3.
Метаболикалық – көмірсулардан басқа қосылыстар – липидтер
,
аминқышқылдары
т.б. синтезделе алады.
4.
Қорғаныштық – глюкурон қышқылы улы заттарды усыздандыруға
қатысады. Гиалурон қышқылы токсиндерді және бөгде заттарды
усыздандыруға қатысады, ал гепарин қанның ұюына қарсы жүйеде маңызды
рөл атқарады.
5.
Рецепторлық – гликопротеиндер және гликолепидтердің құрамында
көмірсулар болады.
6.
Реттеуші – кейбір гормондардың құрамында көмірсулар кездеседі.
Гликозамингликандар клетка аралық матрикстің негізгі құрам бөлігі
болып есептеледі. Катаболизм гликозаның өнімдері үшацилглицерид,
холестерол, кейбір аминқышқылдары синтезінің субстраты ретінде
пайдаланылады.
Организмдегі маңызды көмірсулардың өкілі – глюкоза,ол тағам
көмірсулары құрамында ағзаға түседі, десекте глюкозаны кейбір амин
қышқылдарынан, глицеролдан, сүт қышқылынан синтездеп алуға болады.
Көмірсулардың тәуліктік қажетті мөлшері 400-500 гр. құрайды. Тағамдық
көмірсудың негізгілерінің – крахмал, ол нанның, картоптың, ұннан жасалған
тағамдардың
құрамында
көп
кездеседі.
Крахмал
тармақталған
гомополисахарид,молекуласы глюкоза қалдықтарынан құралған. Крахмал
молекуласының құрамында болатын амилоза тізбегіндегі глюкоза
қалдықтары 1,4- 0- гликозидті байланыс арқылы жалғасқан, ал
амилопектиннің тармақталған тізбегінде глюкоза қалдықтары 1,4-0-
гликозидті және 1,6 – 0-гликозидті байланыстармен жалғасқан.
Сүт тағамдары құрамында лактоза кездеседі. Ол 1,4-0- гликозидті
байланыспен жалғасқан және 1 молекула глюкоза, 1 молекула галактозадан
тұрады. Жеміс - жидектерде сахароза болады. Ол глюкоза мен фруктозадан
құралған, бұлар 1,2 – 0- гликозидті байланыспен жалғасқан.
Достарыңызбен бөлісу: