А. Р. Рустенов, Н. Ж. Елеугалиева генетика практикумы


Моногибридтік будандастыру



Pdf көрінісі
бет18/159
Дата23.10.2022
өлшемі4,96 Mb.
#45023
түріПрактикум
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   159
Байланысты:
Rystenov A.R., Eleygalieva N.J. Genetika praktikymy 2016 (1)

 
2.1. Моногибридтік будандастыру 
Жұмыстың мақсаты:Генетикалық терминдерді игеру және 
гибридолгиялық әдістің негізін түсіну. Доминантты және рециссивті белгілерді 
ажырата білу. 
Құрал-жабдықтар: 1.Ішіне қоректік орта құйылған пробиркалар немесе 
стакандар, әрбір студентке екеуден беріледі, ол Ғ
1
-ді алуға және 4-6-дан Ғ
2
-ні 
алу үшін беріледі. 2) Осыған сәйкес мутанттар және жабайы түрдегі шыбындар. 
3)Дрозофилмен жұмыс істеуге арналған құралдар жинағы. 
Қысқаша мағлұмат. Г. Мендель ашқан тұқым қуу заңдылықтары туралы 
ілім – м е н д е л и з м деп атады. Г.Мендель өз заңдарын асбұршақ өсімдігін 
будандастырып ұзақ уақыт тәжірибе жүргізу арқылы дамытты. Оның 
тәжірибені дұрыс қоя білуі, тәжірибесінің жемісті болуына ықпалын тигізді. 
Ата – аналық организмдердегі альтернативті жұп белгілердің тұқым қуалауын 
оларды будандастыру арқылы зерттейді. Сол жұп белгілердің санына қарай 
будандастыру моногибридті, дигибридті және полигибридті деп ажыратылады. 
Қарама – қарсы немесе альтернативті бір жұп белгілері бойынша 
ажыратуға болатын ата – аналық формалар будандастырылса, оны 
моногибридті деп айтады. Мысалы Мендель тәжірибелері үшін альтернативті 
жеті белгілері бойынша ажыратылытын бұршақтың әртүрлі сорттарын таңдап 
алды: тұқымы сары, немесе жасыл, тұқымы тегіс немесе бұдыр, тұқым қабығы 
сұр немесе ақ, бойы биік немесе аласа т.б. 


33 
Өздігінен тозаңданатын бұршақтың осы сорттарын бір – бірімен 
будандастырудың 
нәтижесінде 
Мендель 
тұқым 
қуалаудың 
негізі 
заңдылықтарын ашты. 
Г. Мендель әдістемелерінің негізілеріне мыналар жатады
• бірінші, будандастыруға тек қана бір немесе өте аз белгілері бойынша 
айырмашылықтары бар өсімдіктер алынды; 
• екінші, әр белгінің тұқым қуалауы бөлек есептелінді; 
• үшінші, талдау барысында әр өсімдікті бөлек қарады; 
• төртінші, әр буданның ұрығын өз алдына жеке септі; 
• бесінші, баламалық белгілерді есептеуде математикалық әдістерді 
қолданды. 
Мендель будандастыру үшін бұршақтың бір ғана нақты белгісі бар таза 
сортын алды және кейінгі ұрпақтан пайда болған буданды дұрыс есептей білді.
Ол ең алғаш тұқым қуалау бірліктерін, факторларын ашты, бұл методология 
кейін Мендель методологиясы деп аталды.
Сырт пішіні бір-бірінен бір ғана белгіден өзгешелігі бар аталық-
аналық жұптарын қосуды моногибридтік будандастыру деп атайды. 
Мысалы: аналық өсімдік сары, аталық жасыл немесе керісінше. Осы
белгілердің сырт көрінісін фенотип, ал гендердің жиынтығын – генотип  
деп атайды. 
Бұл атауларды 1903 жылы В. Иоганнсен кіргізген. «Р» қатарында 
будандастырып отырған аталық-аналықтардың белгілері (сары, жасыл т.б), яғни 
фенотипі жазылады. Белгілердің фенотипінің дәл үстінде жазылған әріптер 
(АА, аа) сол белгілердің нәсілдік қасиеттері - гендері. 
Гаметаның құрамында белгінің жұп нәсілдік қасиетінің, яғни аллельдердің 
біреуі ақ болады. Қарама-қарсы жұп белгілерді 1902 жылы В.Бэтсон 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет