Доклады казахской академии образования Ежеквартальный журнал издается с 2008 года



Pdf көрінісі
бет70/103
Дата23.10.2022
өлшемі2,64 Mb.
#45039
түріДоклад
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   103
Байланысты:
KAO-3-2020

білдіреді, ал «кон» сөзі «қону» мағынасында қолданылған) деп атапты. 
Аңыз бойынша Бөрі баланы осы жерде асырап алған екен. Жұмақ тектес 
бұл жер түркілерге құтты қоныс болып, осы жерде олар өсіп-өніп, төрт 
жүз жылдай мекендепті [4, 88-90 б.б.]. Бұл туралы Ә.Марғұлан: 
«Ергенокон алабы жан-жағынан биік таулар қоршап алған 
алқап,...мықты бекініс, іші толған байлық, шөбі, суы орасан көп. Бөрінің 
қаншығы осы арада бекініп, баладан он ұл көтереді. Соның бірі – ғұн 
ұрпағы Ашина. Түрік қағанатын бірінші рет басқарған ғұн ұрпағы Шене 
(бөрі) – ақылды, кемеңгер, ойшыл кісі болған»,- дейді [5, 8 б.]. Жоғарыда 
айтылған аңыз әңгімелерден Көк бөрі – бір тайпаның не бір елдің негізін 
қалаушы ілкі Анасы, ал ежелгі түріктер осы Көк Бөрінің ұрпағы деген 
наным-сенімді анық аңғаруымызға болады. Сөйтіп, ата-бабамыз қастер 
тұтқан Көк бөрі киелі, қасиетті аңға айналып, түркі халықтарының 
тотемі болған. Ежелгі түркілердің рухани-мәдени өмірінде ерекше орын 


259 
алатын бөрі тотемі мықтылық пен ерлікті паш ететін, ел мен жерді 
күзетуші күш болып саналады. Оғыздардың ежелгі «Қорқыт Ата 
кітабы» дастанында «Бөрі көрсең – жақсылық» деген сөз де бар. 
Құтылық қағанның әскери гвардиясы «бөрілер» деп аталған және 
олардың байрағында алтынмен зерленген бөрінің басы бейнеленіпті [6, 
51 б.]. Сондай-ақ қағанның ескерткіш кешенінде көкке ұлыған 
қасқырдың кейпін бейнелеген төрт бірдей бөрітас қойылған екен. 
Ал көне жазба Күлтегін жырында: 
Әкем Қағанның әскері бөрідей бопты, 
Жаулары қойдай бопты [4, 115 б.],- деп түркілердің әскерін бөріге 
теңеуі түркілік тотемнің бір белгісі іспетті. 
Оғыздардың көне жыры «Оғызнамеде» қағанды жеңісті 
жорықтарға бастайтын аң – көктен түскен көкжал (Сол жарық сәуледен 
көк шашты, көк жалды арлан қасқыр шыға келді де, Оғыз қағанға тіл 
қатты: «О, Оғыз! Сен Үрімге аттанып барасың, мен сені бастап 
жүрейін» деді. ..Бірнеше күннен соң көк жалды арлан бөрі тоқтады. 
Оғыз қаған да әскерімен тоқтады...[7, 106 б.]. Ежелгі қыпшақтардың 
да қорғаушы бабасы қасқыр болған. Жорыққа аттанар алдында 
қыпшақтар бөріден көмек тілеп, жалбарынған. Бұдан түйетініміз – 
бөрінің ата тектік қызмет атқарғандығы, яғни бабалар түсінігінде Көк 
бөрінің түркі халқын құтқарушы, оны әрқашан желеп-жебеуші ретіндегі 
киелі қызмет жасағандығы. Бабалар рухының Көк бөрі образы арқылы 
берілуі ұлттық санадағы тек-тамыр туралы ой-түсініктің беріктігін 
айғақтайды. 
Көк бөрі – ерлік пен қайсарлықтың, күштілік пен еркіндіктің 
символы. Сондықтан да ауыз әдебиеті шығармаларында хандар мен 
батырлардың ерлігі, батырлығы, қаһармандығы Көк бөріге теңестіріле 
суреттеледі. Мысалы, «Ер Тарғын» эпосындағы:
Келген қалмақ жолықты, 
Тарғын сынды бөріге... 
...Қойға кірді бір бөрі 
Бөріктіре қырады [8, 44-45 б.б.], - деген үзіндіде ержүрек Тарғын 
батырдың келбетін жауды қойша қырған «бөріге» ұқсатса, «Тама 
батыр» жырында: Азулы туған бөрі едім [9,392],- деп батыр өзін азулы, 
қайсар бөріге балайды. «Едіге батыр» жырында: Ашығып жүрген бөрі 
еді.. .[10,159 б.], «Көрұғлы» эпосында: Аш бөрідей бөріккен...
[11, 375 б.],- деп суреттеу арқылы батырларды ашыққан бөріге 
теңестіреді. Халық осылайша өз батырларының қайсарлығы мен ерлігін 
«бөрілік» қасиет арқылы көрсетуге тырысады. Батырлар жырында жиі 
кездесетін бөрі едім, бөрі еді, азулы бөрі, ашыққан бөрі, арлан бөрі т.б. 


260 
түріндегі тілдік қолданыстар қасқыр бейнесінің ұлттық санамыздағы 
тотемдік орнымен тікелей байланысты екендігінде.
Ақын-жыраулар поэзиясында да елдің рухын ояту мақсатында Көк 
бөрі ұғымы жиі қолданылған. Мәселен, Шалкиіз Тіленшіұлы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет