Доклады казахской академии образования Ежеквартальный журнал издается с 2008 года



Pdf көрінісі
бет35/103
Дата23.10.2022
өлшемі2,64 Mb.
#45039
түріДоклад
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   103
Байланысты:
KAO-3-2020

ӘОЖ 796/799.378  
БЕЛСЕНДІ ТУРИЗМ ТҮРЛЕРІНДЕГІ СПОРТТЫҚ-
САУЫҚТЫРУ БАҒЫТТЫЛЫҒЫ 
 
Г.А. АБДИКАРИМОВА 
педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы, 
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 
М. ИСПАНДИЯРОВ 
педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы, 
Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университет 
Б.Б. АТЫШЕВА 
магистр, аға оқытушы, 
Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университет 
Е.Н. ТУГЕЛБАЕВ 
магистр, аға оқытушы, 
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 
Аннотация 
Мақалада туризм саласының дене шынықтыру мен спорттық 
сауықтыру бағыттылығы және елдің экономикалық, қаржылық 
факторлары арасындағы тығыз байланыстығы, туризмнің даму үрдісі, 
туризмнің ел мен әлем экономикасына ықпалы жайлы ақпарат берілген. 
Қазіргі уақытта демалыс мерзімін бөліп беру үрдісі орын алғандықтан, 
аймақта туризмді дамыту бағдарламасын құру үшін әртүрлі әлеуметтік 
топтардың жалпы бос уақыт бюджетін, ол уақыттың құрылымын, нақты 
және әлеуетті туристік қызмет тұтынушының құндылық бағдарын және 
динамикасын білу өте маңызды. 
Түйін сөздер: туризм түрлері, спорт, инфрақұрылымдық, 
сауықтыру және тәрбиелік маңызы. 
Адамдардың күнделікті өмірдегі мінез-құлықтары мен ойлау 
қызметін талдаушы ілім, себебі, олардың істері мен байланыстары 
табиғилықтан арылып, өмірдің нақты бір мәселелерін шешу үрдісінде 
тудыратын біртума бағдарлар жиынтығына айналуда. «Әдіснама» 
ұғымының көптеген түсіндірмелеріне жүргізген құрылымдық-
мазмұндық талдауы оның біршама ең жалпы, сипатты белгілерін 
айқындады. Бұл белгілердің «туризм», «туристтік қызмет», «туристтік 
бизнес» ұғымдарымен салыстырыла жүргізілген талдауы әдіснаманың 
туризм мен туристік қызметті мемлекеттік басқарудың тұрақты даму 


134 
теориясы мен практикасын зерттеу үшін философиялық негіз болып 
саналатын қызметтерін анықтады. 
Сабақтан тыс өткізілетін қосымша білім беру жүйесінің басты 
құндылығының бірі – оның баланың мүддесін, әлеуетті мүмкіндіктері 
мен қабілетін ескере, өзін тұлға ретінде қалыптастыруға көп мүмкіндік 
беретіндігі. Себебі, мектеп жасы – бұл тек сабақ, баға, емтихан емес. 
Сонымен қатар, тұлғаның қалыптасу, шығармашылық даму, ізденіс, 
өзін-өзі бекіту уақыты. Мұнда балалар туризмі маңызды роль атқарады. 
Облыста балалар туризмінің дамуын талдау оқушылардың туристтік-
өлкетану қызметі тиімді әлеуметтік-педагогикалық тәрбие, және 
адамгершілік-дене сауығу құралы екенін көрсетті. Туған өлкені тану 
арқылы азаматтық, өз Отанын сүю және өзге құнды жеке қасиеттер 
қалыптасады [1]. 
Уақыт өте адам өзге де тану тәсілдерін қарқынды игерді және ХХ 
ғасырдың аяғында виртуалдық ақпарат алу, айналада: жерде, жер 
астында, суда, су астында, ауада және тіпті ғарышта болып жатқан 
көптеген жағдайлар туралы шынайы әсерлер құру мүмкіндігіне ие 
болды. Туристік әсер әртүрлі жерлерге бару нәтижесінде, табиғи 
факторлардың әсеріне, аймақтың имиджіне, инфрақұрылымның даму 
деңгейіне, инфрақұрылым элементтерінің орналасу және пайдалану 
ыңғайлылығына, жергілікті дәстүр, болмыстарға және т.б. байланысты 
қалыптасты. Басқаша айтқанда, ол турист «баратын» аймақтық ортаның 
және оған қызмет ететін сала қызметкерлерінің әсерінен құрылады. Өз 
кезегінде туристік әсер адами факторға және аймақтық ортаға әсер етіп, 
оны өзгертеді. Осы туризм жүйесіне біріккен барлық әртекті элементтер 
оның тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін қайта өңдірілуі тиіс [2]. 
Дәл осы жағдай туристік қызметтің басты қайшылықтарын 
көрсетеді: адам тіршілікті виртуалдық танудан неғұрлым көп мүмкіндік 
алса, бір тартымды туристік нысандарға баруды қалаушылар неғұрлым 
көп болса, туристік-рекреациялық қорлар соғұрлым көп қауіпке 
шалдығады және жұтаңданады, туристер баратын жерлердің 
рекреациялық сыйымдылығы мен экологиялық тепе-теңдік балансының 
бұзылу ықтималдығы соғұрлым артады. Осы тепе-теңдікті сақтау үшін 
туристік өлкетану ұйымының қызметкерлері табиғатты қорғау 
мәселелеріне келесідей 2 аспектісіне көңіл бөлген: өсімдіктердің 
кептірілген түрі, гербарий – бұл берілген ауданда нақты өсімдіктің 
кептірілген коллекциялық жиынтықтық құжаты болып табылады. 
Екіншісі жануарлар әлемін қорғау және оны зерттеу маңыздылығы 
бағытында жүргізілетін жұмыстар. Сонымен қатар өлкетану 
жұмысында атқарылатын бірнеше бақылаулар жүргізілетін орындар 


135 
бар. Солардың бірі ботаникалық бақ бақылау орындарын айтсақ 
болады. Туризмді дамыту бағытында осы салаларды пайдалану тиімді. 
Оны соңғы кездегі көшелерде ілініп тұрған жарнамалардан да 
байқаймыз. Мәселен, балаңыз ботаникалық бақта болды ма? 
Қазіргі күнде Қазақстандағы әрбір облыс орталықтарында 
өлкетану музейлер қызмет жасауда. Бұлардың әрбірі өлкенің 
тарихымен, табиғатымен, мәдениетімен экспозициялар арқылы келген 
қонақтарды таныстырады. Одан басқа мұражай қызметкерлері 
жинақтау 
жұмысын 
басқарады 
– 
ауылдарға 
экспедициялар 
ұйымдастырып, тарихи, этнографиялық заттар мен құжаттарды өлке 
тұрғындарынан жинайды [3]. 
Туризм, егер қайта қалыпқа келмейтін қорларсыз даму мүмкін 
болмаса, әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде бір түрден екінші 
түрге, соның ішінде қолданылған қорлар қайта қалпына келетін, қайта 
өндірілетін, өзге түрлерге ауысатын, аз жұмсалатын түрлерге көшуге 
қабілетті (оған қосатын үлесі бар, қазіргі таңда барлық туризм 
түрлерінің 40% құрайтын экологиялық туризм мысал бола алады). Оның 
негізгі сипаттамасы – өзінің даму қорларын, тиімді өндіріс және тұтыну 
құрылымдарын тиімді пайдалану, автономды түрде түр өзгерту 
қабілеттілігі [4, б.б. 16-17]. 
Әлеуметтік-экономикалық жүйенің тұрақтылығы ұғымының 
әртүрлі түсіндірмелері талдаулы феноменнің күрделілігін көрсетеді. Өз 
кезегінде, туризмнің тұрақты дамуы деп қолжетімді даму (немесе 
шектеулер – экономикалық, экологиялық, өзге) шегінде динамикалық 
түрде өзгерулі мақсаттарға қол жеткізу барысында туризм жүйесі 
сипаттамаларын жақсартатын сыртқы және ішкі факторларды ескере 
отыра жағдай жасауды түсіну қажет.
Осылайша, аймақта туризмнің дамуына оң және кері әсер ететін 
сыртқы және ішкі факторларды және оларды басқару мүмкіндіктерін 
кешенді зерттеу қажет. Зерттелетін салаға аймақтық қолдау көрсету 
бағдарламасын құру кезінде (әсіресе оның концептуалдық сатысында) 
осы аумақта туризмнің даму басымдылықтары мен перспективаларын 
айқындайтын сыртқы және ішкі факторлардың барлық жиынтығы 
есепке жатады. Факторлар жіктемесі олардың өзара байланысын: 
аймақта туризмнің дамуына әсер ететін сыртқы (экзогенді) және ішкі 
(эндогенді) күштердің, және де уақыт факторы – маусымдылықтың 
тікелей және кері байланысы көрсетілген. Туристтерге ерекше назар 
аударылады, себебі бұл аймақта туризмді құру негізі болып табылады 
[5, б.б. 2-3]. 


136 
Осыдан біраз уақыт бұрын жергілікті атқарушы және білім беру 
органдарының пәрменімен жер-жерлерде балалар-жасөспірімдер 
туризмі, өлкетану және экология орталығы қалпына келтірілді. 
Орталықтың негізгі мақсаты: мектеп туризмін белсенді туризм түрі 
ретінде, салауатты өмір салтын насихаттау, экологиялық мәдениет пен 
өлкетануды қалыптастыру бойынша қызмет саласын кеңейту болды. 
Орталықтың қызмет саласы жыл сайын әр алуан түрде кеңеюде [6]. 
Негізгі қызмет бағыттары: спорттық; туристік-экскурсиялық; 
өлкетану; ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру және экологиялық. Әр 
бағыт өз саласын қамтиды, олардың өзіндік ерекшеліктері мен 
техникалық параметрлері бар. Орталықтың қызметі келесі негізгі 
бағыттар бойынша қарастырылады: шаңғы туризмі, жаяу жүру туризмі, 
тау туризмі, туристік көпсайыс және спорттық құзға шығу
[7, б.б. 70-88]. 
Республикада жаяу жүру туризмі – өте тартымды туризм, себебі, 
оның табиғи әлеуеті бай. Қыртысы әртүрлі жер бедерлердің, шығыңқы 
құздардың, мөлдір-таза көлдердің, шағын өзендердің, қарағайлы орман 
мен ақ қайың қазықтарының өзара қиысуы – бұның бәрі Қазақстанға 
жергілікті және көрші елдердің туристерін тартады. Жаяу жүру туризмі 
барлық орталықтың болашағы мол бағыты болып саналады. 
Орталықтың әдіскерлері 1-ші және 2-ші дәрежелі күрделі жорықтарды 
құрып, сынайды, әр жыл сайын материалдық-техникалық база 
толықтырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет