Бауыржан Момышұлы ұлына қатаң түрде
нені өсиет етті?
Бауыржан Момышұлының айтқан 25 өсиеті
Осы 25 өсиет әр бір жігіттің бойында болуы тиіс!!!
Бауыржан Момышұлы.
"Ұлыма айтарым":
1) Жігіттің екі сөйлегені - өлгені. Уәде бермеуге тырыс.
Әйтпесе, сөзіңде тұр.
2) Қысқа, нұсқа сөйле. Дауысың анық болсын.
3) Көп тыңда. Аз сөйле. Сөзіңнің артынан ісіңмен үлгеруге
жаныңды сал.
4) Өсек айтылатын жерде болма. Кездейсоқ болған жағдайда
қосылма. Кесіп тастауға тырыс.
5) Таспен атқанды аспен ат - жеңісің. Содан кейін алшақ жүр.
6) Ренжітпе! Жүйелі қарғыс иесін табады.
7) Ешқашан мақтанба! Жұрт мақтасын.
8) Өзіңді сыйла, Өзгелер сыйласын.
9) Күнде өзіңе есеп бер. Өзіңді тәрбиелей бер.
10) Құмар ойын - әлсіздің әлегі. Мықтының рухы биік, денесі
шымыр.
11) Үйретері мол мықтылардан ұстаздарың болсын. Бірақ,
ешкімді пір тұтпа!
12) Сыйлағанның құлы бол. Кішірею төмендеу емес.
13) Ең алдымен өзіңе өзіңнің көңілің толатындай өмір сүр.
14) Саяхатта. Дүниетанымыңның аясы кеңейеді.
15) Қайтарымынан үмітті болсаң, жақсылық жасама.
16) Жүйкең әлі талай қажет болады. Болмашыға тоздырма.
Шешуші сәттерге бапта.
17) Уайымға салынудан алшақ бол. Арба да сынбайтын, өгіз
де өлмейтін шешім қабылда. Тез шешім қабылда. Тәуекел түбі
жел қайық - жүзесің де өтесің. Уайым түбі тұңғиық батасың да
кетесің.
18) Сырыңды ешкімге алдыртпа. Екі елі аузыңа сыймаған сөз,
өзгенің отыз екі тісінің арасына тіптен сыймайды.
19) Өкпелеме. Өш алма. Санасына бер. Аллаға тапсыр!
20) Қыран құстай қырағы бол. Өзгелерді өзіңдей көрме!
21) Пенденің пендеден айырмашылығы адамгершілігі мен
білімінде. Таны, оқы!
22) Өнер үйрен. Мамандығыңда мықтысы бол.
23) Өміріңнің сапасына тек сен жауаптысың!
24) Ұрпақ тәрбиесі елу пайыз сенің мойныңда. Ұлың өзіңнен
озатын болсын. Қызың саған қарап серігін тауып бақытты
болсын.
25) Кім қанша төмен түссе де, сен өз биігіңде қал.
|