Мендель заңдылықтары бойынша есептерді шығару жолдарына берілген мысалдар Есеп 2.1. Қызанақтардың жемісінің түрлері домалақ және алмұрт тәріздес
болып келеді. Пішіні домалақ түрін шығаратын ген доминантты. Тәжірибе
бөліміне гибридті дәндер отырғызылған. Өскен өсімдіктердің 31750 алмұрт
тәріздес қызанақтарды берді, ал 92250 – домалақ түрлерін шығарды. Осы өскен
өсімдіктердің қаншасы гетерозиготалылар?
Жауабы А – пішіні домалақ түрі
а – пішіні алмұрт тәріздес түрі
Отырғызылған гибридтік (гетерозиготалылар) өсімдіктер дәндері.
Олардың генотиптері - Аа. Ұрпақтардың ажыраулары 3 : 1 жақын, содықтан
болжамымыз дұрыс.
Пішіні домалақ түрлі қызанақ беретіндер арасында гетерозиготалы (Аа)
және гомозиготылар (АА) бар. Моногибридтің будандастырудың F
2
генотиптері бойынша 1 : 2 : 1 пропорциясында болады. Олай болса
гетерозиготалы өсімдіктер доминантты, сондықтан жалпы сандардың
92290 · 2/3 = 61500 немесе екі есе көп болады, ал рецессивті белгі:
31750 · 2 = 63500.
Жауабы: гетерозиготалылар шамамен – 62500
Есеп 2.2. Адамда кездесетін шизофрения ауры рецессивті белгі ретінде
тұқым қуалайды. Егер әкесінің әжесі және анасының атасы осы аурумен
ауыратын болғанда, әкесі және анасы сау отбасынан шизофрения ауруымен
ауратын баланың пайда болу ықтималдығын анықтаңдар.
Шешімі: 1.
Әкесі және анасы сау, яғни оларда доминантты А гені бар.
2.Олардың әрқайсысының ата-аналарында шизофренияның рецессивті
белгісі (аа) болған, яғни олардың генотипінде рецессивті ген а бар, сондықтан
олардың генотиптері – Аа.
39
Отбасының сызбасы P
♀Aa сау
×
♂Aa сау
гаметалары