33
Өздігінен тозаңданатын бұршақтың осы сорттарын бір – бірімен
будандастырудың
нәтижесінде
Мендель
тұқым
қуалаудың
негізі
заңдылықтарын ашты.
Г. Мендель әдістемелерінің негізілеріне мыналар жатады:
• бірінші, будандастыруға тек қана бір немесе өте аз белгілері бойынша
айырмашылықтары бар өсімдіктер алынды;
• екінші, әр белгінің тұқым қуалауы бөлек есептелінді;
• үшінші, талдау барысында әр өсімдікті бөлек қарады;
• төртінші, әр буданның ұрығын өз алдына жеке септі;
• бесінші, баламалық белгілерді есептеуде математикалық әдістерді
қолданды.
Мендель будандастыру үшін бұршақтың бір ғана нақты белгісі бар таза
сортын алды және кейінгі ұрпақтан пайда болған буданды дұрыс есептей білді.
Ол ең алғаш тұқым қуалау бірліктерін, факторларын ашты, бұл методология
кейін
Мендель методологиясы деп аталды.
Сырт пішіні бір-бірінен бір ғана белгіден өзгешелігі бар аталық-
аналық жұптарын қосуды моногибридтік будандастыру деп атайды.
Мысалы: аналық өсімдік сары, аталық жасыл немесе керісінше. Осы
белгілердің сырт көрінісін
фенотип, ал гендердің жиынтығын –
генотип
деп атайды.
Бұл атауларды 1903 жылы В. Иоганнсен кіргізген. «Р» қатарында
будандастырып отырған аталық-аналықтардың белгілері (сары, жасыл т.б), яғни
фенотипі жазылады. Белгілердің фенотипінің дәл үстінде жазылған әріптер
(АА, аа) сол белгілердің нәсілдік қасиеттері - гендері.
Гаметаның құрамында белгінің жұп нәсілдік қасиетінің, яғни аллельдердің
біреуі ақ болады. Қарама-қарсы жұп белгілерді 1902 жылы В.Бэтсон
Достарыңызбен бөлісу: