛптеген жҥйелік
программалар арқылы жҥргізіледі.
Қашықтан оқыту мақсатына арналған программалар жасауда HTML
және «Java» тілдерін немесе бҧл жҧмысты жеңілдететін FrontPage,
Dreamviewer программаларын пайдалану қажет.
Біздегі алғашқы электрондық оқулықтарға шет тілін, Қазахстан тарихын,
валеология, қоғамтану, информатика пәндерін оқып ҥйренуге арналған CD –
дискілерге жазылып даярланған оқу қҧралдарын айтуға болады. Олар
модульдік принципке сәйкес тақарыптарға бӛлініп, гиперсілтемелік мәтін
қҧрастыру тәсілімен жасалып, мектеп бағдарламалары мен жоғары оқу
орындарының кӛптеген тақырыптарын қамтиды.
Сонымен компьютерді қосымша оқыту жабдығы ретінде пайдалану
білім беру саласында жаңа бір әдістемелік жҥйе қалыптастырып келеді.
Қазіргі кезде электрондық оқулықтар жасау ісі ӛндірістік индустрияның жаңа
арнасын қалыптастыруда. Ол білім жҥйесіндегі эканомиканың бір саласы
ретінде жыл сайын белгілі бір қаржы бӛлуді қажет етеді. Бҧдан былай оқу
орындары мҧғалімдерге жалақы тӛлеу, оқулықтар, әдістемелік қҧралдар
сатып алумен қатар электрондық оқу қҧралдарын сатып алуға тҧрақты қаржы
кӛзін бӛліп отырулары керек.
Достарыңызбен бөлісу: