Кітап мазмұны



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата23.10.2022
өлшемі426,3 Kb.
#45022
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Өсиет кітабы

 
 
 
 
 
 
 


Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы келер ұрпаққа нені 
ескертті? 
 
«Е, ағайын, бұл заман бір қалыпта тұрмайды, бірақ қазақ 
құрымайды, жақсылық-жамандық егіз, бірде жақсы, бірде 
жайсыз болса да, ақыры бір қайырлы болып отырады, 
әрқайсысының арасында заман туралы мынандай әңгіме бар 
емес пе» 
********* 
Азарсың жұртым, азарсың, 
Азағандықтың белгісі, 
Тайпақ-тайрап көлдерден балық шығар,-деп еді. 
Қылмысы жаққан пенделер алып шығар,- деп еді. 
Қылмысы жақпаған пенденің екі етегі су болып, 
Бір жартақан тәңірге налып шығар,-деп еді. 
Ауылдардың шу басқан, жаулықтарын ту қылған 
Салтың шығар, -деп еді. 
Оқшантайы жоқ, кісе жоқ, 
Белбеу шығар,-деп еді. 
Жүгініс жоқ, малдас жоқ, 
Көлбеу шығар,-деп еді. 
Заман ақыр адамымен шығар,-деп еді. 
Үй басына тоқ өткен, желі шығар,-деп еді. 
Енсімен керіскен келін шығар,-деп еді. 
Келіні айғыр, енесі саяқ шығар,-деп еді. 


Бір уысқа толмайтын, аяқ шығар,-деп еді. 
Қай жер болса қонысың, сол жақ болар,-деп еді. 
Бұзай тайшаға жүк артылар,-деп еді. 
Қарап тұрған жігітке, қыз артылар,-деп еді. 
Көкек айы болғанда, кемпір күйлер,-деп еді. 
Егіншінің қатыны байын билер, -деп еді. 
Тоғай басы құраұ боп, арық шығыр,-деп еді. 
Сол арықтың ішінде ыңғайы жоқ, 
Жаманының пышағы мен, шақпағы жоқ, 
Қалып шығар,-деп еді. 
Бес қойға алған өгізді, тегін дерсің,-деп еді. 
Егін егіп тарының, сөгін жерсің,-деп еді. 
Жалаңаяқ қартарды, бегім дерсің,-деп еді. 
Заман ақыр адамы мен меншілік болғанда 
Ат қояндай, ер құмандай болады,-деп еді. 
Садағың кергеге іліп тұрар,-деп еді. 
Өлеңтіні жағалап тал шығады,-дер еді. 
Тал шыбықтай бұралған, сал шығады,-деп еді. 
Соққан бейіт секілді, 
Отынға деген қамыстан үй шығар,-деп еді. 
Қырықан серек бұтындай бит шығар, -деп еді. 
Бар құмары арақ боп,-көрінгенге мазақ боп, 
Последний штанын салып шығар, деп еді. 
Кері кеткен елдің кеңесшісі кеш болады. 
Кедей елдің көш басшысы көп болады. 
Төлеңгіт билеген төре оңбас. 
Тау белгісі тас болады, 
Бай белгісі ас болады. 
Төренің жаманы төлеңгітімен қас болады. 
Баланың жаманы әкесін өлтіргенмен дос болады. 
Бұзылар елдің белгісі-бұртанасы бас болады. 
Оңар елдің ақсақалы елінің үлгісі болады. 
Оңбас елдің ақсақалы елінің күлкісі болады. 
******** 


Ер жігітің үш жұрты болады; қайын жұрт, туған жұрт, нағашы 
жұрт. Қайын жұрты сынаумен болады, туған жұрты күндеумен 
болады, нағашы жұрты, болсын, толсын деумен болады. 
Үйдің жақсысы ағашынан, туыстың жақсысы нағашыдан деген, 
баланың тегін сұрмайды, қазақ нағашы жұртын сұрайды. Алып 
андан туады. Нағашысы жақсы болса, баланы да жақсы екен, деп 
риза болады. Бірақ заман азған соң, осы нағашы да азады. Осы азу 
барып-барып 2013 жылдан бастап түзеле бастайды. Ол қанша жыл 
дәуірлейді, бір Алла өзі біледі. Бірақ одан кейін екінші азу бар. Ол 
қанша мың жылдан кейін боларын тағы да бір Алла біледі. Үшінші, 
мұны қиямет-қайым. Бұл уақытта жер дүниеде тіршілік болмайды. 
Заман кезегі осындай өзгерістермен аяқталамақ. Бірақ байлық пен 
кедейлік, жамндық пен бұзықтық, бірлікі пен тіршілікті бұзып 
замнды өзгертетін Алла емес, пәнденің өзі-залымдары мен 
зұлымдары, қожалары мен молдалары. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет