Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



Pdf көрінісі
бет33/103
Дата23.10.2022
өлшемі2,17 Mb.
#45033
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   103
Байланысты:
audarmanyng ozektigi Kulmanov

сиыр’ сөзіне теңестіріп корова’ деген мағынасы кеңірек, жалпы 
ұғымды білдіретін сөздермен аударамыз.
7) Ауызекі сөйлеу тілінің белгілі ерекшеліктерінің бірі 
эмоционалды-экспрессивті реңі екені сөзсіз. Сол сөйлеудің 
қанық бояуларын аудару, әрине, арнайы тәсілді қажет етеді. Оны 
ауызекі сөйлеу тіліне тән эмоционалды-экспрессивті құралдарды 
аудармада сәйкестендіру тәсілі деп атауды ұсынамыз, себебі 
арнайы зерттеулерде ілеспе аударманың ерекше аудару тәсілдері 
түгіл жалпы мәселелерінің өзі де қарастырылмағанын жоғарыда 
анықтағанбыз. Мысалы, М.О.Әуезов «Ревизор» кейіпкерлерінің 
сөздері түпнұсқаның оқырманы мен көрермені қандай әсер етсе, 
аударманың қабылдаушысына да сондай әсерге жету мақсатында 
эмоционалды-экспрессивті құралдарды аудармада сәйкестендіру 
тәсілін шебер қолданады. Ауызекі сөйлеу тілінің заңдылықтарын 
сақтай отырып, кейіпкерлердің репликаларын түпнұсқадағыдай 
қысқа және әсерлі береді. Мысалы:
Городничий: Две необыкновенные крысы снились... неестес-
твенной величины ...Аудармасы: – Дуанбасы: Түрі жаман екі 
егеуқұйрық түсімнен кетсінші... добалдай ...


93
Дуанбасының репликасы түпнұсқада алты сөзден тұрады. 
Сөйлеушінің қобалжып, мазасы кетіп, өзін-өзі ұстай алмай 
тұрғанын сөйлеп тұрғанында ентігіп, демін алғаны білдірсе, 
жазбаша тілде көп нүкте білдіреді. Осындай эмоциялық халін 
түпнұсқа да, аударма да, біріншіден, арнайы лексика арқылы, 
екіншіден, сөйлемнің үзілуі мен сөздердің қалыптасқан белгілі 
ретті бұзу арқылы жеткізеді. Түпнұсқадағы ‘необыкновенные’, 
неестественной величины’ деген сөздердің бағалық семаларынан 
гөрі көлем, өлшем семаларының басыңқы екені анық. 
Аудармадағы бұл сөздер эквиваленттерінің бағалық семаларының 
басыңқы екеніне көзіміз жетіп отыр: ‘необыкновенные’ – ‘түрі 
жаман’, ‘неестественной величины’ –‘добалдай’. Осы бағалық 
мағына эмоциялық семаларды тудырып, оқырманға (көрерменге) 
аударманың эмоциялық әсері түпнұсқаға қарағанда әлдеқайда зор. 
Осы тәсілді келесі сөздерді салыстырғанда да көреміз: түпнұсқада 
нейтралды ‘снились’ болса, аудармада ‘түсімнен кетсінші’ 
деп сөйлеушінің мазасызданып тұрғанын білдіреді. Сонымен, 
аударманың эмоционалды-экспрессивті реңінің күшеюінде күмән 
жоқ. Нейтралды ‘снились’ сөзіне аудармада ‘қайта-қайта’, 
үнемі’ сияқты ұзақ мерзім мен қайталану семалар қосылған 
түсімнен кетсінші’ деген перифраза сәйкестендірілген. Әрине, 
М.О.Әуезовтің аудармашы шеберлігін үңіліп зерттеу әлде де талай 
нәтижелерге әкеліп, толғандырады, үлгі болып ой салады. 
Қорыта келгенде, ілеспе аударма – аударма түрлерінің ішінде 
ең күрделі екенін мойындай отырып, ол салада айтарлықтай 
жетістіктерге жету жолында аударма ісінде жиі қолданылатын 
тәсілдерді игеріп алудың қажет екені анық. Онсыз ілеспе аударма 
емес, аударманың қайсысы болса да ұстатпайтын тоты құстай болуы 
мәлім. Аударма дағдылары қалыптасып, екі тілдің сөз байлығы, 
идиома мен паремияларының сәйкестіктері жадында шұғыл пайда 
болып, екі тілде де шебер және жылдам шешім қабылдап сөйлейтін 
маман ілеспе аудармада жетістіктерге жететініне әбден сенеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет