Байланысты: O 1179 u Sauattyly 1179 100 n 1201 s 1179 a
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education 367
күндік жерге шегініңдер, біз сендердің жерлеріңе өтіп, сонда соғысайық, - деп елші
арқылы сәлем айтады.
4.Уәзірлерімен ақылдаса келе Кир сақ жерінде соғысуды қалайды. Томирис
айтқан уәдесі бойынша үш күндік жерге шегініп, парсы әскерлеріне Аракс өзенінен
өтуге мүмкіндік береді. Бірнеше күндерден кейін парсылар мен сақтардың
барлаушы топтары кездесіп, қиян-кескі арпалыс басталады. Қайшыласқан айқаста
Томиристің ұлы Спаргапис бастаған сақ жауынгерлері жеңіске жетеді. Бірақ бұл
уақытша жеңіс еді. Спаргапистің ержүрек сарбаздары парсы әскерлерінің аз ғана
тобымен қақтығысқан болатын.
5.Алғашқы жеңісті тойлап отырған Спаргапис әскерінің үстіне Кирдың негізгі
қолы келіп, көбін қырып жіберіп, біразын тұтқынға алады. Тұтқындардың
арасында Спаргапис те бар еді. Мұны естіген Томирис шұғыл түрде Кирга елші
жіберіп:
– Мидия патшасы! Сен мына болмашы жеңісіңе мақтанба! Сендер ашық
айқастан қашқақтап, менің ұлымды айламен алдыңдар. Кир, енді сен менің
ақылымды тыңда. Тұтқынға түскен ұлымды кайтар да, аман-есеніңде еліңе қайт.
Бұған құлақ аспасаң, Тәңірімнің атынан ант етемін, қанша қомағай болсаң да мен
сені қанға тұншықтырамын, -деп өз сәлемін жеткізеді.
Кир Томиристің сөзіне мән бермейді. Парсы патшасының жарлығымен алдына
алып келген сақ ханзадасы қынабындағы қанжарын өзінің жүрегіне қадайды.
Парсылардың мазағына тапталғысы келмеген Спаргапис ажалдан намысты жоғары
қояды.
6. Баласының мерт болғанын естіген Томирис парсыларға қарсы жорығын
бастайды. Екі жақтың да жауынгерлері шегінбестен ұзақ уақыт соғысады.
Ақырында сақтар жеңіп, парсы әскерінің тас-талқанын шығарады. Жан алып, жан
беріскен осы қақтығыста Кир патшаның өзі де бақилық болады. Парсы
патшасының мәйітін тапқызып, басын алдырған Томирис: «Сен менің ұлымды
зұлымдықпен мерт етіп, мені тірідей өлтірдің. Сондықтан да сені қанға
тұншықтыруға ант берген едім. Енді сол қанды тойғаныңша іш», – деп, кесілген
басты қанға толы торсыққа салуды әмір етеді. Сақтардың әйел патшасы өз антын
еш бұзбастан орындаған екен.
(441 сөз)
(«Әдеби жәдігерлер» кітабы)
13.Екінші азатжолдың үшінші азатжолға қатысы қандай?
A)Ойды салыстырады
B)Ойды тұжырымдайды
C)Ойды қорытындылайды
D)Ойды дамытады
E)Ойды пайымдайды
14.Автордың мәтінді жазудағы мақсаты қандай?
A)Спаргапистің соғыстағы жеңісін үлгі тұту
B)Мидия патшасының ақылдылығын дәріптеу
C)Кирдің жеңісін мақтан ету