Сабақ Тақырыбы: Көмірсулар алмасуы. Анаэробты гликолиз. Кори циклы



Pdf көрінісі
бет4/19
Дата25.10.2022
өлшемі0,98 Mb.
#45260
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
 
Полисахаридтер 
 
Көмірсулардың ішінде табиғатта көп тарағаны, молекулалық 
салмақтары 
жоғары 
органикалық 
қосылыстар. 
Құрамындағы 
моносахаридтердің табиғатына байланысты оларды гомо және 
гетерополисахаридтер деп екі топқа бөледі. Бірінші топтағы 
полисахаридтер бір тектес моносахаридтерден тұрса, екінші топқа 
жататындар 
әр 
тектес 
(химиялық 
құрамы 
жағынан 
әртүрлі) 
моносахаридтерден тұрады. Өсімдіктерде кең тараған полисахаридтер - 
крахмал тек қана көптеген глюкоза қалдықтарынан тұрса, гемицеллюлоза 
деген полисахарид өсімдік клеткаларының қабығындағы целлюлоза 
талшықтарын 
бекітіп 
тұратын 
матрикстің 
негізгі 
компоненті, 
гидролиздегенде манноза, галактоза, арабиноза, ксилоза, глюкоза сияқты 
әртүрлі моносахаридтерге ыдырайды. Полисахаридтер суда ерімейді, 
ерісе каллоидты ерітінді түзеді, оларды ұлпалардан бөліп алу жоғарыдағы 
көмірсуларға 
қарағанда 
қиындау.Олар 
тотығу-тотықсыздану 
реакцияларына түспейді. Полисахаридтердің өкілдері: крахмал-өсімдік 
қанты, инсулин, гемицеллюлоза, пектин заттары, камедь, хитин, агар-
агар, лихенин- қыналардағы полисахаридтер т.б. 
Өсімдіктерден негізгі полисахарид-крахмал. Оның өзі екі 
полисахаридтен тұрады, біреуі амилоза, екіншісі амилопектин. Олар бір-
бірінен молекуласындағы глюкозалардың байланыстары арқылы ажырай 
отырып біреуі (амилоза) тармақталмаған ұзын тізбек болса, ал екіншісінің 
(амилопектин) молекуласы тармақталған.Амилоза мен амилопектин бір-
бірінен қасиеттері жағынан ерекшеленеді. Амилозаның молекулалық 
салмағы төмендеу, еріп қоймалжың ерітінді береді, иодпен әсер еткенде 
көк түске боялады. Амилопектиннің молекулалык салмағы амилозаға 
қарағанда әлдеқайда жоғары, суда ерімейді, иодпен әсер еткенде қызыл-


күлгін түске боялады. Крахмалды ферменттермен (амилазалар) немесе 
қышқылдармен (H
2
SO
4
) гидролизденгенде алдымен бірнеше аралық 
заттар түзіледі, атап айқанда - декстриндер. Олардың молекулалық 
массалары әртүрлі, иодпен түрлі түске боялады.
1.Амилодекстриндер иодпен көк күлгін түске боялады .
2.Эритродекстриндер иодпеп қызыл-қоңыр түс береді.
3.Ахродекстриндср иодпен қызғылт түске боялады. 
4. Мальтодекстриндер иодпен боялмайды. 
Декстриндерден кейін мальтозаларға, ал соңғысы глюкозаларға 
ыдырайды. Жануарларда қор ретінде жиналатын полисахарид- гликоген. 
Гликоген негізінен бауырда (10%), бұлшық етте (0,5%) ал басқа ұлпаларда аз 
мөлшерде кездеседі. Құрамы және құрылысы жағынан крахмалға ұқсас. 
Оның құрамындағы глюкозалар крахмал молекуласындағыдай 1-4 және 1-6 
жағдайында гликозидтік байланыспен байланысқан (1-сурет). Крахмалдан 
айырмашылығы молекуласының тармақталуы жиіленген. Қышқыл немесе 
ферментпен гидролизденгенде алдымен декстриндер, соңында глюкозаларға 
ыдырайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет