Пәні бойынша ОҚу- әдістемелік кешені



Pdf көрінісі
бет64/162
Дата24.10.2022
өлшемі0,99 Mb.
#45184
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   162
Меншікті тамырлы қабық - тамырлы қабықтың ең үлкен артқы бөлігі болып саналады. Ол
ақ қабықтынң астында тұтас жатады. Бұл қабық өте қан такмырлы келеді. Қоңыр түс беретін
пигментті клеткалары болады.
Торлы қабық - көз алмасының ішкі жағын астарлап жатқан қабық. Бұл құрылысы жағынан
өте күрделі түзілген. Сыртқы бетінен тамырлы қабыққа, ішкі бетінен қоймалжын келген
шынылы денеге шектесіп жатады, торлы қабық артқы және алдыңғы бөліктерден түзілген.
Артқы бөлігі көру бөлігі деп аталады. Бұл бөлімі микроскоппен ғана көрінетін 10 қабақтан
түзілген. Егер сыртқа қарай атайтын болсақ, олар мыналар: 1. Ішкі шекаралық пластинка
(шынылы денеге шектесіп жатады), 2. Көру нерв қабаты, 3. Түйінді мультиполярлы
клеткалар қабаты, 4. Ішкі талшықты қабат, 5. Ішкі дәнді қабат, 6. Сыцртқы талшықты қабат,
7. Сыртқы дәнді қабат, 8. Сыртқы шекаралық пластинка, 9. Нерв-эпительялды клетка қабаты
(торлы қабаттың түсті және жарықты ажырататын элементтерді), таяқшылармен мен
сауытшылардан түзелген, 10.пигментті қабатты (торлы қабықтың ішкі бетіне жабысып
орналасқан).
Таяқшалар мен сауытшалар сезімтал нерв ұштары (рецепторлары) болып саналады. Олар
көру процесін атқарады. Таяқшылардың саны 9 миллионға дейін жетеді. Сауытшалар
күндізгі күшті сәулеге ғана тітіркенсе, таяқшылар әлсіз жарықпен тітіркеніп қараңғыда көру
қызметін атқарады. Сауытшалар тор қабықтың орта бөлігінде, ал таяқшалар екі бүйірінде
орналасады. 
Тор қабықтың артқы бөлігінде көру нервісінің шоғыры жатады. Бұл шоғыр тор қабықтың
түйінді клеткалар талшықтарының жинағынан түзелген. Олар көз алмасының артқы
жағында көру нервісінің сабағын түзеді. Осы көру нервісінің көз алмасынан басталар
жерінде көру сезім элементтері болмайтындықтан «соқыр нүкте» (слепое пятно) деп
аталады. Ал осы соқыр нүктенің сыртқы жағында көз қарашығының тура тұсында
сауытшалардың жиынтығынан түзелген «сары нүкте» (желтое пятно) жатады. Бұл нүкте
көздің көргіш жері болып саналады. Сол себептен айналадағы бейнелерді жақсы көру үшін,
олар көз осі арқылы сары нүктенің орталық ойысына дәл келуі керек. Көз алмасының ішкі
ортасы көз бұршағы мен қоймалжың келген шыны тәрізді денеден түзелген. Сонымен қатар
кірпікті дененің ет талшықтарының жиырылуы нәтижесінде көз бұршағының қалыңдығы
өзгеріп, көздің әр түрлі қашықтықта жатқан заттарды көруіне себеп болады.Көз
бұршағының әр түрлі қашықтықтағы заттарды көруіне икемделуін «аккомодация» деп
атайды. Жас ұлғайған сайын көз бұршағының жалпы тығыздығы артып көздің көру қабілеті
нашарлайды.


Көз (көз алмасы)- мөлдір келген қоймалжың затқа толы келеді. Оны әрі түссіз, әрі сәуле
өткізгіштігіне байланысты «шыны тәрізді дене» (стекловидное тело)деп атайды. Онда қан
тамырлары мен нерв талшықтары болмайды. Шыны тәрізді дене көздің ішкі торлы
қабығына тие жатады. Оның алдыңғы жағында көз бұршағы орналасқан.
Көздің алдыңғы полюсінде алдыңғы және артқы камералары жатады. Олар мөлдір толы
келеді. Осы мөлдір сұйықтықтар мен көз бұршағы және шыны тәрізді дене сәуле
сындырғыш қасиеті бар орталықтар болып саналады. 
Көздің алдыңғы камерасы талшықты қабықтың ішкі жағында жатқан кеңістік болса, артқы
камерасы нұрлы қабықпен көз бұршағының бетін ылғалдап тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет