55
қазіргі ӛмір ағымына деген кӛзқарастарының жан-жақты жоғары дәрежеде
дамуына байланысты, енді информатика пәнін тіпті 1-сыныптан бастап
енгізуге болады деген пікірлер ҧсынылуда. Информатиқалық қоғамда
балаларды жҧмыс істеуге дайындау ҥшін алдымен логиқалык ойлауға,
талдау
жасай білуге, ӛзара қарым-қатынасқа ҥйрету керек.
Информатиканы бастауыш мектепте оқыту әдісі отандық дидактиканың
жаңа бағыты болып табылады.
Бастауыш сынып оқушыларын бағдарламалауға оқытуды академик
А.П. Ершов белсенді тҥрде жҥзеге асырды. 1979 жылы ол
информатиканы балалар 2-сыныптан бастап оқу керектігін: «...бҧл
дағдыларды негізгі математикалық тҥсініктермен және ҧғымдармен бір
уақытта, яғни жалпы білім беру мектептерінің тӛменгі сыныптарында
қалыптастыру қажет. Осы жағдайда ғана бағдарламалық ойлау стилі
мектепте қалыптасатын ғылыми білім, дағды және ептілік жҥйесіне
ҥйлесімді ене алады. Бҧдан кеш жас шамасында мҧндай
стильді
қалыптастыруға кездейсоқ қалыптасқан әдеттер мен ҧғымдар қиындық
тудырып, бҧл ҥрдісті тежеуі ықтимал» – деп айтқан болатын [9].
Тіпті ӛткен ғасырдың 60-жылдарының аяғында С.Пейперт 1 ЛОГО
бағдарламасының тілін әзірлеген болатын, бҧл тіл жасы кіші балаларды
оқытуға арнайы жасалған бағдарламалаудың алғашқы тілі болып қалды.
Осы бағдарламалық қҧралмен компьютерде жҧмыс жасау барысында
балалар орындаушы – «Тасбақаның» кӛмегімен экранда алуан тҥрлі
суреттер салды. Сурет салу арқылы олар алгоритмдеу негіздерін ҥйреніп,
«Тасбақа» кӛрнекі қҧралы тіпті (
Сеймур Пейперт – көрнеклі математик,
программалаушы, психолог және педагог. Logo (1968) тілін құрған, жасанды
интелект теориясының негізін қалаушылардың бірі). мектепке дейінгі
балаларды да ҥйретуге мҥмкіндік берді. Бҧл
эксперимент жасы кіші
балалардың компьютермен табысты жҧмыс жасай алу қағидалы
мҥмкіндіктерін кӛрсетті, сол кезде бҧл эксперимент ҥлкен тӛңкеріспен тең
болды.
1990 жылдардың басында бастауыш сынып оқушыларына
информатика пәнін оқыту кеңінен таралған қҧбылыс бола бастады. Сол
уақытта «Роботландия» бағдарламалар топтамасы ӛте табысты әзірленген
болатын. Ол MS DOS негізінде әзірленгенмен, оның жетістіктері кейін
1990 жылдары Windows нҧсқасының әзірленуіне жол ашты.
Бағдарламалар топтамаларының кӛп бӛлігі ақпараттық технологиялардың
негізгі тҥсініктерін
қалыптастыру, компьютер пернетақтасын игеру,
оқушылардың логикалық және алгоритмдік ойлау мәселелерін тиімді
шешуге мҥмкіндік береді.
1990 жылдардан бастап бастауыш мектепте информатиканы оқыту
ӛзекті мәселеге айналды. Оны тҥрлі жолмен оқыту ҧсынылды – біреулер
информатиканы басқа пәндерге кіргізу арқылы оқыту қажет десе, екіншілері
жеке пән ретінде оқтуды жӛн деп санады. Бастауыш мектепте
информатиканы оқытпау керек деген пікірлер де болды. Соңында
56
бастауыш мектепте информатика курсы пропедевтикалық болу керек
деген
тҧжырымға келді, демек, негізгі мектептегі базалық курсқа дайындық ретінде
оқытылатын болды.
Қазіргі уақытта академик А.П.Ершовтың оқушысы және әріптесі Ю.А.
Первин басшылық ететін ғалымдар мен әдіскерлер тобы бастауыш
сынып оқушыларына информатика пәнін оқыту мәселелерін шешуді
белсенді тҥрде қолға алды. А.П. Ершов пен және Ю.А. Первин ойынша,
қазіргі қоғамды ақпараттандыру мектептің әлеуметтік тапсырысы ретінде
ӛскелең ҧрпақтың шҧғыл ойлай білу стилін қалыптастыруды ҧсынады.
Ойлауды қалыптастырумен қатар, информатиканың
мектеп курсында
танымдық және технологиялық аспектілерге ҥлкен мән беріледі. Сол
себепті бастауыш сыныптарда шҧғыл ойлау стиліне қажетті ҧғымдар мен
білімдерді қалыптастыруды бастау керек, сондай-ақ адамзат қызметінің
әртҥрлі саласында ақпараттық технологияларды пайдалану дағдыларын
дамытқан жӛн.
Бастауыш сыныптарға информатиканы енгізудің мақсаты бҥкіл орта
мектептерде оқытуды ҥздіксіз етіп, жастардың жалпы компьютерлік
сауаттылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Психологтардың айтуынша,
логикалық ойлау қҧрылымдарының дамуы 11 жасқа дейін тиімді іске асады,
оны қалыптастыруға кешіксе, баланың
ойлау қабілеті соңына дейін
жеткізілмей, бҧдан кейінгі оқуда қиындық туындауы ықтимал.
Информатиканы математика және ана тілі пәндерімен қатар оқыта бастау
нәтижесінде баланың ойлау қабілеті дами тҥседі. Балалардың ойлау
қабілетін қалыптастыруда информатиканың маңызы зор, бҧны мҧғалім
сабақты жоспарлау және ӛткізу кезінде ҧмытпаған жӛн. Сондықтан
информатиканы оқыту барысында ойлау қабілетін, сондай-ақ компьютермен
жҧмыс жасауды меңгеруді басты назарға алу керек.
Информатика пәнінің пропедевтиқалық курсын бастауыш сыныптан
бастап оқытуға болатындығы және оның тиімділігі дҥниежҥзілік тәжірибе
негізінде дәделденіп отыр. Ғалымдардың, практик–мҧғалімдердің пікірінше,
бҧл курсты бастауыш сыныптарда оқытуға
негіз болатын факторлар
мыналар:
- бастауыш мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу;
- ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту;
- бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін
қалыптастыра отырып, әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлау.
Достарыңызбен бөлісу: