сырт жағын жауып, нерв қабығын түзеді. Талшықты қабық пен ақ қабықтың қосылар
жерінде көз алмасының вена қаны өтетін тамыр кеңістігі жатады.
Тамырлы қабық - талшықты қабықтың астында жатқан, көз алмасының ортаңғы қабығы
болып саналады. Ол құрылысы жағынан бір-біріне тең емес үш бөліктен алдыңғы-нұрлы,
ортаңғы-кірпікті дене, артқы-меншікті тамырлы қабықтан тұрады.
Нұрлы қабық -тамырлы қабықтың алдыңғы бөлігі болып саналады. Нұрлы қабықтың
ортаңғы тесігін «қаршық» деп атайды. Бұл қабықтың артқы жақ жиегі кірпікті денемен
шектелсе, алдыңғы жиегі көздің қарашық тесігін коршап жатады.
Нұрлы
қабықтың
дәнекер тканьді негізінде пигменті клеткалар, тамырлар және бірыңғай саласы ет тканьдері
орналасқан. Қөздің түсінің әр түрлі болуы, осы пигментті клеткалардың мөлшеріне және
орналасу тереңдігіне байланысты келеді. Сол себептен, көздің түсі, қара-қоңыр түстен,
ашык-көгілдірге дейін болады. Ол нұрлы қабықтың мөлдір болуынан астыңғы қабықтағы
тамырлардың көрініп тұруына байланысты.
Нұрлы қабықтың ет талшықтары екі бағытта
орналасқан. Дөңгелек(сақиналы бағытта) жатқан талшықтары қарашық тесігін тарылтса,
сәулелі талшықтары көз қарашығын кеңейтеді. Осының нәтижесінде нұрлы қабықтың ет
талшықтары көзге түсетін жарық сәулесін реттеп отырады.
Кірпікті дене – тамырлы қабықтың ортаңғы бөлігі, пішіні сақина тәрізді. Оның артқы жиегі
меншікті тамырлы қабыққа жалғасса, алдыңғы жиегі шатыраш қабыққа көшеді. Ішкі бетінде
70 шақты кірпікті өсінділері орналасқан. Олардан басталған жіңішке серпінді талшықтар көз
бұршағын ұстап тұратын белдеу түзеді. Кірпікті дененің сыртқы қабатын бірыңғай салалы
ет ткані түзеді. Бұл еттер не жиырылып, не босап, көз бұршағының пішінін өзгертіп, көздің
көруін икемдеп тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: