Пәні бойынша ОҚу- әдістемелік кешені


Көру органының қосымша аппараттары



Pdf көрінісі
бет65/162
Дата24.10.2022
өлшемі0,99 Mb.
#45184
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   162
Көру органының қосымша аппараттары. Көру органының қосымша аппараттарына көз
алмасынқимылға келтіріп көзді қорғап тұратын құрылыстар жатады. 
Көздің қорғаныш аппаратына қабақ, кірпік жәнекөз жасының безі жатады. Қабақ жоғарғы
және төменгі болып екіге бөлінеді. Олар көз алмасының алдыңғы жағын ашып-жауып
тұратын, тері қатпарларынан түзілген. Жоғарғы қабақ төменгіге қарағанда қимылды келеді.
Оның жоғарғы жағында қас доғасы жатады. Қас маңдайдан аққан тердің т.б. заттардың көзге
түспеуінен сақтайды. Жоғарғы және төменгі қабақтардың жиектерінде кірпіктер орналасқан.
Олар көзді шаң-тозаңнан сақтап тұрады. Қабақтардың сыртқы терімен, іші қызыл түсті
кілегей қабықшамен жабылған. Кілегей қабықшасы көз алмасының талшықты қабығының
бетіне жалғасып жатады. Оны жалпы «коньюнктив» деп атайды.
Коньюнктив қабықшасы ішкі жағынан, көз алмасының бетіне көшер жерінде
коньюнктив қалташығын түзеді. Бұл қалташық ылғалданып, қабақты жауып- ашқанда көз
бетін жуып тұрады. 
Көз бұлығы органдары. Екі қабықтың біріккен жерін көз бұрышы деп атайды, оның
кеңірек келген ішкі бұрышын «көз бұлағы» дейді. Оның түбінде ет өсіндісі жатады. Ал әрбір
қабақ жиегінде нүктелер болады. Олар жас түтікшелерінің ашылатын тесіктері. Осы
тесікшелерден шыққан сұйықтық (көз жасы) көз бетін ылғалдап, түскен шаң-тозаңдарды
жоғарыдан төмен қарай жуып отырады. Көз жасы көздің көз бұлағына жиналады. Оның
жоғарғы және төменгі жағында қос тесікшелер жатады. Бұл тесікшелер жас түтікшелерінің
басталар жері болып саналып олар жас қапшығына ашылады. Ал жас қапшығы мұрынның
төменгі ауа жолын ашылатын каналына жалғасады. Сонымен, көз жасы көзді жуып
тұруымен бірге мұрын қуысынан да ылғалдап тұрады. 
Көз жасын көз жасының бездері бөліп тұрады, олар маңдай сүйегінің көз шарасына қараған
бөлігін сыртқы-жоғарғы ойысында жатады, оның 10 шақты түтікшесі жоғарғы қабақ
жиегінде ашылады. 
Көздің бұлшық еттерінің көз алмасын қимылға келтіріп тұратын еттері болады, олардың
төртеуін тік, екеуін қиғаш еттер деп аталады.
Тік еттері - көз шарасының түбіндегі шеңберлі сіңірден басталып, көз алмасының төрт
жағынан ортаңғы белдеуіне (экваторына ) тіркеледі. Бұл еттерге жоғарғы төменгі, ішкі
сыртқы тік еттері жатады. Олар жиырылғанда көз алмасын жоғарғы, төмен , ішке, сыртқа
қимылдатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет