Динаева б. Б., Сапина с. М



Pdf көрінісі
бет30/119
Дата26.10.2022
өлшемі5,44 Mb.
#45403
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   119
Практикалық тапсырма
1) 
«Қазақ тіліндегі өлшем (үзындық, көлем, салмақ, 
уақыт) 
мағыналы 
фразеологизмдердің 
улттық 
танымдық ерекшеліктері» тақырыбына «Қазақ тіл 
нің фразеологиялық сөздігінен» тілдік материалдар 
жинап, карточка қурастырыңыз.
2-тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1. 
Ғылыми-зерттеу 
жұмысының 
мақсаты 
қалай 
анықталады?
2. 
Ғылыми жұмыс тақырыбын таңдау кезінде нені 
басшылыққа алу керек?
3. 
Ғылыми жұмыстың міндеттері қалай анықталады?
4. 
Ғылыми тақырыптың өзектілігі деген не? 
б.Жоспар құрудың маңыздылығын түсіндіріңіз.
6.Ғылыми жұмысқа материал жинау не үшін қажет?
7. 
Материал жинауды неден бастаған дұрыс? Неге?
Студенттің өздік жұмысына (СӨЖ) тапсырма
«Интернеттен төмендегі тақырыптар бойынша 
ғылыми журналдарда, конференция материалдары 
жинақгарыңца соңғы 5 жылда жарық көрген 
материалдарды (ғылыми мақала, баяндама) жинақтап, 
тақырыптың өзектілігін жазыңыз:
1. Қазақ хаңцығының құрылғанына 550 жыл.
2. Латын әліпбиіне көшудің басымдықтары.
3. Көптілділік - бүгінгі күннің тапабы.
38


3-тақырып. ЗЕРТТЕУ Ж¥МЫСЫНЫҢ 
ЖАЗЫЛУЫ МЕН РЕСІМДЕЛУ ТӘРТІБІ
3.1 Зерттеу жұмысының кіріспе және 
қорытынды бөлімінде не жазу керек?
Зерттеу тақырыбыңызды, басты мәселеңізді анықтап, 
жоспар құрып, материал жинақтап алдыңыз. Енді жұмыстың 
өзін жазуға кешейік. Негізгі мәтінді кіріспе бөлімнен 
бастайсыз. Кіріспе сіздің зерттеуіңіздің бағдарламасы 
іспетті болады, яғни бұл бөлімде зерттеу тақырыбының 
өзектілігі, тақырып аясының шегі, зерттеудің басты мәселесі, мақсаты
мен міндеттері, қорғауға ұсынылатын тұжырымдарыңыз, ғылыми
жаңалығыңыз, зерттеу жұмысында қолданылған ғылыми әдістер, еңбектің 
теориялық және практикалық құндылығы, зерттеудің сынақтан өтуі (егер 
болса), күтілетін нәтижелер, жұмыстың құрылымы жазылады.
Қорытынды бөлімде зерттеудің негізгі бөлімінде айтылған ойлардың 
жиынтық тұжырымдары көрсетілуі тиіс, яғни осы жұмысты орындау 
барысында қандай нәтижелерге қол жеткіздіңіз, нені дәлелдедіңіз, сіздің 
ойыңызша, қандай пікір оң, қай пікір теріс, оған қалай көз жеткіздіңіз, 
дәйектемелеріңіз қандай және т.б. сұрақтарға жауап беруіңіз керек. 
Жалпы тұжырымдар мен шешімдерден кейін сіз зерттеу жазып отырған 
саланың болашақтағы даму жолдарын көрсетуіңізге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет