56
бастауыш мектепте информатика курсы пропедевтикалық болу керек деген
тҧжырымға келді, демек, негізгі мектептегі базалық курсқа дайындық ретінде
оқытылатын болды.
Қазіргі уақытта академик А.П.Ершовтың оқушысы және әріптесі Ю.А.
Первин басшылық ететін ғалымдар мен әдіскерлер тобы бастауыш
сынып оқушыларына информатика пәнін оқыту мәселелерін шешуді
белсенді тҥрде қолға алды. А.П. Ершов пен және Ю.А. Первин ойынша,
қазіргі қоғамды ақпараттандыру мектептің әлеуметтік тапсырысы ретінде
ӛскелең ҧрпақтың шҧғыл ойлай білу стилін қалыптастыруды ҧсынады.
Ойлауды қалыптастырумен қатар, информатиканың мектеп курсында
танымдық және технологиялық аспектілерге ҥлкен мән беріледі. Сол
себепті бастауыш сыныптарда шҧғыл ойлау стиліне қажетті ҧғымдар мен
білімдерді қалыптастыруды бастау керек, сондай-ақ адамзат қызметінің
әртҥрлі саласында ақпараттық технологияларды пайдалану дағдыларын
дамытқан жӛн.
Бастауыш сыныптарға информатиканы енгізудің мақсаты бҥкіл орта
мектептерде оқытуды ҥздіксіз етіп, жастардың жалпы компьютерлік
сауаттылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Психологтардың айтуынша,
логикалық ойлау қҧрылымдарының дамуы 11 жасқа дейін тиімді іске асады,
оны қалыптастыруға кешіксе, баланың ойлау қабілеті соңына дейін
жеткізілмей, бҧдан кейінгі оқуда қиындық туындауы ықтимал.
Информатиканы математика және ана тілі пәндерімен қатар оқыта бастау
нәтижесінде баланың ойлау қабілеті дами тҥседі. Балалардың ойлау
қабілетін қалыптастыруда информатиканың маңызы зор, бҧны мҧғалім
сабақты жоспарлау және ӛткізу кезінде ҧмытпаған жӛн. Сондықтан
информатиканы оқыту барысында ойлау қабілетін, сондай-ақ компьютермен
жҧмыс жасауды меңгеруді басты назарға алу керек.
Информатика пәнінің пропедевтиқалық курсын бастауыш сыныптан
бастап оқытуға болатындығы және оның тиімділігі дҥниежҥзілік тәжірибе
негізінде дәделденіп отыр. Ғалымдардың, практик–мҧғалімдердің пікірінше,
бҧл курсты бастауыш сыныптарда оқытуға негіз болатын факторлар
мыналар:
- бастауыш мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу;
- ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту;
- бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін
қалыптастыра отырып, әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлау.
Достарыңызбен бөлісу: