“
- өзіңіздің көзқарасыңызды немесе
идеяңызды қолдайтын немесе
оған қарсы дәйектемелер табасыз;
- осы арқылы өзіңізде жаңа идеялар туындағанын байқайсыз;
- сіздің жумысыңыз үшін пайдалы болуы мүмкін
сұрақтарды,
мәселелерді жинайсыз.
Осы жерде басты ескерте кететін жағдай мынау: жазбалар жасау
кезінде міндетті түрде дереккөз туралы ақпаратты жазып алу қажет,
себебі кейін оны дәйексөз ретінде қолданасыз немесе сілтеме жасайсыз,
не басқаша түрде пайдаланасыз. Ол, әдетте, мынадай түрде жасалады:
«Тәмсіл сөздерге белгілі бір аңыз, ертегі, тарихи оқиғаға байланысты
шығарылған астарлы мағынасы бар тілдік бірліктерді жатқызамыз».
Б.Б. Динаева. Қазақ мақал-мәтелдерінің прагма-когнитивтік аспектісі.
Монография. - Астана, 2013. 31-6. Барлығы 218 бет». Егер мұны
жасамасаңыз, плагиатпен айналысқан боласыз.
Достарыңызбен бөлісу: