Кітап мазмұны


Мөңке би келешекке арнап қандай өсиет айтты?



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата23.10.2022
өлшемі426,3 Kb.
#45022
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Өсиет кітабы

Мөңке би келешекке арнап қандай өсиет айтты? 
Мөңке би өз заманында «ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен дана 
би». Төменде Мөңке бидің көшпелі тірліктің тіні бұзылмаған 
қоғамда заман аңысын аңдап, оның келешек кескін-кейпін дәл 
болжай білген жазбалары: 
Азарсың, жұртым, азарсың,
Азарыңның белгісі:
Құрамалы, қорғанды үйің болады,
Айнымалы, төкпелі биің болады.
Халыққа бір тиын пайдасы жоқ
Ай сайын бас қосқан жиын болады.
Ішіне шынтақ айналмайтын
Ежірей деген ұлың болады.
Ақыл айтсаң ауырып қалатын
Бедірей деген қызың болады.
Алдыңнан кес-кестеп өтетін
Кекірей деген келінің болады.
Ішкенің сары су болады,
Берсең итің ішпейді,
Бірақ адам оған құмар болады.
Қиналғанда шапағаты жоқ жақының болады.
Ит пен мысықтай ырылдасқан,
Еркек пен қатының болады...


Азарсың, жұртым, азарсың,
Азарыңның белгісі:
Жас баладан биің болар,
Жас балшықтан үйің болар,
Ат жақсысы арбада болар,
Жігіт жақсысы саудада болар.
Көлдің суы бітіп, табаны қалар,
Аттың жүйрігі кетіп, шабаны қалар.
Жақсының атағы кетіп, азабы қалар,
Әулиенің аруағы кетіп, мазары қалар.
Сөздің маңызы кетіп, самалы қалар,
Сөйтіп, ақылы жоқ, санасыздың заманы болар.
Ертеңіне сенбейтін күнің болады.
Бетіңнен алып түсер інің болады.
Алашұбар тілің болады,
Дүдәмалдау дінің болады.
Әйелің базаршы болады,
Еркегің қазаншы болады,
Жылқы жұлдыз болады,
Қой құндыз болады.
Кебір - жерге теңеледі,
Әйел - ерге теңеледі,
Көл - теңізге теңеледі.
Сиыр - өгізге теңеледі.
Ақырзаман адамы
Сағынып тамақ жемейді,
Ащыны - ащы демейді,
Тапқанын олжа дейді, "Алһам" білгенін молда дейді.
Бір-біріне қарыз бермейді,
Шақырмаса, көрші көршіге кірмейді.
Сарылып келіп тосады,
Құны жоқ қағазды судай шашады... 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет