264
Адамдардың кесірінен жұбынан айырылған қасқыр оларға
кектенеді. Өзіне жасаған қатыгездігін ұмытпайды. Қалайда өш алудың
жолын іздейді. Ақыры қасқыр жұбын өлтірген адамдармен мұздың
үстінде кезедеседі. Қасқыр
адамдардан кек алмақ болғанда, «
қасқыр
шоңқайып отырған тоқымдай сең үлкен мұздан әп-сәтте іргесі
ажырап, ар қарай ығып» кете барады [24].
Бұл шығармадан біз түз тағысы – қасқырдың өзіне жасаған
жауыздықты қалайда қайтаруға тырысатын кекшілдігін көреміз.
Сондай-ақ түз тағысының болашақ ұрпағына деген сүйіспеншілігі сұр
қаншықтың аңнан қайтқан сайын бөлтіріктерін айналып, иіскеп, жалап,
болашақ жортуларға дайындамақ болған іс-әрекеттерінен де
аңғарылады.
Ш. Мұртазаның «Ай мен Айша» романындағы «Жалаңаш қасқыр»
үзіндісінде ханның бағында жайылып жүрген елікті қасқыр жеп кетеді.
Ханның нөкерлері арланның
аяқтарын қыл шыбырмен матап, аузын
қайыспен құрсаулап, ханның алдына әкеліп тастайды. Хан қасқырдың
терісін тірідей сыпыруды бұйырады. «
Тірі қасқырға пышақ салып,
терісін сыпырғанда, әлгі арлан бір қыңқ етпеді. Тек шоқ көздерінен
бірер тамшы жас шықса керек... Жанына жаман батса да артқы
аяқтарымен шоқшиып отыра қалып, алдыңғы екі аяғымен жер тіреп,
хан отырған таққа қарап қойып содан соң, қан толы көзін жұмып
Достарыңызбен бөлісу: