Оқулық «Білім беру және педагогика» мамандықтарының «Қарым-қатынас психологиясы»



Pdf көрінісі
бет134/297
Дата24.10.2022
өлшемі3,57 Mb.
#45110
түріОқулық
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   297
Байланысты:
Панфилова Қарым-қатынас-психологиясы.-Оқулық

145
 

тарау
 
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Ақыл ҥшін ең жемісті және табиғи жаттығу – әңгімелесу. 
Сӛз ҥйретеді және жаттықтырады. Менің кӛзқарасыма 
қайшы пайымдар мені балағаттамайды және 
жабырқатпайды, олар ақыл кҥшін қоздырады және тҥрткі 
болады.
М. Монтень
Негізгі мақсаттар:
■ 
Қатынасудың вербалды және вербалды емес қҧралдарын 
теориялық қарастыру;
■ 
Қатынасудың сӛйлеу қҧралдарына сипаттамалар беру;
■ 
Вербалды емес нысандар мен коммуникация тҥрлерін талдау;
■ 
Тыңдау техникалары мен тҥрлерін сипатату;
■ 
Тиімді тыңдау ережелерін қарастыру;
■ 
Оқырманға практикалық жаттығуларды орындай отырып, 
коммуникативтік дағдылар қалыптастыру мҥмкіндігін беру;
■ 
Коммуникативтік практикум мен ӛзін-ӛзі диагностикалауды іске 
асыруға ҥйрету.
Кілтті сӛздер:
Вербалды, вербалды емес қатынасу қҧралдары, денотация, 
мәнмәтін, коммуникативтік ниет, тыңдау, сыни, эмпатиялық
(эмпатия) рефлексивті емес, рефлексивті тыңдау; кинесика, 
такесика, 
паралингвистика, 
экстралингвистика, 
проксемика, 
алшақтау.
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ҚҦРАЛДАРЫ: 
ВЕРБАЛДЫ ЖӘНЕ ВЕРБАЛДЫ ЕМЕС 
Отандық психологияда, 1-тарауда аталып ӛткендей, қатынасу 
негізгі категория болып табылады. Қатынасу коммуникацияны, 
интеракцияны және перцепцияны қамтиды. Бҧл ҥш қҧрауыш ӛзара 
байланысты және қатынасудың жетекші, бейінді функциялары 


146
 
болып табылады.
Ӛзара әрекеттесу барысында ақпаратты жіберу және алу тек 
вербалды және вербалды емес белгілер жҥйесі арқылы ғана мҥмкін.
Вербалды коммуникация (лат. verbalis— ауызша) сӛйлеу және 
тыңдау арқылы іске асырылады.
Сӛйлеу қатынасудың коммуникативтік функциясын іске 
асырудың әмбебап қҧралы болып табылады. Ол қатынасу 
мағынасын барынша артық тҥсінуге және ақпаратты қабылдауға 
мҥмкіндік береді. Сӛйлеу арқасында ақпарат кодталады және коды 
ажыратылады, алайда оны дҧрыс тҥсіндіру сӛйлеуге ілесетін 
ауызша емес белгі жҥйелерін талдау кезінде ғана мҥмкін. Ол ой 
сӛздің тура мәніне ешқашан тең болмайтынына байланысты. 
Психологтар вербалды қҧралдар арқылы қатынасу барысында біз 
ақпараттың тек 20 — 30% беретінімізді және алатынымызды 
анықтады. Қалған коммуникация вербалды емес қҧралдар арқылы 
іске асырылады: ақпараттың 52 % дене қимылдарын, тҧрған 
тҧрысты және бет қимылын «оқу» арқылы, ал 38 % — сӛйлеуге 
байланысты сигналдар арқылы (дауыс ырғағы, тембрі және 
басқалар) аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет