1. Моносахаридтер немесе қарапайым қанттар. Олар суда жақсы
ериді, гидролизденбейді, оларға: глюкоза, фруктоза, манноза, галактоза,
рибоза және т.б. жатады.
2. Олигосахаридтер. Олар гидролизденіп екі не оданда көп (онға
дейін) моносахаридтер түзеді. Егер ыдыраған кезде екі моносахаридтер
түзсе, оларды дисахаридтер деп атайды. Оларға жататындар: сахароза,
лактоза, мальтоза, целлобиоза. Ал, рафиноза олигосахарид, үш
моносахаридтер қалдықтарынан тұрады (глюкоза, галактоза, фруктоза).
3. Полисахаридтер. Олар молекулалық салмақтары жоғары күрделі
заттар, құрамында бірнеше ондаған, мыңдаған моносахаридтердің
қалдықтары бар.
Моносахаридтер
Көмірсулардың ішіндегі ең қарапайымы. Оларды көп атомды
спирттердің
туындылары
ретінде
қарастыруға
болады.
Моносахаридтердің өздерін кұрамындағы көміртегі атомының санына
қарай топтастырады: триозалар, тетрозалар, пентозалар, гексозалар,
гептозалар, октозалар т.б. немесе құрамындағы альдегид не кетон
топтарына байланысты альдозалар, кетозалар деп ажыратады.
Химиялық табиғатына карай барлық моносахаридтер: нейтральді
(құрамында карбонил тобы мен спирттік топ бар), кышқылды
(көрсетілген екі топтан басқа тағы да карбоксил тобы бар),
аминқанттар (карбонил мен спирт топтарынан басқа, құрамында амин
тобы болады) деп бөледі. Кейбір көмірсулар кұрамында жоғарыда
көрсетілген топтардың (карбоксил, спирттік, қышқылдық және
аминтоптары) барлығы да бар. Мысалы нейрамин қышқылы.
Моносахаридтерді көп атомды спирттердің туындылары ретінде
қарастыруға болады. Мысалы: үш атомды спирт глицериннің бірінші
спирттік тобы тотықса альдозаға жататын глицерин альдегиді, ал екінші
спирттік тобы тотықса кетозаға жататын диоксиацетон шығады.Сол
сияқты көп атомды спирттер тотыққанда сәйкес не альдозалар, не
кетозалар түзіледі. Моносахаридтердің ішінде көп тараған глюкоза мен
фруктоза алты атомды спирт сорбиттің тотығуынан шығады.
Моносахаридтер құрамында ассиметриялы көміртегі атомы бар,
сондықтанда олардың стереоизомерлері болады. Олар бір-бірінен
физикалық және химиялық қасиеттері жағынан ерекшеленеді. Мысалы:
өте қарапайым моносахарид глицерин альдегидінде бір ғана
ассиметриялык көміртегі атомы бар. Бұл заттың үш түрі бар, біреуі
полярланған сәулені оңға бұрады, екіншісі солға бұрады, ал үшіншісі
оптикалық активсіз (50% оңға бұратын изомері, 50% солға бұратын
изомері бар), оларды рацемат деп атайды. Әp стереоизомерді
құрамындағы атом топтарының кеңістікте орналасуына байланысты D
және L катарға жатқызады. Басқа да заттардың стереоизомерінің
кеңістікте пішінін анықтау үшін салыстырмалы түрде глицерин
альдегидіндегі атом топтарының кеңістікте орналасуы негізге алынған.
Мысалы , D- глицеринде ОН тобы ассиметриялық С атомының оң
жағына орналасқан. Ал L глицеринде ол топ сол жағына орналасқан.
Қорыта айтқанда , спирттік топқа (СH
2
ОН) жанаса жатқан -ОН
тобының кеңістікте орналасуы глицерин альдегидіне ұқсас болса,
олардың D немесе L қатарына жатуы соған сәйкес анықталады. Сілтілік
ертіндіде моносахаридтер өзара бір-біріне айнала алады. Мысалы:
глюкоза ертіндісіне Ва(ОН)
2
немесе Са(ОН)
2
құйса, біраз уақыттан
кейін, ертіндіде глюкозадан басқа фруктозалар мен маннозалар пайда
болады. Организмде мұндай өзгерістер ферменттердің қатысуымен
жүреді.
Судағы ертіндісінде моносахаридтердің өзіндік айналу бұрышы
өзгереді. Бұл құбылысты мутаротация деп атайды және ол
моносахаридтердің әртүрлі түрінің болуымен түсіндіріледі, яғни ациклді
(сақинасыз, ашық түрі) және циклді (сақиналы) түрлері. Сақиналы түрі
молекула
ішілік
реакция
аркылы
жүзеге
асады.Басқа
да
моносахаридтердің осындай түрлері бар. Көңіл аударатын жағдай
глюкоза пиранозалық түрінде, ал фруктоза фуранозалық түрінде
кездеседі.
Моносахаридтер сақиналы түріне көшкенде ассиметриялы
көміртегі атомының саны біреуге өседі, глюкозада бірінші көміртегі
атомы, ал фруктозада екінші көміртегі атомы
ассиметрияланады. Сол көміртегі атомымен байланысқан ОH тобы
гликозидтік немесе жартылай ацетальдық топ деп аталады. Бұл топ
химиялық активті. Осы топ арқылы моносахаридтер бір-бірімен
байланысады немесе басқа қосылыстармен реакцияға түседі.
Гликозидтік
гидроксильдің
орналасуына
қарай
сақиналы
моносахаридтердің α және β түрлері ажыратылады. Организмдегі α-
және β -гликозидтерінің (туындылары) ферменттердің әсеріне ұшырауы
әрқилы. Мысалы, α- түріне әсер ететін ферменттер сол гликозидтің β-
түріне әсер етпейді. Гликозидтер табиғатта кең тараған және де олардың
құрамындағы көмірсуға жатпайтын бөлігінің табиғаты әрқилы болады.
Барлық моносахаридтер тотығу-тотықсыздану реакцияларына түседі.
Тотықсызданғанда
моносахаридтер өздеріне сәйкес спирттерге
айналады. Моносахаридтер тотығып әртүрлі қышқылдар түзеді.
Мысалы: глюкозадан тотығу жағдайына байланысты глюкон
қышқылы (бірінші альдегидтік топ тотығады), глюкурон қышқылы
(бірінші спирттік топ тотығады) және альдозалар қышқылдары
(альдегидтік және спирттік топтың екеуі де тотығады) түзіледі.
Моносахаридтер метоболизмге өздерінің фосфоэфирлік (глюкоза-6-
фосфат) түрінде белсене қатысады. Моносахаридтердің әлсіз
тотықтырғыштарымен (мыс немесе висмут тотықтарының сілтідегі
ерітіндісі) тотығуы олардың мөлшерін анықтау үшін қолданылады.
Әсіресе мыс тотығының сілтідегі ерітіндісі – Фелинг реактиві осы үшін
жиі пайдаланылады. Моносахаридтермен қатар осы Бертран әдісін
тотығатын басқа да көмірсуларды анықтауға қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |