А. Р. Рустенов, Н. Ж. Елеугалиева генетика практикумы



Pdf көрінісі
бет28/159
Дата23.10.2022
өлшемі4,96 Mb.
#45023
түріПрактикум
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   159
Байланысты:
Rystenov A.R., Eleygalieva N.J. Genetika praktikymy 2016 (1)

Есеп 2.16. Тауықтарда қауырсынның қара түсі қызылға доминантты
басындағы айдары бары – жоғына. Айдарлы қызыл әтешті қара түсті айдарсыз 
тауықпен будандастырды. Алынған ұрпақтың жартысы айдарлы және қара 
қауырсындылар, екінші жартысында – қызыл қауырсынды және айдарлы. Әкесі 
мен анасының генотиптері қандай болуы мүмкін? 
Есеп 2.17. Өсімдіктің генотипі белгілі – AaBbccddEe. Гендері тәуелсіз 
тұқым қуалайды. 
а) Өсімдік қанша гаметалар типтерін шығарады?
б) Егер барлық жұп аллельдері толық доминантты болса, қанша 
фенотиптерді және қандай қатынастағы ұрпақтар өзіндік тозаңдануда бұндай 
өсімдік шығара алады?
в) Өзіндік тозаңдандандыруда ұрпақтарында қанша генотиптердің түрлері 
шығады?
г) Егер барлық жұп аллелдері толымсыз доминанттылықта болса, қанша 
фенотиптерді және қандай қатынастағы ұрпақтарды өзіндік тозаңдануда бұндай 
өсімдік шығара алады?
Есеп 2.18. Масағы тығыз қылшықты бидай мен босаң қылшықтыны 
будандастырғанда, F
1
ұрпақтары қылшықсыз масақтылар мен орташа 
тығыздықтыларды алған. F
2
ұрпақтарында алынған: тығыз масақты, 
қылшықсыздар -58, масағы орташа тығыздықты, қылшықсыздар – 125, 
қылшықсыз, босаң масақтылар – 62, қылшықты, тығыз масақтылар – 18, 
қылшықты, орташа тығыздықты масақтар – 40, қылшықты, тығыз масақтылар 
– 21. Зерттелген белгілер қалай тұқым қуалады? Әкесі мен анасының 
генотиптері қандай?
Есеп 2.20. Дарақтарды былай будандастырды AaBbCcEe и AaBbCCEe. 
Мынадай генотиппен алынғандар, жалпы ұрпақтардың қандай бөлігін 
құрайды: а) AAbbCCee, б) aabbccee, в) AaBBCcEE? 


45 
Есеп 2.21. Сот-медициналық экспертке тапсырма берілді Р отбасындағы ұл 
бала өздерінен туылған ба, әлде олар асырап алған ба? Отбасындағы әкенің, 
ананың және баланың қандары зерттелініп, мынадай көрсеткіштерді алды:
- ананың қанында - Rh
+
, O және M; 
- әке қанында - Rh
-
, AB және N; 
- баласының қанында - Rh
+
, A және М. 
Осы мәліметтерге сүйеніп эксперт қандай қорытынды берді және ол оны 
қалай негіздеді? 
  
Өз-өзіңді тексер: 
1. 
Бірдей гендерді ...............................деп атайды. 
2. 
Әр түрлі гендерді ............................деп атайды. 
3. 
Басым гендерді ...............................дейді. 
4. 
Көрінбейтін генді ...........................деп атайды. 
5. 
Ата- ананы .......................................әрпімен белгілейді. 
6. 
Ұрпақтарды ......................................әрпімен белгілейді. 
7. 
Гендердің жиынтығын ...................деп атайды. 
8. 
Белгілер жиынтығын .......................деп атайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет